evision-corporate-image
faq-current

Жиі Қойылатын Сұрақтар

  • Тіркеу бөлімі немен айналысады?
  • Тіркеу бөлімінің мақсаты сапалы түрде тіркеу және есепке алу қызметін көрсету, оқытушылар мен қызметкерлерге және студенттерге дұрыс академиялық ақпарат беру, академиялық ережелер мен қағидалардың сақталуына, құпиялығын сақтай отырып тұрақты негізде студенттік құжаттамалар жүргізуге бақылауды жүзеге асыруға, сонымен қатар қажет болған жағдайда куәландырылған академиялық құжаттарды беру болып табылады.

  • Тіркеу бөлімімен қалай байланыс жасауға болады?
  • Тіркеу бөлімімен бірнеше тәсілдер арқылы байланысуға болады:  

    1. A. Біздің кеңсеге келіп тұру – тіркеу бөлімі Уәлиханов ғимаратының 2-ші қабатында 201а офисінде орналасқан.
      Ә. Телефон арқылы хабарласу: +7 727 270 43 14
      Б. registrar@kimep.kz адресіне электрондық хабарлама жіберу
    2. Тіркеу бөлімінің жұмыс кестесі қандай?
    3. Тіркеу бөлімі түскі үзіліссіз,  сағ 8:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

    4. Кредиттер дегеніміз не?
    5. КИМЭП-тің білім беру бағдарламаларының негізіне американдық кредит жүйесі жатады. Әрбір бағдарламаның талаптарында өтілген пәндердің санынан гөрі, көбінше бағдарламаны бітіру үшін алуы қажет болатын кредиттер саны есепке алынады. Бағдарлама талаптарында міндетті түрде өткізілетін пәндердің тізімі, таңдалған пәндердің тізімі және қажетті кредиттердің минималды саны үнемі көрсетіліп отырады.

    6. Мен пәнге қашан және қалай тіркелуіме болады?
    7. Тіркеу кезеңі кезінде тіркелуге болады (тіркеу күнін академиялық күнтізбеден қараңыз).

      1-ші қадам – оқу ақысын төлеу (күзгі және көктемгі семестрлерде 1/3 төлем + Студенттік жарна + Студенттердің медициналық тексеруден міндетті түрде өтуі үшін жарна (жылына 1 рет) жазғы семестрде  100% төлем. Төлемді өңдеу үшін екі сағаттан жиырма төрт сағатқа дейін уақыт талап етілетінін есепке алу қажет);

      2-ші қадам – он-лайн режимінде тіркеу жүйесіне тіркелу;

      3-ші қадам – жеке сабақ кестесін басып шығару.

    8. Тіркеу кезінде менде қате жөнінде хабарлама шықты. Не істеу керек?
    9. Хабарламаны зер салып оқыңыз да онда көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.

    10. Foundationкурсына қалай тіркелуге болады?
    11. Тіркеу кезеңі кезінде тіркелуге болады (тіркеу күнін академиялық күнтізбеден қараңыз).

      1-ші қадам – аттестаттың түпнұсқасын, ҰБТ нәтижелері туралы сертификатты тапсырып, қабылдау комиссиясында шартқа қол қою;

      2-ші қадам –  төлем жасау (күзгі және көктемгі семестрлерде 1/3 төлем + Студенттік жарна + Студенттердің медициналық тексеруден міндетті түрде өтуі үшін жарна (жылына 1 рет) жазғы семестрде  100% төлем. Төлемді өңдеу үшін екі сағаттан жиырма төрт сағатқа дейін уақыт талап етілетінін есепке алу қажет);

      3-ші қадам – медицина орталығына флюорографияны (086/у үлгісіндегі дәрігерлік анықтама) тапсыру;

      4-ші қадам – он-лайн режимінде тіркеу жүйесіне тіркелу;;

      5-ші қадам – жеке сабақ кестесін басып шығару.

    12. Он-лайн сабақтар кестесін қалай табуға болады?
    13. Келесі жол: КИМЭП-тің негізгі веб-беті -> Student Portal немесе For Students -> Study -> Schedule -> және тиісті семестрдегі сабақ кестесін таңдаңыз. Бұдан басқа, тіркеу өткеннен кейін тіркеу бетінде келесі сілтеме пайда болады:“Personal Schedule for Students” (“Студенттің жеке сабақ кестесі”).

