Working hours: 9.00 am 7.00 pm, 4 Abai Avenue, Almaty, 050010

КОМПЬЮТЕР ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

БІЗДІҢ INSTAGRAM

@kimep_scm

БАҒДАРЛАМАЛАР

Маңызды сәттер

БІЗ ТУРАЛЫ

1992 жала іргесі қаланған сәтінен бастап КИМЭП Университеті сапалы бизнес-білім беру қызметтерін ұсынып, Қазақстан мен оның аумағынан тыс жерде қызмет көрсетіп жатқан жоғарыбілікті мамандардың бірнеше ұрпағын дайындап шығарды. Факультет миссиясы – кәсіби қызметке дайын немсее жетекші халықаралық оқу орындарда білім одан әрі жалғастырғысы келетін студенттерге білім беру және түлектерді дайындап шығару. Факультет түлектері – кез келген кәсіби ортада табысқа жету үшін қажетті сыни ойлауы мен тиімді қарым-қатынас дағдылары бар этикалық және техникалық тұрғыдан сауатты мамандар. Қазіргі таңда факультет бакалавриат деңгейінде екі бағдарлама ұсынады: компьютер ғылымдары және ақпараттық жүйелер.


Декан туралы ақпарат - д-р Мухаммад Аршад

  • Компьютер ғылымдары саласында PhD дәрежесі, Джон Мур атындағы Ливерпуль университеті, Ұлыбритания
  • Ұлыбритания, Пәкістан, Оман және Қазақстанда академиялық және әкімшілік рөлдерде 20 жылдан астам халықаралық тәжірибе:
    • Декан қызметі
    • Кафедра меңгерушісі қызметі
    • Инновациялық оқу бағдарламаларын әзірлеу және білім сапасын арттыру
    • Нәтижеге негізделген білім беру (OBE) моделін енгізу және білім беру бағдарламаларын аккредитациялауға қатысу
    • Салалық ұйымдармен серіктестік орнату және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
    • Сарапшы ретінде аккредиттеу рәсімдеріне қатысу
    • Оқу үлгерімін жақсарту стратегияларын іске асыру: студенттерді сақтап қалуу, академиялық жетілу және докторантурадағы жетістіктер
    • Магистранттардың ғылыми жобаларына және бакалавриат студенттерінің дипломдық жұмыстарына жетекшілік ету

Деканнан алғысөз

Сәлем, болашақ КИМЭП студенті! Кезінде мен таңдаған жолым қайда апаратынын білмей, таңдау жасауға тура келген. Білім алу мен үшін ғажайып саяхатқа жетелеген жетекшім болды – PhD дәрежесін алу үшін Пәкістаннан Ұлыбританияға, одан кейін жеті қызықты жылдарым өткен Оман, қазіргі кезде КИМЭП Университетінің Компьютерлік ғылым және математика факультетін басқару құрметіне ие болып отырған Қазақтан. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттермен жұмыс істей отырып, мен білім беру тек оқыту ғана емес, терең трансформация екеніне сенімдімін.


КҒМФ-да біз тек блім беріп қана қоймай, болашақ көшбасшыларын дайындаймыз. Жасанды интеллект, Заттар интернеті, робототехника, деректер анализі, желілік технологиялар немесе киберқауіпсіздік – біздің оқу бағдарламамыз қарапайым қызығушылықты кәсіби құзіретке айналдырады. Әлемдік деңгейдегі оқытушыларымыздың, білім берудік американдық үлгісі мен практикалық оқытудың арқасында түлектеріміздің бәсекеге қабілеттігін Қазақстан мен оның аумағынан тыс жерде де қамтамасыз етеміз.


Факультет студенттерге заманауи технологиялармен жабдықталған заманауи зертханаларға қол жеткізуді ұсынады. Бізде соңғы үлгідегі компьютерлік зертханалар, заттар интернеті және робототехника, желі және киберқауіпсіздік, сондай-ақ физика мен химия бойынша мамандандырылған зертханалар бар. Мұның бәрі теориялық дайындықты толықтыратын қажетті практикалық тәжірибені қамтамасыз етеді. КИМЭП-те сіз дипломдық жобаларыңызда профессор-оқытушылар құрамымен тығыз байланыста жұмыс жасайсыз және тәжірибеден өту, студенттік клубтар ұйымдастыратын жарыстарға қатысу және оқу жоспарында қарастырылған кең ауқымды зертханалық тапсырмаларды орындау арқылы кәсіби дағдыларыңызды жетілдіресіз.


КИМЭП-тің компьютерлік ғылым және математика факультетінде білім алу көкжиектеріңізді кеңейтіп, тез өзгеріп жатқан технологиялық әлемде өмір сүруге мықтап дайындайтынына сенімдіміз. Факультетімізге қонақ болып кетуге шақырамыз! Өмірлік мақсаттарыңыз туралы білуге және оларға жету жолын табуға көмектесуге қуаныштымыз. Сізбен кездесуді асыға күтеміз!

Д-р Мухаммад Аршад

Компьютер ғылымдары және математика факультетінің деканы және қауымдастырылған профессоры

Студенттік Тәжірибе

SCSM Брошюрасын жүктеп Алып, Зертханаға Барыңыз

БРОШЮРАЛАР

Өнеркәсіп Және Жаһандық Байланыстар