evision-corporate-image
slider_site_3

Covid-19 Update


Құрметті КИМЭП Университеті қоғамдастығының өкілдері!

Осы арқылы сіздерге қазіргі уақытта КИМЭП Университетінде COVID-19 короновирустық инфекциясы жұқтырған жағдайлар тіркелмегеніне және университеттің инфекцияның алдын алу бойынша қабылдаған шаралары туралы хабарлаймыз.

КИМЭП Университеті келесі алдын алу шараларын қабылдайды:

  • Қашықтықтан оқыту режимі – барлық сабақтар онлайн-платформасына ауыстырылды
  • Оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлер үшін қашықтықтан жұмыс істеу режимі
  • Кампусқа кіруді шектеу – тек студенттерге (компьютерлік сыныптарды пайдалану үшін ғана), оқытушылар мен әкімшілік-техникалық қызметкерлерге кіруге рұқсат етіледі
  • Университеттегі барлық беттерді (үстелдің) дезинфекциялау – күніне 4 рет
  • Кампусқа кіретіндердің барлығының дене температурасын өлшеу

Қашықтықтан оқыту және қашықтықтан жұмыс істеу режиміне тез арада ауысу оңай емес, бірақ ол орынды әрекет болып табылады және Қазақстан Республиксының Үкіметі талап етіп отыр. Бүгін біз «Жиі қойылатын сұрақтарды» жариялаймыз, жауаптармен танысу, егер сіз кез келген күтпеген қиындықтарға тап болсаңыз  жағдайды шешуге көмектеседі.

Менің ойымша, күйзеліс пен сенімсіздіктің күшеюі кезеңінде артқа қарай қадам басып, негізгі құндылықтарымызды, соның ішінде белсенділіктің, ойлаудың, білімнің және адалдықтың анықтылығы туралы еске түсіру өте маңызды.

Өзімізді вирустан қорғау үшін сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қолдануымыз керек әрі білікті медициналық мамандардың кеңестеріне құлақ асуымыз керек:

  • қолды жиі-жиі кем дегенде 20 секунд жуу;
  • мүмкіндігінше үйде болу;
  • ауырған кезде – үйде болу және дәрігерді шақыру;
  • басқа адамдармен физикалық байланыста болудан аулақ болу;
  • «шынтаққа» немесе майлыққа түшкіру / жөтелу, қолданғаннан кейін майлықтарды тастау (оларды қолыңызда ұстамаңыз).

Вирусты жеңу үшін бәріміз өзімізді ғана емес, көршілерімізді де, қоғамымыздың барлық мүшелерін де қамқорлыққа алуға бағытталған мінез-құлық үлгісін қабылдауымыз керек.

Әрбір әрекетіміздің мағынасы бар, сондықтан кимэп өкілі және қоғамның көшбасшысы болу дегенді көрсетейік!

Құрметпен,

Чан Йан Бэнг, Ph.D.
КИМЭП Университетінің Президенті

 

 

1406 – коронавирус бойынша ыстық желі

 

COVID-19 жоғары назардағы объектілер картасы https://egov.kz/cms/en/articles/covid-map