    14. Пәнге тіркеуді қалай жоюға болады?
    15. Тіркеу кезеңі кезінде (ADD/DROP period)  тіркеу бетіне өтіп, өзіңіздің тіркеуді жойғыңыз келетін пәнге қарама-қарсы тұрған “Not Registered” (“Тіркелмеді”) менюді таңдап, тіркеуді аяқтап, өзіңіздің сабақ кестеңізді тексеруіңіз керек. Тіркеуді жою кезеңі (ADD/DROP period) аяқталғаннан кейін пәннен бас тартуға электрондық   өтінішті рәсімдеп он-лайн режимінде пәннен бас тартуға болады. Өтініш үлгісі әрбір пәнге жеке рәсімделеді. (Келесі жол: Student Portal немесе For Students/Study/Registration for courses/Withdraw from Course). Қайтарылатын төлем мөлшері мен мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетілген.

    16. Студенттік жарна дегеніміз не?
    17. Атқару комитетінің шешіміне сәйкес 2010 жылдың күзгі семестрінен бастап, толық жүктемемен негізгі (күзгі/көктемгі) семестрлерде оқитын студенттер 2300 теңге көлемінде студенттік жарна төлеулері керек. Студенттік жарнаны студенттік мәселелер жөніндегі бөлім жинайды. Ол студенттік іс-шараларды қаржыландыру үшін жиналады.

    18. Gmail дегеніміз не?
    19. КИМЭП Академиялық мәселелерге байланысты ақпаратты беру құралдары (G -mail) жөніндегі ережесіне сәйкес барлық студенттер ресми ақпарат алу үшін G -mail электрондық адресін пайдаланулары керек. Өйткені, студенттік өмір мен институтта өткізілетін шараларға, әкімшілік мәселелерге, оқуға қатысты маңызды хабарландырулар, жаңалықтар мен хабарламалар студенттің G -mail поштасына жіберіледі, барлық студенттер оны тұрақты түрде тексеріп отырулары керек (күніне бір реттен кем емес). Әкімшіліктің немесе оқытушылардың жіберген барлық ақпаратын студент алды және оны оқыды деп есептеледі.

      ЕСКЕРТУ: G -mail аккаунтты компьютер және ақпараттық жүйелер орталығынан алуға болады.

    20. Студенттік билетті қалай алуға болады?
    21. Тіркеу бөліміне 3см*4см көлемдегі күңгірт фотосуретіңізді әкеліп, сырт жағына өзіңіздің студенттік ID нөміріңізді, аты мен тегіңізді жазу керек. Жеке куәлігіңізді немесе төлқұжатыңызды көрсету қажет. Студенттік билет тапсырыс бергеннен бастап 1 апта ішінде тегін беріледі.

    22. Ресми транскрипті қалай алуға болады?
    23. Студенттер он-лайн режимінде транскрипт беруге сұрауды рәсімдеуі қажет (www.kimep.kz-> Student Portal немесе For Students -> Study -> Personal Info -> Transcript Order). Бұл қызмет көрсету ақылы (1 дана 1 тілде). Осы сома студенттің шотынан автоматты түрде шегеріледі. Жеке шотқа төлеудің қажеті жоқ. Транскрипт ағылшын немесе орыс тілінде, не болмаса студенттің қалауы бойынша екі тілде берілуі мүмкін. Бағасын ағымдағы академиялық жылдағы сайттан нақтылап алыңыз.

    24. Оқу орнынан анықтаманы қалай алуға болады?
    25. Студенттер он-лайн режимінде анықтама беруге сұрауды рәсімдеуі қажет (www.kimep.kz -> Student Portal немесе For Students -> Study -> Personal Info -> Student’s Status Confirmation Order). Бұл қызмет көрсету тегін.

    26. Құжаттарды (анықтамалар, ресми транскрипт және т.б) дайындау қанша уақыт алады?
    27. Бір құжатты дайындау үшін 1 жұмыс күні талап етіледі.

