evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
bachelor-of-arts-in-translation-studies

Психология бакалавриаты (BAP)

Бағдарлама туралы

Психология бакалавры бағдарламасының негізгі мақсаты – психология саласында  тиімді жұмыс істеуге қабілетті, үздіксіз кәсіби дамуға, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа  және әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істеуге дайын ғылыми –практикалық  психология саласында құзыретті, еңбек нарығында  бәсекеге қабілетті  деңгейге сәйкес келетін әрі бейінді мамандарды дайындау.

Бағдарламаның күтелетін оқу нәтижелері:

Жеке адамдар, қоғам және мәдениеттер психологиясын талдау үшін психологияның негізгі тұжырымдамаларымен, теориялық перспективаларымен, эмпирикалық тұжырымдарымен және тарихи тенденцияларымен танысуды көрсету.

  1. Психологияда зерттеудің негізгі әдістерін, соның ішінде зерттеу дизайнын, деректерді талдауды және түсіндіруді түсіну және қолдану; психологиялық құбылыстарды түсіндіру үшін ғылыми тәсілді қолдану қабілетін көрсету.
  2. Сыни және шығармашылық ойлау және ғылыми скептицизм; мінез-құлық және психикалық процестермен байланысты проблемаларды шешуде ғылыми тәсілді қолдану; зерттеу және практикалық міндеттер үшін инновациялық шешімдерді таба білу дағдыларын көрсету.
  3. Жеке, әлеуметтік және ұйымдастырушылық мәселелерге психологиялық принциптерді түсіну және қолдана білу; кәсіби рефлексия, жобалық менеджмент және командада жұмыс істеу дағдыларын көрсету.
  4. Психологиядағы кәсіби этиканы реттейтін халықаралық және ұлттық нормативтік ережелерді білу және қолдану;
  5. Позитивті кәсіби ортаны құруға ықпал ететін құндылықтарды қабылдау.
  6. Студенттер ақпараттық құзыреттілік пен компьютерлерді және басқа да технологияларды әртүрлі мақсаттарда пайдалану қабілетін көрсету.
  7. Әртүрлі әлеуметтік, кәсіби және академиялық контексттерде тиімді кәсіби және тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын және ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын көрсету.
  8. Әлеуметтік-мәдени әртүрліліктің күрделілігін түсіну және құрметтеу;
  9. Жаһандық сын-қатерлерге жауап беретін инклюзивті қоғамның дамуына ықпал ететін құндылықтармен бөлісу.

Оқу бағдарламасы

Психология бакалаврына қойылатын талаптар:

Курс cанаты Credits ECTS
Жалпы білім курстары 36 56
Міндетті курстар 33 51
Элективті курстар 3 5
Бағдарламалық дайындық/ Foundation/ 68 112
Міндетті курстар 35 57
Элективті курстар 33 55
Бағдарламаның мамандануы 36 60
Міндетті курстар 18 30
Элективті курстар 18 30
Қорытынды Аттестация 6 12
Бітіруге қажетті міндетті жалпы кредит 146 240

Жалпы білім (36 credits/56 ECTS)КIMEP катологындағы Жалпы білім туралы бөлімін қараңыз.

Бағдарламалық дайындық/Foundation/  (68 кредит / 112 ECTS)

Бағдарламалық дайындықтың /Foundation/   курстары KИМЭП

кредиттері

ECTS Пререквизит
Міндетті курстар

 

35 57  
ENG/GEN1121 Академиялық оқылым мен жазылым II 3 5 ENG/GEN1120 Академиялық оқылым мен жазылым I
ENG/GEN1100 Ағылшын тіліндегі академиялық айтылым 3 5 ENG/GEN1110 Aкадемиялық тыңдалым мен жазба жасау

Жалпы Еуропалық құрылым: B2 -ден кейін

KAZ2101-2103/

RUS2101-2103

Кәсіби қазақ тілі /Орыс тілі 2 3 KAZ1502-2204/RUS1301-2001
COGN/GEN1201 Психологияға кіріспе

