5305270950259530854

КИМЭП Университеті мен ТШО Supply Chain Management саласындағы ынтымақтастықты талқылады

2026 жылғы 18–19 тамызда КИМЭП Университетінің кампусында КИМЭП Университеті мен «Теңізшевройл» (ТШО) өкілдерінің алғашқы кездесуі өтті. Кездесу Supply Chain Management (SCM) саласындағы тәжірибе алмасуға және өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарын талқылауға арналды.

Кездесу барысында ТШО-ның Supply Chain Management департаменті мен КИМЭП Университетінің өкілдері білім беру мазмұнын дамыту және индустрияға қажетті болашақ мамандарды даярлау мәселелерін талқылады.

Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі — білім беру бағдарламалары аясындағы Supply Chain Management мамандану мазмұнын дамыту және оны қазіргі индустрия талаптары мен бизнестің практикалық міндеттеріне сәйкестендіру болды.

Сонымен қатар, ТШО-ның нақты жағдайлары, жобалары мен практикалық тәжірибесі негізінде бизнес-кейстер әзірлеу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Нақты өндірістік жағдайларды оқу процесіне енгізу студенттер мен тыңдаушыларға теориялық білімнің кәсіби ортада қалай қолданылатынын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында академиялық орта мен бизнес арасындағы өзара байланысты нығайтудың, сондай-ақ Supply Chain Management саласындағы болашақ мамандардың практикалық білімдері мен кәсіби құзыреттерін тереңдетудің маңыздылығы атап өтілді.

Бұл алғашқы кездесу тәжірибе алмасуға, индустрияның өзекті қажеттіліктерін талқылауға және КИМЭП Университеті мен ТШО арасындағы өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарын қарастыруға мүмкіндік берді.

КИМЭП Университеті заманауи бизнестің өзгермелі талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын дамытуды жалғастырып, студенттер мен тыңдаушыларға нақты кәсіби тәжірибемен тығыз байланысты білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.