    28. Оқуды бітіріп шығуға өтінішті қалай беруге болады?
    29. Көрсетілген уақытта тіркеу бөліміне оқуды бітіріп шығуға (“Graduation request”) толтырылған өтініш үлгісін тапсыру керек. Бұл үлгіні КИМЭП Университетінің сайтынан табуға болады- www.kimep.kz -> Student Portal немесе For Students -> Study -> Graduation package-> Graduation Request. «Оқу бітірушіге арналған кету қағазына (“Check out list for graduates”) қол қойғызып, барлық қорытынды бағаларды алғаннан кейін оны тіркеу бөліміне тапсыру керек. (Құжаттарды тапсыру мерзімін келесі адрес бойынша қадағалауға болады: www.kimep.kz -> Student Portal or For Students -> Study -> Graduation package-> Graduation Calendar).

    30. Белгіленген төлем мерзімі басталғанға дейін оқу ақысын төлеуге бола ма?
    31. Иә, оқу ақысын белгіленген төлем мерзімі басталғанға дейін төлеуге болады. Төлемді өңдеу үшін екі сағаттан жиырма төрт сағатқа дейін уақыт талап етіледі.

    32. Бағдарламаны бітіру үшін неше кредит алу керек?
    33. Әрбір бағдарлама үшін әр түрлі кредиттер саны белгіленеді. КИМЭП Университетінің студенті дәрежесін алу үшін аталмыш нақты бағдарламаға арналған кредиттерге қатысты талаптар жинағын орындау қажет. Әдетте, қойылатын талаптарға міндетті пәндер мен таңдап алынған пәндердің белгілі бір жинағы, сонымен қатар алуы қажет болатын кредиттер саны кіреді.

    34. Мен жаңа пәнге тіркелгім келеді, бірақ маған «Сіз алдыңғы семестрдегі қарызыңызды жабуыңыз керек» (“Youshouldclear up your debts for previous semester”) деген хабарлама шығады. Бұл нені білдіреді?
    35. Бұл демек, қарыздың (Total Balance > 0) болуына немесе артық төлеуге (Total Balance 0, қарызды жабу үшін төлемді және ағымдағы семестр үшін артық төлемді енгізу қажет), яғни Төлем  туралы есепті (Payment Report) (Student Portal or For Students -> Study -> Payments and Finances -> Payment Report) тексеру қажет. Егер төлем әлдеқашан жасалған, бірақ осы төлем Төлем туралы есепте (Payment Report) көрініс таппаса, онда тіркеу бөліміне немесе бухгалтерияға хабарласу керек. Төлемді өңдеу үшін екі сағаттан жиырма төрт сағатқа дейін уақыт талап етілетінін есепке алу қажет.

    36. Тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін пәндерге қалай тіркелуге болады?
    37. Тіркеуді жою (ADD/DROP period) кезеңі уақытында тіркелуге болады (тіркеуді жою мерзімін академиялық күнтізбеден қараңыз). Кешігіп тіркелу үшін тіркеу кезеңі кезінде тіркеу мүмкіндігі болмағаны туралы растаушы құжаттарды, оқытушының рұқсатын тапсыру, сонымен қатар кешігіп тіркелгені үшін әрбір пәнге айыппұл төлеуі керек (Айыппұл сомасын Ағымдағы семестрдегі оқу құны сайтынан қараңыз).

    38. Кітапханаға қарызым болған жағдайда тіркелуге бола ма?
    39. Осындай қарыз болған жағдайда тіркелуге болады. Алайда қарызды сабақ басталғанға дейін жабу керек, әйтпесе тіркеу жойылатын болады.

    40. Флюрографияға қатысты қарыз болған жағдайда тіркелуге бола ма?
    41. Флюрографияға қатысты қарыз болған жағдайда тіркелуге болады. Әйтсе де, тіркелу мерзімінің аяғына дейін осы қарызды жою қажет. Толық ақпаратты медицина орталығынан (жатақхана ғимараты, бірінші қабат) алуға болады.

