Онлайн-аккаунт (есептік жазба)
С: Менде кимэп аккаунты жоқ.
Ж: zmaxim@kimep.kz және marian@kimep.kz электронды мекенжайлары бойынша компьютер орталығымен
байланысыңыз
С: Мен өз құпиясөзімді ұмытып қалдым.
Ж: marian@kimep.kz және registrar@kimep.kz электронды мекенжайлары бойынша компьютер
орталығымен және тіркеу бөлімімен байланысыңыз.
С: Мен өзімнің студенттік порталыма немесе кимэп пошта жәшігіме кіре алмаймын.
Ж: zmaxim@kimep.kz және marian@kimep.kz электронды мекенжайлары бойынша компьютер орталығымен
байланысыңыз
С: Мен кимэп аккаунтына кіре аламын, бірақ Moodle платформасына кіргім келгенде жүйе қате шықты деп
көрсетеді.
Ж: zmaxim@kimep.kz және marian@kimep.kz электронды мекенжайлары бойынша компьютер орталығымен
байланысыңыз
Moodle жүйесі
С: Мен Мoodle платформасын түсінбедім
Ж: Moodle-ды қолдану онлайн нұсқаулығымен
танысыңыз. Содан кейін компьютер орталығымен байланысыңыз.
С: Мен үшін Moodle қолдану нұсқаулығы мен үшін тым ұзақ және қиын.
Ж: YouTube каналындағы мына видео
түсініктемені қарап көріңіз. Содан кейін өз оқытушыңызбен хабарласыңыз.
Бағалау
С: Пән бойынша тапсырма қалай бағаланатынын түсінбеймін.
Ж: Өз оқытушыңызбен хабарласыңыз.
С: «Толық емес» (incomplete) деген баға болса не істеуім керек?
Ж: Өз оқытушыңызбен хабарласыңыз немесе registrar@kimep.kz мекенжайы
бойынша тіркеу бөліміне хабарласыңыз.
С: Әріптік бағаның орнына «есептелді/есептелген жоқ» деген баға қойылуы мүмкін бе?
Ж: Жоқ. Студент тіркеу кезеңі соңына дейін тіркеу бөліміне қол қойылған «есептелді/есептелген жоқ» формасын
тапысруға міндетті.
С: Практиканы өту бойынша міндеттерді қалай жүзеге асырамын?
Ж: Практика жетекшісімен хабарласыңыз
С: Сабаққа қатысу және сабақта болу қалай бағаланады?
Ж: Өз оқытушыңызбен хабарласыңыз.
С: Өз оқытушымның нұсқаулықтарын түсінбеймін.
Ж: Өз оқытушыңызбен хабарласыңыз. Содан кейін өз факультетіңіздің әкімшілігімен хабарласыңыз.
Қашықтықтан оқыту кезеңі
С: Төтенше жағдай жөніндегі бұйрыққа сәйкес қашықтықтан оқыту кезеңі 2021 ж. 8 қаңтарынан бастап қайта жалғаса ма?
Ж: Ия. ТЖ байланысты барлық мемлекеттік бұйрықтарды толығымен ұстанамыз.
С: 2021 ж. Көктемгі семестрдің соңына дейін қашықтықтан білім алу режимінде қалуға болады ма?
Ж: Барлық университеттер бірыңғай режимге бағынады. Қашықтықтан оқыту кезеңі біткенде ғана барлық студенттер оқытудың
күндізгі оқыту нысанына өтеді.
С: Қазақстаннан кетіп қалған жағдайда, аралық және қорытынды емтихандарды бекітілген уақыттан ертерек және қашықтықтан
тапсыруға болады ма?
Ж: Жоқ. Барлық емтихандар бекітілген академиялық күнтізбеде көрсетілген мерзімде өткізіледі.
Байланыс мәслелері
С: Менің оқытушым маған хабарласпаса не істеуім керек?
Ж: Өз оқытушыңызбен хабарласыңыз. Содан кейін факультетіңіздің әкімшілігімен хабарласыңыз.
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
Камила Мусина: kamila@kimep.kz
Гуманитарлық ғылымдар және білім беру факультеті
Марина Ким: marina.kim@kimep.kz
Бизнес факультеті
Афина Колдурмиди: bcb-adm-mngr@kimep.kz
Құқық факультеті
Лаура Қамыспаева: lawcoord@kimep.kz
Дильназ Исраилова: dilnaz@kimep.kz
Кейін өз факультетіңіздің деканына хабарласыңыз.
С: Оқытушым мені кампусқа келуге міндеттесе не істеуім керек?
Ж: Бұл жағдай жөнінде өз факультетіңізге хабарлаңыз. Оқытушыңыз сізді кампусқа келуге міндеттеуге құқығы
жоқ.
С: Қашықтықтан оқыту құралдарымен оқытушым жқмыс істей алмаса не істеуім керек?
Ж: Сабырлық пен түсіністік танытуды өтінеміз, барлығы да уақыт келе үйренетінін ұмытпаңыз. Белсенділік
танытып, оқытушыңызға кері байланыс ретінде құнды кеңестер беріңіз.
С: Орта мектептен анықтаманың және/немесе ресми транскрипттің скан көшірмесін, менің білім
құжаттарымның скан көшірмесін ала аламын ба?
Ж: Ия, алуға болады. registrar@kimep.kz электронды мекенжайына
өтінішті жіберуіңізді өтінеміз.
С: Оқытушы, кафедра немесе факультет деңгейіндегі шешілмеген мәселелері жөнінде кімге
хабарласамын?
Ж:
- Зухра Алиева, оқу ісі жөніндегі бөлім: zukhra@kimep.kz
- Фариза Бекжан, тәрбие ісі жөніндегі бөлімнің атқарушы директоры: fariza@kimep.kz
- Әйгерім Ибраева, тәрбие ісі жөніндегі проректор орынбасары: aibr@kimep.kz
Егер сіздің мәселеңіз көрсетілген мерзімде шешілмесе, бірінші проректор кеңсесіне хабарласа аласыз:
- Арайлым Күдербаева, бірінші проректордың атқарушы көмекшісі: aria.k@kimep.kz
Интернетке байланысты сұрақтар
С: Менде интернетке/құрылғы шығатын компьютер/шығу жоқ.
Ж: Сіз КИМЭП-ке келіп кампустағы компьютер лабораториясында жұмыс істей аласыз.
С: Кампустағы интернет байланыс өте баяу және онлайн талқылар мен сабақтар тоқтап қала
береді.
Ж: zmaxim@kimep.kz және marian@kimep.kz электронды мекенжайлары бойынша компьютер орталығымен
байланысыңыз