evision-corporate-image
about-almaty

Деканның құттықтауы

Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттік мәселелер бойынша қолдау қызметі:

Камила Мусина, бағдарлама үйлестірушісі
Email: css_coordinator@kimep.kz
Тел.: +7 (708) 839 68 04


“Қымбатты достар!,

Сіздерді КИМЭП Университеті әлеуметтік ғылымдар факультетінің төрт кафедрасы құрметпен қарсы алады!

Экономика, халықаралық қатынастар және аймақтану, мемлекеттік басқару, медиа және коммуникация кафедралары біздің университетіміздің нағыз ынталандырушы және интеллектуалды күрделі бағдарламаларын ұсынады.

Аталмыш бағдарламалар студенттерді қаржы, экономикалық даму, саясат, халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат, журналистика және әлеуметпен байланыстар саласындағы басшылық лауазымдар мен табысты мансапқа дайындайды.

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы Қазақстанда бірегей, өйткені мұнда ең таңдаулы қазақстандық ғалымдар мен басқа көптеген елден келген профессорлар жұмыс істейді. Олар біздің студенттерімізге еңбек нарығына шығу кезінде табысқа жетулеріне көмектесетін басқа еш жерден ала алмайтын халықаралық перспективаны ұсынады.

Егер бірінші дәрежелі халықаралық білім алғыңыз келсе, серпінді білімдік ортада оқығыңыз келсе немесе жергілікті және халықаралық қоғамдастыққа елеулі үлес қосқыңыз келсе, әлеуметтік ғылымдар факультетінің кез келген бағдарламасына түсіңіз.

Д-р Геральд Пек



ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ТУРАЛЫ

Әлеуметтік ғылымдар факультетінде шамамен 1 000 шақты студент оқиды, ал, төрт кафедрада – экономика, халықаралық қатынастар және аймақтану, мемлекеттік басқару, медиа және коммуникация кафедраларында жұмыс істейтін 40 шақты оқытушы бар. Кафедралардың әрқайсысы өз маманданулары саласындағы бакалавр және магистр дәрежелерін ұсынады. Студенттер екі негізгі міндетті жүзеге асыру үшін біздің бағдарламаларымызға түседі деген сенімдеміз, демек:
– өз мансабын нығайту, ол өзіне жақсы әрі сенімді табыс көзін әкеледі, өз жұмысына қанағаттанушылық деңгейін көтереді және әлеуметтік мәртебесін арттырады;
– университетте оқу тәжірибесін алу, ол сонымен қатар келесі талаптар үшін жеке даму контексінде пайдалы болып табылады, яғни:
– жеке тұлғаның қалыптасуы (өзі туралы маңызды білімге және адамдармен өзара әрекетке ықпал етуші қарым-қатынастар мен құндылықтарды, білімді сыни бағалау мүмкіндігіне ие бола отырып);
– шетелде әлеуетті жоғары оқу орнынан кейінгі оқу (нақты пән талап еткен білімге, сыни ойлау және оқу дағдыларына, табысқа жету үшін қажетті тұлғааралық, коммуникативтік және зерттеушілік дағдыларға ие бола отырып);
– білімді азамат ретінде қалыптасу (қоршаған жағдайлар туралы терең білімге ие бола отырып).

Әлеуметтік ғылымдар факультеті әлемдік деңгейдегі білімді береді, оған біздің факультетіміздің кафедраларын халықаралық тану куә:
– Мемлекеттік басқару кафедрасы Австрия сапаны қамтамасыз ету агенттігінің (AQAAA) және Мемлекеттік басқару саласындағы еуропалық аккредиттеу ассоциациясының (EAPAA) халықаралық стандарттарына сәйкес аккредиттелген.
– Медиа және коммуникация кафедрасы Америка коммуникациялар ассоциациясынан аккредитация алды және осы кафедраны еуропалық стандарттарға сәйкес Австрия сапаны қамтамасыз ету агенттігі (AQAAA) аккредиттеді.
– Халықаралық қатынастар және аймақтану кафедрасын еуропалық стандарттарға сәйкес Австрия сапаны қамтамасыз ету агенттігі (AQAAA) аккредиттеді. Сонымен қатар кафедраның жоғары сапа стандарттарын тану КИМЭП Университетінің халықаралық қатынастар магистратурасы мен Глазго Университетінің (Ұлыбритания) Ресей, Орталық және Шығыс Еуропаны зерттеу саласындағы халықаралық магистратурасының арасындағы қос диплом бағдарламасымен де сипатталады.
– Экономика кафедрасын еуропалық стандарттарға сәйкес Австрия сапаны қамтамасыз ету агенттігі (AQAAA) аккредиттеді. Сонымен қатар кафедраның жоғары сапа стандарттарын тану КИМЭП Университетінің экономика саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистратурасы мен Гумбольдт Университетінің (Германия) экономика және менеджмент магистратурасының арасындағы қос диплом бағдарламасымен де сипатталады.