 

3 5  

Жоқ

PSYxxxx Нейропсихология 3

 

COGN2103 Когнитивтік психологияға кіріспе 3 5 COGN1201 Психологияға кіріспе
 

PSYxxxx

Сана мен Ми

 

3
Әлеуметтануға кіріспе

 

3
PSYxxxx Даму психологиясы

 

3
 

 

Статистикаға кіріспе  (психология мамандығы бойынша) 3
PSYxxxx Қоғамдық психология

 

3
PSYxxxx Aкадемиялық тағылымдама 3 4 Бағдарлама бойынша кем дегенде 56 кредит (90 ECTS)
 

Элективті курстар

 

33 55  
COGN2202 Оқу мен есте сақтау 3 5 COGN1201 Психологияға кіріспе
PSYxxxx Психология философиясы

 

3 5
COGN1202 Психолингвистика: Тіл мен Сана 3 5 COGN1201 Психологияға кіріспе
COGN2201 Қабылдау

 

3 5 COGN1201 Психологияға кіріспе
PSYxxxx Ұйымдастыру психологиясы 3 5
PSYxxxx

 

Бала дамуы 3 5
PSYxxxx Адам биологиясы 3 5
PSYxxxx

 

Отбасылық психология
PSYxxxx

 

Кеңес беру 3 5
PSYxxxx

 

Тұлғаның бейімделу психологиясы 3 5
PSYxxxx

 

Жеке даму 3 5

Бағдарламаның мамандануы (36 кредит/60 ECTS)

Бағдарламаның мамандануы бойынша курстар КИМЭП кредиттері ECTS Пререквизит
Міндетті курстар

 

18 30  
PSYxxxx Білім беру психологиясына кіріспе

 

3 5
PSYxxxx Психологиялық тестілеу

 

3 5
PSYxxxx Эксперименттік әдістер және деректерді талдау 1

 

3 5
PSYxxxx Эксперименттік әдістер және деректерді талдау 2 3 5
PSYxxxx Клиникалық тестілеуге кіріспе 3 5
PSYxxxx Кәсіби тағылымдама

 

3 5 Академиялық тағылымдама
Элективті курстар 18 30  
PSYxxxx Жағдаяттық, оқу және мінез-құлық

 

3 5
PSYxxxx Когнитивтік психология бойынша семинар

 

3 5
PSYxxxx Әлеуметтік/ Тұлға  психологиясы бойынша семинар 3 5
PSYxxxx Даму психологиясы бойынша семинар

 

3 5
PSYxxxx Білім беру психологиясы бойынша семинар 3 5
 

PSYxxxx

Психопатология 3 5

Қортынды аттестация (6 кредит / 12 ECTS)

Қорытынды аттестациялық курстар КИМЭПкредиттері ECTS Пререквизит
CLP4102 Дипломдық жұмыс I 3 6 Курс жұмысына 90 кредит
CLP4103 Дипломдық жұмыс II 3 6 Дипломдық жұмыс II

Жалпы саны: 146  кредит  (240 ECTS)

COGN/PSY1201  Психологияға кіріспе

Пререквизит: ENG/GEN1121

Курс психология саласындағы негізгі теория мен ішкі бөлімдеріне шолуды қамтиды. Студенттер психология саласындағы кең ауқымды, оның ішінде когнитивтік психология, әлеуметтік психология мен адамның психологиялық дамуы тәрізді салаларындағы еңбектерді зерттейді. Курс барысында психология саласындағы классикалық теориялармен танысып, зерттеу әдістерімен танысады.

PSYxx  Тұлғаның бейімделу психологиясы

Пререквизит:

Курс барысында дамудың психологиялық кезеңдері мен бейімделудің негізгі теориялық қағидаларымен танысады. Студенттер әлеуметтік және әрекетке итермелейтін күштермен күрестің тиімділігін терең түсініп, күрделі әлеуметтік және мінез-құлыққа қатысты құбылыстарды түсіну мен жақсарту барысында психологияның өзге пәндерге сүйенудің маныздылығын түсінеді.

