Клуб туралы
HR CLUB KIMEP 2009 жылдың 18 наурызында құрылып, сол кезден бері персоналды басқару саласының мамандарының кәсіби араласуына арналған белсенді және тәуелсіз алаң. Клуб тек тәжірибелі HR-кәсіпқойларын ғана емес, сонымен қатар, даму мен практикалық білімімен алмасуды қалайтын жас мамандарды да біріктіреді.
Біздің миссиямыз
HR-индустриясының майталмандары өз тәжірибесімен еркін бөлісіп, практикалық кейстерін талқылап, персоналды басқару саласындағы жаңа тенденциялар жөнінде хабардар бола тұра, жеке құзіреттерін дамыту мүмкіндігін беретін кеңістікті құру.
Неге HR CLUB KIMEP?
- Ашықтық пен қолжетімділік: клубқа мүшелік тегін.
- Кәсіби қауымдастық: түрлі сала мамандарының қатысуы.
- Өзекті тақырыптар: заманауи HR -практикасын, трендтері мен технологияларын талқылау.
- Тұрақты кездесулер: клуб отырыстары әр айдың бірінші сенбісінде өтеді.
- Нетворкинг: кәсіби байланыстар мен оның шеңберін дамыту.
HR CLUB KIMEP – Қазақстандағы HR-саласының дамуына үлесін қосатын қауым құратын орын. Білімін тереңдету, кәсіби даму мен тәжірибемен бөлісуге ұмтылатындарды құшақ жая қарсы аламыз!
QR арқылы HR Club телеграм тобына қосыл!
Бізбен бірге бол!