Осылайша, біздің студенттеріміз бағдарламалардың халықаралық білімдік қоғамдастықтан бағасын алып, жоғары деңгейдегі тануға ие болғанын біле отырып, өзінің таңдаған мамандығын ала алады. Бұл жергілікті еңбек нарығында алған дипломына маңыздылық беріп, келешекте шетелде оқуын жеңілдетеді.

Алынған нәтижелерге мақтана отырып, біз әлі де болса көп нәрсеге қол жеткіземіз деп есептейміз. Сол себепті біз бакалаврлар үшін де, магистрлер үшін де жаңа қос диплом бағдарламасын ашу мақсатымен әр түрлі еуропалық және американдық университеттермен қызметтік байланыста боламыз. Сонымен қатар біз студенттерді бірінші дәрежелі бағдарламалармен қамтамасыз ету және олардың болашақ мансабын дамытуға көмектесу үшін әрбір кафедрада консультативтік кеңестер құрамыз.

Біздің КИМЭП-тің миссиясына қосар үлесіміз оқу аясынан шығып, зерттеу мен ғылыми жұмысқа таралатынын жете түсінеміз. Зерттеулер біз үшін маңызды, өйткені оқыту, жекелеп алғанда, бакалавриат және магистратураның жоғары курстарында оқыту зерттеулер мен ғылыми қызмет есебінен ақпараттандырылған және байытылған болуы тиіс. Факультетте маңызды да ширақ белсенді зерттеушілер тобы бар, олардың көпшілігі құрметті профессорларды қоса алғанда халықаралық деңгейдегі дәрежеге ие болған. Сондай-ақ көптеген магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Факультеттің зерттеулері мен ғылыми қызметіне бағыт беру үшін екі академиялық ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.
– Орталық Азияны зерттеу орталығы http://www.casc.kz
– БАҚ және қоғамды Орталықазиялық зерттеу орталығы

Осылайша, әлеуметтік ғылымдар факультеті:
– инновациялық бағдарламаларды;
– ең жоғары сапада оқытуды;
– тұлғалық бағдарлы оқуды;
– ғылыми зерттеулермен қозғалысқа келетін академиялық ортаны ұсынуға міндеттенеді.

Декан офисі:

Д-р Геральд Пек, PhD
Декан /Ассистант-профессор

gpech@kimep.kz
Офис №505, Уәлиханов ғимараты
Тел.: +7 (727) 270-43-49 (ішкі нөмірі 3274)
Факс: +7 (727) 270-43-44
Тел.: +7 (727) 270 42 46 ішкі нөмірі 3007
Офис № 503 / Уәлиханов ғимараты

Факультетiн Миссия

Мақсаттар тұжырымдамасы

Факультет қоғамды, оның құрылымын, оның мемлекет пен нарыққа, қоғамда ақпарат тарату үшін пайдаланылатын құралдарға қарым-қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Өзінің мақсаттарын орындау үшін факультет келесі міндеттерді орындауға сенім артады:
– Жаңа Қазақстанда ақпарат құралдарын қоса алғанда, мемлекеттік және жеке меншік салаларда болашақ көшбасшы болуға қабілетті және ағылшын тілінде әлеуметтік ғылымдар магистратурасында оқу үшін дайындығы жақсы, өз еркі өзінде, жоғары білікті сыни ойлай алатын адамдарды даярлау;
– Жалпы алғанда Қазақстанда және Орталық Азияда өмірді жақсарту үшін қолданбалы және академиялық ғылыми зерттеулерді жүргізу , оны тарату; сонымен қатар:
– Біздің түлектеріміздің көмегімен демократиялық басқару, мықты азаматтық қоғам, аймақта парасатты заңдар мен әділетті құқық тәртібінің негіздерін нығайтуға үлес қосу.

Миссиясы

Біздің түбегейлі мақсатымыз – Орталық Азияда және бүкіл дүние жүзінде шекара деген ұғымды қолданбайтын түлектеріміздің көмегімен Қазақстанда азаматтық қоғамды құруға жәрдем көрсету. Біз тек материалдық қана емес, мәдени өмір деңгейін көтеруге ат салыса отырып, аймақта әлеуметтік және саяси ырықтандыруды дамытуға жәрдемдесу саласына елеулі ықпал көрсете аламыз деген сенімдеміз.

