evision-corporate-image
bachelor-of-arts-in-translation-studies

Психология бакалавриаты (BPSY)

Бағдарлама туралы
Бұл бағдарламаның мақсаты – психология ғылымының теориялық негіздері мен негізгі әдістерін игерген кәсіпқойларды дайындау, сонымен қатар эксперименттер арқылы жеке тұлға, топ және ұйымды өлшеу, зерттеу және дамыту мақсаттарында қолданыла алатын дағдылар мен әдістерге машықтану арқылы психологияның қолданбалы салалары жөнінде терең түсінік қалыптастыру.

Егер сен:

  • жалпы психология, адамның мінез-құлқы және қоғам мәселелеріне қызығушылық танытсаң;
  • психология саласымен тығыз байланысты мансап құрғың келсе;
  • оқуды бітіре салысымен мамандық бойынша қызмет атқарғың келсе психология бакалавры бағдарламасы саған арналған!
Оқуға түсу талаптары және гранттар
Оқуға қабылдау талаптары
1. Орта мектеп аттестаты немесе колледж дипломы
2. Кем дегенде 50 балл жинаған және әрбір пәннен кемінде 5 баллы бар жарамды ҰБТ сертификаты, ҰБТ бейіндік пәндер таңдауында География және Биология болу қажет.
3. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі IELTS/TOEFL/Duolingo сияқты халықаралық сертификаттармен немесе КЕРТ тестімен расталуы тиіс.

Оқуға қабылдаудың соңғы мерзімі – 25 тамыз 2022 жыл.

Ең талантты үміткерлер университеттің ішкі гранттарына өтініш бере алады. КИМЭП Университеті толық оқу мерзімін қамтитын 100% және 50% гранттар ұсынады. Гранттарды іріктеу және үлестіру талаптарын сайтымыздан келесі сілтеме бойынша таба аласыз

Гранттарға өтініш берудің соңғы мерзімі – 13 шілде 2022 жыл

* Бағдарламаға қабылдау оның мазмұнын реми бекіткеннен және ЕСУВО ұлттық реестрінде жарияланғаннан кейін мүмкін

Мансаптық мүмкіндіктер
Бағдарлама кәсіби мансапқа жол ашады, әсіресе халықаралық контекстте академиялық мансап құру үшін негіз бола алады. Анализ, жоба жасау, адамдар арасында қарым-қатынасты дамыту, презентация мен байланыс құру дағдыларын талап ететін қызметтегі кіші лауазымда жұмысқа мықты үміткер боласыз.

Психология саласында жоғары білімі бар тұлғаларға арнлаған қызмет түрлері:

  • Терапия және кеңес беру
  • Тренинг және даму
  • Психикалық денсаулық сақтау
  • Адам ресурстары
  • Әлеуметтік қызметкер

Білім берудегі психология:

  • Мінез-құлық маманы
  • Кәсіби коучинг
  • Білімдік бағдарламалар зерттеушісі*
  • Мектеп психологы*
  • Кеңес беруші
  • Білімдік психолог
  • т.б.

Бағдарлама халықаралық стандарттарға сай келеді. Бағдарлама ұзақтығы 4 академиялық жыл.

Профессорлар-оқытушылар құрамы АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания университеттерінен әлемдік деңгейдегі докторлық дәрежелерін алған шетелдік және қазақстандық ұстаздардан тұрады.