evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
4

КИМЭП Университеті «Нұрәлі Әлиев атындағы ақпараттық жүйелер бакалавры» бағдарламасын ашады

Нұрәлі Әлиев атындағы ақпараттық жүйелер бакалавры.

2018 жылдың күзгі семестрінде КИМЭП Университетінде болашақ бизнес саласындағы ІТ көшбасшыларына арналған жаңа бағдарлама өз жұмысын бастайды.

Бүгін, 8-желтоқсан күні, КИМЭП Университетінде «Нұрәлі Әлиев атындағы ақпарттық жүйелер бакалавры» жаңа бағдарламасының ресми ашылуына байланысты КИМЭП Университеттінің президенті д-р Чан Йан Бэнг, Нұрәлі Әлиев мырза, Бэнг атындағы бизнес факультетінің профессорлар-оқытушылар құрамы мен КИМЭП студенттерінің қатысуымен салтанатты кездесу орын алды.

Нұрәлі Әлиев мырза Қазақстандағы және шетелде ІТ саласының дамуы жөнінде терең және ауқымды білімі бар ірі қазақстандық бизнесмен, меценат және «Жаңарту» қайырымдылық қорының негізін қалаушысы болып табылады. Әлиев мырза еліміздің болашағы үшін және оның әлемдік кеңістікте бәсекеге түсу артықшылығын дамыту мақсатында ІТ білімінің аса маңыздылығын алға тартты. Елімізідегі бизнес мектебінің көшбасшысы болып саналатын КИМЭП Университетінің Бэнг атындағы бизнес факультетімен бірлесіп Нұрәлі Әлиев мырза мен доктор Бэнг бизнеске арналған ақпараттық жүйелер саласында білім берудегі халықаралық стандарттарға және талаптарға сай жоғары дәрежелі мамандарды дайындайтын беделді академиялық бағдарлама құруға күш жұмылдырып отыр.

Аталмыш бағдарламаның ашылуы КИМЭП Университетінің өз студенттеріне бүгінгі таңдағы еңбек нарығында жоғары талаптарға сәйкес келетін ең үздік білім беруді ұсыну қағидасын берік ұстанатындығын тағы дәлелдейді. КИМЭП Университетінің түлектерінің оқу аяқтағаннан кейін жарты жыл ішінде жұмысқа орналасу деңгейі 95%-ға тең екендігін ұмытпаған жөн.

Өзінің құттықтау сөзінде доктор Бэнг атап өткендей: «КИМЭП Университеті Қазақстандағы ақпараттық жүйелер саласында білімдік бағдарламалардың дамуында алдыңғы қатарлы орынға ие болуы тиіс. Нұрәлі Әлиев мырзаның және «Жаңарту»  қайырымдылық қорының қолдауымен осы бағдарламанының ашылуын жүзеге асыра алатындығымызға және атақты дүниежүзілік сарапшылардың қатысуымен ақпараттық технологиялар бойынша халықаралық конференциясын өткізе алатындымызға кәміл сенемін. Біздің мақсатымыз – аталмыш бағдарламаны ашу, маңызды ғылыми зерттеулер жүргізу, сонымен қатар бизнестің кез келген саласының дамуы мен өнімділігінің оңтайлануының дамуына ақпараттық технологияларды қолдану артықшылығы туралы ақпарат тарату. Біз Нұрәлі Әлиев мырза мен «Жаңарту» қайырымдылық қорына біздің студенттеріміздің игілігіне және Қазақстанда ақпараттық технологиялардың дамуына жұмылдырған күштеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Осындай беделді ұйымдарымыз арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мүмкіндігіне аса қуаныштымыз».

«Нұрәлі Әлиев атындағы ақпараттық жүйелер бакалавры» бағдарламасы дерекқорларды, тауар жеткізілімі тізбегін басқару, бағдарламалау, статистика, электронды бизнес, бұлттық технологиялар және басқа да өзекті пәндер бойынша оқытуды жүзеге асыруды қамтиды.

Салтанатты шара шеңберінде КИМЭП Университеті мен «Жаңарту» қайырымдылық қоры арасында меморандумға қол қою рәсімі орын алды.

«Жаңарту» қорының негізін қалаушысы дәстүрлі білім беру процестері мен заманауи сандық технологияларының синергиясы арқасында еліміздің прогрессивті дамуы мүмкіндігін ерекше атап өтіп, Қазақстандағы ІТ саласынының қарқынды дамуына жаңа бағдарлама тікелей ықпалын тигізетіндігіне сенімді екендігін білдірді.

Қазақстандық меценат ІТ саласында үш негізгі бағыттың, яғни  жасанды интеллект, иммерсивті технологиялар және сандық платфоралар басымдылығы туралы әңгіме тарқатты. Қазіргі таңда тостертен бастап, серверге дейінгі 20 миллиардқа жуық түрлі құрылғылар жаһандық желіге қосылған және жақын арада бұл сан 2020 жылға қарсы 50 миллиардқа жету болжамы бар.

Сөзінің соңында ол «Жаңарту» қайырымдылық қорының шеңберінде ІТ бағдарламасының дарынды студенттеріне гранттар тағайындауға дайын екендігін хабарлады.

Еске сала кететін болсақ, Нұрәлі Әлиевтің «Жаңарту» қайырымдылық қоры жаңа ІТ буынды құру және қазақстандық жастардың арасында ІТ дағдыларды дамыту мақсатында  2016 жылы құрылған ұйым.