Миссияға қол жеткізу стратегиясы – Орталық Азия үшін маңызды сан алуан экономикалық, әлеуметтік және саяси тәжірибе туралы білімді дамыту және тарату. Біз ауыр тіршілік жағдайын пайымдай отырып, біздің түлектеріміз өздері тап болатын барлық проблемаларды оңайлықпен ұғына алмайтындығын жете түсінеміз. Нақ сол себепті біз оларды жеке-дара, ұлттық және ғаламдық деңгейде аналитикалық ойлай білуге дайындаймыз. Біз студенттерімізді негізгі аналитикалық білім мен әдіске, сонымен қатар жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдылар мен проблемаларды шешу дағдысына үйретеміз, ондағы мақсатымыз – оларды өздері өмір сүріп отырған 21 ғасырда алдарынан күнделікті кесе-көлденең тұратын проблемаларды шеше білуге дағдыландыру. Біздің студенттеріміз бизнес, журналистика, үкімет, әлеуметтік қызмет көрсетулер және білім беру салаларында әр түрлі лауазымдарды атқаруға дайын.

Біз барлық студенттеріміздің белсенді академиялық қоғамдастықтың бір бөлігіне айналуын және:
– алмасу бағдарламасы бойынша шетелдік студенттермен және қонаққа келген студенттермен танысу;
– шақырылған профессорлардан, сондай-ақ білікті Һәм тәжірибелі шетелдік және жергілікті оқытушылардан білім алу;
– шетелде біздің әріптес университеттеріміздің бірінде оқу;
– жоғары сапалы оқу мен зерттеушілік жолын ұстанған оқытушылардың ассистенті ретінде жұмыс істеу сияқты мүмкіндіктерге ие болуын қалаймыз.

Экономика кафедрасы

Экономика кафедрасы өтпелі экономикаларға, әлемдік экономикаға интеграциялану және әлемдік тауар және қаржы нарықтарының әрекет етуіне қатысты теориялық және қолданбалы экономика салаларында ең озық білім беруге тырысады. Кафедра үміткерлерге экономика саласындағы бакалавр (ВАЕ), магистр (МА) және доктор (PhD) дәрежелерін ұсынады. Студенттер экономиканың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің және бизнестің проблемаларын талдау, сонымен қатар жеке сектор мен мемлекеттік саясатқа тиісті шараларды ұсыну арқылы басқару, мемлекеттік және жаһандық экономикалық мәселелерді шешуге үйренеді.

Кафедра аймақтағы жоғары білікті және тәжірибелі PhD дәрежелері бар ең көп экономика саласынынң мамандарынан тұрады. Біздің барлық оқытушыларымыз студенттерге білім берумен қатар белсенді түрде ғылыми зерттеулермен айналысады. Кафедра түлектері іскерлік, үкіметтік және ғылыми ортада жұмыс істеуге дайын.

Халықаралық қатынастар кафедрасы
Мемлекеттік басқару кафедрасы

Кафедра біздің аймақтағы мемлекеттік саясат, әкімшілік және басқару саласындағы білім берудің және ғылыми зерттеулердің халықаралық стандарттарын ұсынады. Осы миссияны жүзеге асыру үшін кафедра мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік менеджмент және қаржылық менеджмент салаларындағы бакалавр дәрежесін; мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы магистрі дәрежесін және мемлекеттік басқару саласындағы доктор (PhD) дәрежесін ұсынады. Кафедра оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері оқыту, зерттеулер жүргізу және мемлекеттік қызмет арқылы экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жағдайды түсінуге және жақсартуға тырысады.

Медиа және коммуникация кафедрасы
Қызметкерлер профиллер

Динара Нурманова
Әкімшілік менеджер
Электрондық пошта: zdinara@kimep.kz
Тел.: 270-43-40 Вн.: 3471
Кабинет: 302А / Уәлиханов ғимараты
Мемлекеттік басқару магистрі (MPA), КИМЭП Университеті

Камила Мусина
Бағдарлама үйлестірушісі
Электрондық пошта: kamila@kimep.kz; css_coordinator@kimep.kz
Тел.: 270-42-12 Вн.: 3266
Кабинет: 507 / Уәлиханов ғимараты
MSc в Управлении образованием, Назарбаев Университет; MВA, Университет КИМЭП

Джамиля Утарбаева
Тәжірибе үйлестірушісі
Электрондық пошта: css_internship@kimep.kz / zhamilya@kimep.kz
Тел.: 270-43-11 Вн.: 3233
Кабинет: 306/ Уәлиханов ғимараты

Санжар Исенов
Медиа және коммуникациялар департаментінің медиа-лабораториясының үйлестірушісі
Электрондық пошта: sanzhar@kimep.kz
Тел.: 270-43-06 Вн.: 3130/3486
Кабинет: 403 / Уәлиханов ғимараты
Халықаралық журналистика магистрі, КИМЭП Университеті