PSYxx  Эксперименттік әдістер және деректерді талдау 1

Пререквизит:

Ғылыми әдістің көмегімен психология саласында білім дамиды. Әзірлеу мен болжамдарды зерттеу, деректерді жинау, статистикалық әдістердің көмегімен гипотезаларды тексеру, түсіндіру мен статистикалық нәтижелерді  ұсыну. Зерттеу әдістемесі, сипаттамалы статистика мен тұжырымдар статистикасы,  Statistical Package for the Social Sciences (SPSS) компьютерлік  бағдарламалық қамсыздандыруды психологиялық деректерді талдауда пайдалану.  Студенттер тақырыптың зерттелуі мен зерттеудегі ұсынысқа жауапты болады.

PSYxxxx Эксперименттік әдістер және деректерді талдау 2

Пререквизит:

PSYC 211-інде енгізілген тұжырымдамаға негізделген статистикалық әдістер. Теориялық статистика мен параметрлік емес статистикалық рәсімдерді меңгеру. Студенттер PSYC 211 ұсыныстарында баяндалған зерттеулер жүргізіп, APA стилінде ғылыми жұмыс жүргізеді. Аталған курсты PSYC 211 кейін курсты жүргізеген оқытушымен бірге өтуі қажет. Алдын- ала қойылатын талап: PSYC 211-дің C немесе жоғары деңгей.

PSYxxxx Ұйымдастырушылық  психология

Пререквизит:

Курс кәсіптік/ ұйымдастырушылық психология саласының тарихын, заманауи үрдістер мен  жетістіктерге арналады. Студенттер еңбек нарығында психологияның қолдануымен танысып, аталған пәннің ғылым және практикалық ынтымақтастық негізгі құралы ретінде қол жеткізе алу мүмкіндігімен танысады. Курс барысында студенттер жұмыс беруші, еңбек өнімділігін арттыру мен қызметкерлердің әл-ауқатын дамытудың әсері мен ара-қатынасына әсер етуші факторларын қарастырады.

PSYxxxx  Психология философиясы

Пререквизит:

Сананың философиялық және эмпирикалық теорияларын зерттеу. Негізгі сауалдар: Сана дегеніміз не? Сана мен әрекеттің байланысы, саналы тәжірбиенің сипаты қандай? Курс барысында сананың әрекеттік, материалдық және функционалдық қыры таныстырылады және заманауи когнитивтік психология,  жасанды интелект пен когнитивтік психология, когнитивтік нейрология мен философия  пәнаралық салаларда анықталған негізгі тәсілдер қарастырылады.

COGN/PSY2103 Когнитивтік психологияға кіріспе (3 кредит/5 ECTS)

Пререквизит: COGN1201 Психологияға кіріспе

Курста адам танымының негізгі салалары, оның ішінде әлем жайында ақпаратты қабылдау (қабылдау мен назар аудару), алған ақпаратты түсіндіру мен сақтау кезеңдерін, ақпаратты алу мен пайдалану (когнитивтік қызметтің жоғарғы деңгейі/шешім қабылдау) талқыланады.

COGN/PSY1202 Психолингвистика: тіл және сана  (3 кредит/5 ECTS)

Пререквизит:  COGN1201 Психологияға кіріспе

Курста психолингвистика теориясы мен негізгі тақырыптарымен танысып, адам санасының тілді пайдалану мен өңдеу кезеңдерімен танысады. Тілдің қызметімен байланысты мидың қызметін қарастырып, зерттеудің заманауи теориялары мен әдістерін зерттеледі. Курста көптілділіктің психологиялық  салдары, бірінші және екінші тілді меңгерудің  психологиялық аспектілері қарастырылады.