    42. Мен “I” бағасын (аяқталмаған пән) алған пәнге, оны өзгерту үшін тіркелуге міндеттімін бе?
    43. Аталмыш пәнге тіркелудің қажеті жоқ, алайда “I” бағасын келесі (негізгі) семестрдің 7 аптасы ішінде өзгерту керек. Басқа жағдайда, “I” бағасы автоматты түрде “F” бағасына (Есептелмеді) өзгертіледі. Студент “I” бағасын өзгертудің орнына пәнді қайтадан өтуіне болады, бұл ретте толық оқу құнын төлеп, тиісті түрде оған тіркеледі. “I”  бағасына арналған мерзімдерді сайттағы немесе порталдағы Академиялық күнтізбеден қараңыздар.

    44. Егер менде осы нақты пәнге тіркелу үшін өткен пән бойынша “I” бағасы тұрған болса, онда пәнге тіркелуге бола ма?
    45. Осы нақты пәнге тіркелу үшін өткен пән бойынша “I” бағасы болған жағдайда, пәнге тіркелуге болмайды. “I” бағасын алу пәннің аяқталмағанын білдіреді, демек, біршама тереңдетілген пәндер бойынша оқуды жалғастыру мүмкін емес.

    46. Егер мен осы нақты пәнге тіркелу үшін өткен пән бойынша (“F”) «қанағаттанарлықсыз» бағасын алсам, тіркеу мәселесі қалай болмақ?
    47. Осы жағдайда пәнге тіркелу барлық бағалар қойылғаннан кейін тіркеу бөлімімен жойылатын болады.

    48. Егер мен өткім келетін пән, тіркеуге арналған пәндер тізімінде жоқ болса, не істеуім керек?
    49. Біріншіден, КИМЭП Университетінің жалпы сабақ кестесін тексеру, яғни аталмыш пән ағымдағы семестрге ұсыныла ма, жоқ па, соны білу қажет. Егер ұсынылатын болса, онда пәндерде пререквизиттер (осы нақты пәнге тіркелу үшін өткен пәндер) бар ма, жоқ па және сіз осы пәндерді өткен-өтпегеніңізді тексеру қажет. Пререквизиттерді өткен, бірақ тіркеуге арналған тізімде пәндер болмаған жағдайда, Тіркеу бөліміне хабарласу керек. Бағаны жоғарлату/түзету үшін пәнді қайталап өткен жағдайда “Registration for retakes” (Пәндерге қайта тіркелу) бөліміне өту қажет. Пәнді үшінші рет өту үшін арнайы рұқсат алу керек. Бұл үшін  электрондық үлгіні толтыру керек, оны КИМЭП Университетінің сайтынан табуға болады: www.kimep.kz ->Academics -> Office of the Registrar -> Forms For Students -> Form for 3rd retake.

    50. Мен магистратурада ұсынылатын пәндерді өтуіме бола ма?
    51. Орташа үлгерім балы (ОҮБ) 3.0 тен төмен емес, КИМЭП Университеті бакалавриатының студенті соңғы оқу семестрінде магистратурада ұсынылатын пәндерге тіркеуді ашу жөнінде өтініш жасауына болады (Каталог, 35- б., «Бакалавриат студенттерінің магистратура бағдарламаларын оқуы» бөлімін қараңыз).

    52. Өтілген дисциплиналар (Completed) топтамасынан пәнді(дерді) өтуге бола ма?
    53. Иә, өтілген дисциплиналар топтамасынан пәнді (дерді) өтуге болады, алайда талап үстінен өтілген пәндер автоматты түрде «таңдап алынған пән» (KIMEP wide electives) категориясындағы пәндер топтамасына өтеді.

    54. Егер мен артық ақша төлеген болсам, онда оны қалай қайтарып алуым керек?
    55. Ақшаны қайтарып беру “Ақшаны қайтарып беру өтінішінің” үлгісін бергеннен соң ғана жүзеге асырылады. Аталмыш үлгіні және ақшаны қайтару процесінің тиісті шарттарын осы сайттан табуға болады: www.kimep.kz -> Student Portal-> Study -> Payments/Finances -> Refund Application. Ақша күзгі және көктемгі семестрлерде сабақтың 11-ші аптасында, жазғы семестрде 2-ші аптада қайтарылады.

    56. Төлемнің түскені туралы қалай білуге болады?
    57. www.kimep.kz -> Student Portal or For Students-> Study -> Payments/Finances -> Payment Report сайтында, он-лайн режимінде өзіңіздің Төлем туралы (Payment Report)  есебіңізді тексеру қажет.

