evision-corporate-image
finaid-0

Гранттар

КИМЭП Университеті жаңа академиялық оқу жылында бакалавриат және магистратура бағдарламаларына түскен студенттерге бірнеше грант түрлерін ұсынады.

Университет талапкерлеріне ғана емес, ағымдағы бакалавриат және магистратура бағдарламаларындағы жоғары академиялық көрсеткіштеріне ие студенттеріне де қол ұшын созады.

Барлық гранттар бекітілген шарттар бойынша байқау негізінде үлестіріледі. Іріктеу кезінде студенттің академиялық үлгерімі мен соңғы 3 жыл ішіндегі ұлттық және халықаралық деңгейегі жұлдері орындары ескеріледі.

Гранттар қаржылық қолдау түрінде беріледі. Қаржылық қолдауды ұсыну және оның көлемі Университеттің бекітілген ережелеріне және қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес анықталады. КИМЭП Университеті өтініш беруші барлық студенттерге қаржылық қолдау көрсетуге кепілдік бермейді, сонымен қатар, қаржылық қолдауды ұсыну және үлестірудің шарттарын, критерийлерін және тәртібін өзгерту құқығына ие екендігін ескертеді.

050010, Алматы, Қазақстан Республикасы
Абай д-лы, 4, 203 офис Уалиханов ғимараты ,Қаржылық Қолдау Бөлімі
Тел: +7 (727) 270 43 16
WhatsApp: +7 (707) 970 43 16
E-mail: finaid@kimep.kz
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 9:00-18:00


Гранттарға қалай түсуге болады

1ші қадам:
КИМЭП гранттары туралы ақпарат алыңыз.

2ші қадам:
Егер сіз абитуриент болсаңыз, Қабылдау Комиссияның анкетасын толтырыңыз. Егер ағымдағы студент болсаңыз, Студент порталындағы анкетаны толтырыңыз.

3ші қадам:
Қабылдау Комиссиясына/студенттік порталына толық құжаттар пакетін өткізіңіз/жүктеу, сонымен қатар таңдалған грант қажет ететін конкурстың бүткіл шарттарын іске асырыңыз (тесттер, эссе т.б.).

4ші қадам:
Грант таралуының нәтижелерін парақшадан Қағидалар біліңіз.