evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
3photo

Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері Қазақ-Бельгиялық В2В кездедесулері кезіндегі жұмыс барысында кәсіби дағдыларын жетілдірді

КИМЭП Университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті мен Қазақстандағы Бельгияның Сауда және экономикалық өкілдігінің (AWEX Алматы) өзара ынтымақтастығының айтарлықтай тарихы бар. Біз, жоғары оқу орны бола тұра, Қазақстандағы Бельгияның Сауда және экономикалық өкілдігінің (AWEX Алматы) студенттер мен жаңадан бітірген түлектерге тағылымдамадан өту және түрлі іс-шаралар кезінде кәсіби дағдыларды меңгеруге берген мүмкіндіктерін жоғары бағалаймыз.

Қараша айының 22-24 аралығында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде бельгиялық компаниялардың Қазақстандағы көпсалалы ұжымдық миссиясы өтті. Миссияға қатысушылар бельгиялық бизнестің жаңа мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болды.

Валлония экспорт және инвестициялар агенттігінің (AWEX) бас директоры болып табылатын Шанталь дэ Блё ханым делегацияны басқарды.

Шара Қазақстандағы Бельгияның Сауда және экономикалық өкілдігімен ұйымдастырылып, онда Бельгияның Валлония, Фландрия, Брюссель аймақтарының өкілдері, сонымен қатар сәйкес экспорт және инвестициялар агенттіктері: AWEX – Валлония экспорт және инвестициялар агенттігі, FIT – Фландрияның инвестициялар және сауда агенттігі және Hub.Brussels агенттігі қатысты.

КИМЭП Университетінің Халықаралаық қатынастар бағдарламасының студенттері Алматыдағы кездесу барысында аудармашылар ретінде қатысып, керемет тәжірибе алды. Студенттердің алған әсерлерін тыңдайық:

Наргиз Иссина: Шара керемет болды. Шынымды айтсам, мен үшін бұндай деңгейдегі тұлғалармен жұмыс істеу бір ғанибет, өйткені мен жаңа адамдармен танысып, жаңа байланыстар құруды жақсы көремін. Мен екі белгиялық азаматқа (Fockedey Transports өкілдері Жибер мен Колаға) көмекші бола тұра керемет әсер алдым. Мен тек аудармашы болған жоқпын, мен одан да зор тәжірибеге ие болдым. Мен олармен тек танысып қана қоймай, олардың компаниясы мен Бельгия туралы көптеген нәрселерді білдім, сонымен қатар Қазақстан өкілі рөлін атқардым. Себебі бұл олардың Қазақстанға бірінші рет келуі, ал осы ретте арамызда мәдени алмасу да қатар жүрді.

P.S. Француз тілі практикасынан да өту мүмкіндігін жіберіп алмадым.

Эльмира Мұқанова: Мен «Qualiphar» компаниясынан Бельгияның экспорт жөніндегі директоры Винсент Жадумен жұмыс істедім. Сөзсіз, бельгиялық кәсіпорын өкілімен жұмыс істеу мен үшін керемет мүмкіндік болды. Өйткені, көптеген жеке тиімділік дағдыларын үйрендім, яғни, кездесулер арасында уақытты игеру, бизнес деңгейдегі коммуникациялық дағдылар және әрине, аудармашылық дағдылар. Шынымды айтсам, мен аудармашы болуға күмәнмен қарайтынмын, бірақ осы мүмкіндіктің арқасында мен өз әлсіздігімді сынаққа салып, керемет әсер алдым. Медициналық терминлогияны білмегеннің өзінде аудармашылық мен үшін қиынға соқпады. Дегенмен, «Qualiphar» фармацевтикалық компания болғандықтан және толық 2 күн осы компанияның кәсіби мамандарының арасында жүрудің арқасында қосымша қажетті білім алдым десе де болады. Осы тұрғыда мен экспорт, маркетинг және сату, логистика жөнінде негізгі түсініктерді игердім. Жалпы маған аудармашы болып жұмыс істеу өте ұнады және бұдан былай осындай қызмет етудің жаңа мүмкіндіктерін асыға күтетін боламын.

P.S. Болашақта аудармашылық қызметті жалғастыруды жоспарлап отырғандықтан маған бельгиялық кәсіпорын ұсынымхат берді.

Гаухар Жұмаділдә: Мен Қазақстандағы Бельгияның Сауда және экономикалық өкілдігіне (AWEX Алматы) не осы шара туралы ақпаратпен бөліскендігі мен көрсеткен көмегіне өз ризашылығымды білдіремін. Жалпы алғанда, бұл тәжірибе маған қатты ұнады және атлмыш шарада аудармашы болып тәжірибеден өту менің жеке басымның тиімділігі дағдыларын жетілдіру болашақта мен үшін үлкен артықшылық болады деп сенемін. Осы шараның арқасында Бельгиядан және барлық Еуропалық Одақтан мал әкелу немесе оны экспорттауға байланысты Қазасқтан фермерлерінің алдындағы сынақтары мен мүмкіндіктері туралы көп білдім.

Гүлшат Розиева: Мен үшін мистер Дюбуаға аудармашы болу аса құрмет болды. Менің ойымша бұл мүмкіндік екі жаққа да бірдей пайдалы болды. Металлургия әлемін сапар жасау мүмкіндігін алдым. Бұл үлкен сынақ болды, бірақ аудармашы және халықаралық қатынастар студенті ретінде жаңа дағдыларға ие болдым. Осыған қоса, маған Қазақстанның жетекші металлургия зауыттарының өкілдерімен виртуалды түрде кездесідің сәті түсті. Негізі, бұл мен үшін бірегей, қиын, бірақ пайдалы тәжірибе болды.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Әлеуметтік ғылымдар факультеті Сауда және экономика жөніндегі кеңесшісі Айжан Мұсаханова мен Даму жөніндегі маманы Айтолқын Ілиясоваға әріптестік танытып, студенттеріміздің кәсіби дамуына мүмкіндік жасағаны үшін ерекше алғысын білдіреді.