evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
Summer campus photo

Мемлекеттік Тіркеу, Лицензия Және Аттестация

2012 жылы 8 ақпан күні КИМЭП Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен оның мәртебесінің өзгеруі туралы және бұдан былай жоғарғы оқу орны «КИМЭП Университеті» атымен қызмет көрсететіні түралы растау мәлімдемесін алды. Аталған өзгерістер 2012 жылдың 26 қаңтар айында, министрлік университеттің жаңа Жарғысын қабылдағанда және мемлекеттік тіркеу жөнінде жаңа куәлігін шығарған кезінде күшіне енді.

КИМЭП Университеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен берілген білім беру қызметін жүргізу құқығы лицензиясына ие.

Білім және ғылым министрлігінің аттестациялық комиссиясы соңғы рет 2013 жылы сәуірдің 14-16 аралығында өз қызметін жүзеге асырды. Қорытындысында жоғарғы орынның барлық білім беру бағдарламалары бес жылдық мерзімге мемлекеттік аттестацияны алды.