Мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы Докторантура PhD мемлекеттік сектор әкімшілігі, мемлекеттік
активтерді басқару, ұлттық және халықаралық саясатты қалыптастыру, сонымен қатар қоғамдық институттардың әрекет
етуі мен трансформациясы салаларында терең және арнайы білімге бағытталған пәнаралық бағдарлама болып табылады.
Бағдарлама түлектері өз салаларының үздік мамандары ретінде жалпыға танылады.

Бағдарлама экономика, әлеуметтану, психология, ұйымдық зерттеу, саясаттану және басқа да сәйкес салаларда жеке
қызығушылықтары тұрғысынан зерттеу жүргізгісі келетін түрлі қоғамдық топтардан үмікерлерді шақырады.
Бағдарламаға түсу үшін магистр дәрежесі талап етіледі, сонымен қатар мемлекеттік органдарда, бизнесте,
өнеркәсіпте немесе басқа ұйымдарда қызмет ету тәжірибесі болғаны абзал.

Біздің PhD бағдарламаларымызға гранттар туралы осы бетте біле аласыз https://www.kimep.kz/prospective-students/kz/financial-aid/

Кафедраның ғылыми бағыттары:

  • Мемлекет құрылысы мен салыстырмалы даму
  • Әлеуметтік жаңғырту және жаңа институционалды экономика
  • Мемлекеттік басқару және бюрократия
  • Ұйымдық құрылым мен мінез-құлық
  • Азаматтық қоғам мен МЕҰ
  • Жергілікті басқару
  • Мемлекеттік қызмет реформасы
  • Әкімшілік заңнама
  • Адам құқықтары саласындағы заңнама
  • Адам ресурстарын басқару
  • Қазақстанның мемлекеттік саясаты
  • Әлеуметтік саясат
  • Медициналық қызметтерді көрсету және денсаулық сақтауды реформалау
  • Білім беру және ғылым саласындағы саясат
  • Өнеркәсіптік саясат
  • Мұнай-газ саясаты
  • Табиғи ресурстарды басқару
  • Көші-қон саласындағы зерттеулер
  • Экономикалық география және елдімекен құрылысын жобалау
  • Тұрақты даму және жасыл экономика
  • Салық және кедендік әкімшілік
  • Мемлекеттік басқару
  • Салықтық басқару
  • Қосалқы мердігерлік және мемлекеттік басқарудың жаңа моделі
  • Жобаларды басқару және бағалау
  • Гендер және әйелдердің көшбасшылығы
  • Электронды үкімет және тұрақты даму үшін технологиялар

Бағдарлама өз түлектерін келесі қызметкерлер ретінде аса сәтті мансапқа дамуға даярлайды:

  • Мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық даму институттарындағы саяси кеңесшілер мен талдаушылар
  • Мемлекеттік және жеке меншікті ұйымдардағы зерттеу бөлімдерінің жетекшілері
  • Білім беру мекемелеріндегі оқытушылар
  • Стратегиялық шешімдерді қабылдау, зерттеулерді жүргізу және оларды басқару функцияларын қиыстырып
    атқаратын басқарушы қыметкерлер

Бағдарламаға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Үміткерлер бағдарламаның барлық талаптарын орындаудың және
одан нақты пайда алудың ең жоғары ықтималдығымен қабылданады. Соңғы шешім үміткердің жалпы біліктілігін, оның
ішінде бағдарламаны толығымен игеруге деген ынтаны және талпынысты жан-жақты бағалауға негізделген.

  1. Аяқталған магистр дәрежесі
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының «Магистр» дәрежесін алуын растайтын диплом
    көшірмесі
  • Бағалармен транскрипт көшірмесі (дипломға қосымша)
  1. Ағылшын тілін білуді растайтын жарамды халықаралық
    сертификаттардың болуы
  • IELTS – кемінде 5,5
  • IELTS INDICATOR– кемінде  5,5
  • TOEFL ITP – кемінде  460
  • TOEFL IBT – кемінде  46
  • TOEFL PBT кемінде  45
  • CEFR деңгейі – В2

Ағылшын тілі ресми немесе мемлекеттік тілі болатын елдеріндегі жоо-
лардан магистр дәрежесін алған PHD үміткерлері, сол жоо-лар ЭЫДҰ
мүшелері болатын елдерімен ресми түрде мойындалған акредиттеу
агенттігілерінен аккредитацияға ие болған жағдайда, ағылшын тілін меңгеру
деңгейін тексеру талабынан босатылады. Бұл жағдайда үміткердің магистрлік
дипломының берілу мерзімі бес жылдан бұрын болмауы керек.