    58. Қарыздың баржоғын және төлем мерзімдерін қайдан қарауға болады?
    59. Қарыз және төлем мерзімдері туралы ақпаратты онлайн режимінен көруге болады:

      www.kimep.kz -> Student Portal or For Students -> Study -> Payments and Finances -> Payment Report. Сонымен қатар сіз сайттың Академиялық күнтізбесінен де төлем күндерін тексеруіңізге болады.

    60. Бағалар жөніндегі ақпаратты қайдан табуға болады?
    61. Бағалар туралы ақпаратты онлайн режимінен табуға болады: www.kimep.kz -> Student Portal or For Students -> Study -> Grades and Assessment -> Checklist or Grades or Unofficial Transcript.

    62. Бағаларды өзгерту үшін қанша уақыт талап етіледі?
    63. Оқытушы қағаз жүзінде бағалар жөнінде ақпаратты берісімен, жүйеде де сәйкес өзгерістерді көруге болады.

    64. Он-лайнда қанша уақыт өткеннен кейін бағаларды қарауға болады?
    65. Тіркеу бөліміне бағалар жөнінде ақпарат қағаз жүзінде тапсырылған дәл сол күні он-лайнда да бағалар шығады.

    66. Мен “I” бағасын алған пәнге тіркелу керек пе?
    67. Пән үшін “I” бағасы болған жағдайда оған қайта тіркелу керек емес. “I” бағасын түзету үшін келесі семестрдің 7 аптасы бөлінеді (Каталог Incomplete Policy қараңыз).

    68. Үздік диплом алу үшін GPA (орташа үлгерім балы) қандай болуы керек?
    69. МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛГІДЕГІ ҚЫЗЫЛ ДИПЛОМ

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығының 65-тармағына сәйкес, емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А-, В-, В, В+ деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы 3,5-балдан төмен емес мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) “А”, “А-” деген бағаға тапсырған бакалавриат және арнайы жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыған студентке, барлық оқу кезенде қайта тапсырылған емтихандар болмағанда үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

      КИМЭП үздік дипломы КИМЭП ережелеріне сәйкес беріледі:

      Оқу бітірген кезде КИМЭП Университеті келесі үздік дипломдарды тағайындай отырып, студенттердің үздік академиялық үлгерімін атап өтеді: Cum Laude (үздік), Magna Cum Laude (жоғары үздік), және Summa Cum Laude (ең жоғары үздік). Оқуды үздік бітіргені студенттің транскриптінде көрсетіліп, оның дипломында белгіленеді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының түлектеріне ерекшелік беріледі.

      — ең жоғары үздік (Summa Cum Laude) диплом алу үшін GPA (орташа үлгерім балы) 4,25 тен төмен болмауы керек;

      – жоғары үздік (Magna Cum Laude) диплом алу үшін GPA (орташа үлгерім балы) 4,15 тен төмен болмауы керек;

      – үздік (Cum Laude) диплом алу үшін GPA (орташа үлгерім балы) 4,00 ден төмен болмауы керек.

      1. Студент туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауға қатысты қандай-да бір ережелер бар ма?
      2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңына және КИМЭП Университетінің ережесіне сәйкес кәмелеттік жасқа жеткен студент жеке және құпия ақпаратын (тіркелген пәндерінің саны, сабақ кестесі, оқу құны, қарызы, студент туралы деректер және т.б.) ашпау құқығын өзінде қалдырады.

      3. Ата-аналар студенттің жеке ақпаратын (бағалары, оқу түрі, төлем ведомосі және т.б.) беруді қалай сұрауына болады?
      4. Студент тіркеу бөлімінде SF 016 үлгісін («Студент туралы ақпаратты ашуға және пайдалануға келісім») көрсетіп, қол қоюы керек. Содан кейін ғана тіркеу бөлімі студент туралы жеке ақпаратты үшінші тұлғаға бере алады.

      5. Мен дипломды қашан аламын?
      6. Диплом алатын күн туралы ақпарат оқу бітіріп шыққаннан кейін тіркеу бөлімінде веб-бетте орналастырылатын болады. Оқу бітіру күндері туралы ақпаратты порталда қадағалауға болады (www.kimep.kz -> Student Portal or For Students -> Study ->Graduation Package – > Graduation Calendar).

      7. Менің дипломымды немесе тіркеу бөлімінен басқа құжаттарды менің атымнан басқа біреулердің (ата-анам, отбасы мүшелері және т.б.) алуына бола ма?
      8. Егер студент өзінің дипломын немесе басқа ресми құжаттарды (ҰБТ нәтижелері туралы сертификат, кәмелеттік аттестат) өзі ала алмайтын болса, онда оның атынан құжаттар алатын адам нотариалдық куәландырылған сенімхатты көрсетуі керек. Сол бойынша аталмыш адамға  КИМЭП Университетінің тіркеу бөлімінен студенттің құжатын алу құқығы беріледі.

      9. Сіздер дипломды пошта арқылы жібере аласыздар ма?
      10. Тіркеу бөлімі тек Қазақстан бойынша ғана дипломды пошта арқылы жібере алады. Тіркеу бөліміне өзіңіздің толық аты-жөніңіз бен пошта мекенжайын хабарлап айтуыңыз керек.

      11. КИМЭП Университетінің дипломы қандай?
      12. КИМЭП Университеті дипломының форматы халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған. Әдетте, халықаралық үлгідегі дипломдар A4 форматында жасалады. 2010 жылдан бастап КИМЭП Университетінің дипломдары тек ағылшын тілінде ғана беріледі. Дипломмен бірге ағылшын тілінде ресми транскрипт беріледі.

      13. Мемлекеттік үлгідегі диплом дегеніміз не?
      14. Мемлекеттік үлгідегі диплом Қазақстан Республикасында белгіленген стандарттарға сәйкес әзірленген. КИМЭП Университеті 2010 жылдан бастап өз дипломдарынан басқа өзінің түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом береді. Мемлекеттік үлгідегі диплом қазақ, орыс және ағылшын – үш тілдегі транскриптімен беріледі.

      15. 2010 жылға дейін институт бітірген КИМЭП түлектері мемлекеттік үлгідегі диплом ала ала ма?
      16. 2013 жылы Тіркеу бөлімі 2010 жылға дейін институт бітірген КИМЭП түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом шығаруға ресми рұқсат алды. Диплом шығаруға өтініш беру үшін құжаттар тапсыру қажет. Өтініш беру үшін https://www.kimep.kz сайтына – > КИМЭП түлектері – >Түлектерге арналған үлгілер – > кіріңіз. Диплом дубликатына тапсырыс беріңіз.

      17. КИМЭП Университетіне басқа жоғары оқу орындарынан кредитті қалай аударуға болады?
      18. Басқа жоғары оқу орнында белгілі бір пәндерді өткен студенттер өзінің кафедрасына кредиттерді аудару туралы өтініш берулері керек. Өтінішке пәндердің/оқу жоспарының сипаттамасы мен ресми транскрипті тіркеуі керек.

      19. Егер мен шетелден төлейтін болсам ше?
      20. Сіз ағылшын тілінде КИМЭП-тің банк деректемелерін көрсетіп, шетелден төлем жүргізуіңізге болады.

      21. Қай банкті көрсетуім керек?
      22. Bankcentercredit JSC

      23. Банкке КИМЭП-тің қандай шотын беру керек?
      24. КИМЭП Университеті төлемді теңгемен, АҚШ долларымен және еуромен қабылдай береді.
        Егер сіз АҚШ долларымен төлейтін болсаңыз, онда келесі шотты көрсетуіңіз керек:
        Центр Кредит Банкі» АҚ-нда ақыны төлеу үшін банк реквизиттері

      25. Банктің қандай кодын көрсету керек?
      26. Центр Кредит Банкі» АҚ-нда ақыны төлеу үшін банк реквизиттері

      27. Алушының аты-жөні
      28. KIMEP University JSC

      29. 51. Алушының мекенжайы
      30. 050010, Kazakhstan, Almaty, 4 Abai ave.

      31. Ақша шотқа қашан түседі?
      32. Сіздің КИМЭП-тегі шотыңызға ақша түсу үшін халықаралық ақша аударымы 2-3 аптаға созылатынын есепке алуыңыз қажет.