  1. Іріктеу комитетімен қосымша қарау:
  • Магистратурадағы орташа үлгерім баллы (GPA) – 3,0-ден бастап, одан жоғары, немесе КИМЭП Университетінің
    бағалау жүйесіне сәйкес келетін межелікке аударғанда – 69 % баламасы
  • 25 және одан жоғары баллмен KGET (КИМЭП жоо-дан кейінгі білім беру бағдарламасына қабылдау емтиханы)
    тестін тапсырудың жарамды нәтижесі, немесе экономика кафедрасы осы балллға баламалы деп есептейтін
    баллдармен GMATне GRE тестерін тапсырудың жарамды сертификаты.
  • Оқу мақсаттары туралы жазбаша мәлімдеме (500 сөзге дейін). Мәлімдемеде өтінішкердің академиялық және
    кәсіби қызығушылықтары, Докторантура PhD бағдарламасы көмегімен тұлғалық және кәсіпқойлық даму
    жоспарлары, және бағдарламаның қатаң талаптарын сәтті орындау мүмкіндігін беретін өтінішкердің жеке
    қадір-қасиеттері көрсетілуі қажет.
  • Жоспарланған зерттеудің жалпы идеясын және пайдалануға жоспарланған әдістердің шамалы сипаттамасын
    беретін зерттеу тақырыбы ұсынымы (2-3 бет). Өтінішкер заманауи зерттеулермен таныстығын, зерттеудің ашық
    мәселелерін айқындау қабілетін және зерттеу тақырыбы бойынша өзіндік бірқилы ұсынымын тұжырымдау
    қабілетін көрсету керек.
  • Бағдарлама қабылдау комиссиясымен сұхбаттасу. Ол сұхбаттасу кезінде жарияланымдары немесе жұмыс
    тәжірибесі секілді өтінішкердің жетістіктеріне байланысты қосымша материалдар қарастырылуы мүмкін;
    қабылдау комиссиясы өтінішкерді PhD докторантура бағдарламасына қабылдауды ұсыну туралы тұжырымды шешім
    жасайды.

Өтінішкер тапсыратын құжаттар жинағында келесілер болуы тиіс: 

  • Толтырылған өтініш нысаны
  • Төлқұжат немесе жеке куәлік көшірмесі
  • Ажыратымдылығы 300 ppi (дюймге пиксель), көлемі 8 МР-ден (мегапиксель) кем емес, JPEG форматындағы
    сығылысуы төмен (сапасы жоғары) сандық фотосурет
  • Магистратураны бітіру туралы құжат көшірмесі
  • Кәсіптік түйіндеме
  • Ағылшын тілін білуді растайтын халықаралық тестерден өтудің жарамды нәтижелері (IELTS сертификаттарының
    көшірмелері немесе TOEFL сертификаттарының түпнұсқалары)
  • Медициналық анықтама – № 086-У нысаны немесе шетел азаматтары үшін ө оның баламасы
  • Екі кәсіпқойлық ұсынымхат
  • Лайықты жарияланымдар тізімі және жарияланым үлгісі (бар болған жағдайда)
  • Өтінішкер өз қалауы бойынша лайықты деп санайтын басқа да құжаттарды (мысалы – өтінішкер
    қызығушылары салаларындағы сертификаттар, марапаттар және дипломдар көшірмелерін, әсіресе – ұлттық және
    халықаралық деңгейде берілген) өтінішке қосуға рұқсат етіледі.

Құжаттар түпнұсқаларын көшірмелерімен бірге қабылдау комиссиясына тапсыру керек. Сәйкестендіруден кейін
құжаттар түпнұсқалары иеленушілеріне қайтарылады
.