COGN2201/PSY Қабылдау (3 кредит/5 ECTS)

Пререквизит: COGN1201 Психологияға кіріспе

Қоршаған әлемді біздің қабылдауымыз және түсіндіруіміз қандай? Курс қабылдау мен  сенсорлық өңдеудің психологиялық және неврологиялық негіздерін зерттейді. Курста мидың сырттан келетін ақпаратты өңдеуі және көзбен көрген әрі естіген ақпаратты талдауына арналады.

COGN/PSY2202  Оқыту және жады  (3 кредит/5 ECTS)

Пререквизит: COGN1201 Психологияға кіріспе

Ми ақпаратты қалай сақтайды? Жаңа тұжырым жасауда ақпаратты қалай іріктеп  пайдалануымыз қажет? Басқаша айтқанда, біздің  үйрену үдерісіміз қандай? Курс осы  сауалдарға жауап беруге тырысып, оқыту мен жадыға қатысты озық теорияларымен таныстырып, нақты саладағы зерттеу әдістері мен өзге де қолданбалы салалардың пайда болуына әсерін қарастырады.

PSYxx  Сана және ми

Пререквизит:

Курс адамның танымдық үдерістер мен әрекеттерге мидың әсерін қарастырып, назар, қабылдау, оқыту, жады, тіл, эмоция, әлеуметтік ықпалдасу мен сана тәрізді тақырыптарды қамтиды. Курс ми құрылымы мен әрекеттердің, нақты айтқанда когнитивтік үдерістердің қатынасын қарастырады. Студенттер ми, ой мен әрекеттің  ортақ қарым-қатынасын түсінуге қажетті әдістерді зерттейді.

PSYxx  Жағдаяттық, оқу және  мінез-құлық

Пререквизит:

Жануар  мен адамдарды оқыту  үдерісі кезіндегі құбылыстар және жағдаяттық рәсімдер. Негізгі сауалдар, зерттеу нәтижелері мен  оқыту мен шарттылықтың замануи теориялары Оқытуды зерттеудің мінез-құлықтық тәсілі. Қамтылатын тақырыптар: классикалық және құрал- аспаптық жағдаят жасау мен олардың ықпалдастығы, күшейту, жалпылау, бақылауды ынталандыру, оқудағы биологиялық шектеулер, жағдаяттың пен оқытудың когнитивті құрамдас бөліктері. Зертханалық жұмыстар.

PSYxxxx  Әлеуметтік психология

Пререквизит:

Әлеуметтік психология саласындағы  теориялық және эмпирикалық негізгі зерттеулерге, оның ішінде адамның қабылдауы және әлеуметтік таным, қарым-қатынас пен сенім, ешбір деректерге сүйенбеген адам ойы мен стереотип, қызығушылық пен әрекетке шолу. Курс барысында кейбір теориялық қолданыстар, әлеуметтік – психологиялық сауалдар мен мәселелерге әдістемелік тәсілдер қарастырылады.

PSYxxxx Психологиялық тестілеу

Пререквизит:

Адам мінез-құлқының кеңінен қолданылатын көрсеткіштерінің сапасын бағалау дағдыларын дамыту мүмкіндігі. Нормалар, сенімділік және негізділік туралы негізгі материалдар сынақтарды бағалауға, басқаруға және түсіндіруде қазіргі уақытта клиникалық, өндірістік және оқу орындарында қолданылуы. Тақырыптар этика, тестілеу және құқық және тест дизайнын қамтиды. Пререквизит: PSYC 211.

PSYxx  Әлеуметтік психология  бойынша  семинар

Пререквизит:

Әлеуметтік психология және/немесе тұлға психологиясының қазіргі мәселелері. Сұрақтар жаңа пәндік өзгерістерге немесе нұсқаушы мүддесіне сәйкес  өзгереді.

PSYxxxx Когнитивті психология бойынша семинар

Пререквизит:

Эксперименттік және когнитивтік психологиядағы жаңа әзірлемелер және заманауи мәселелер.

PSYxxxx Даму психологиясы бойынша семинар

Пререквизит:

Даму психологиясының қазіргі мәселелері, даму теориясы және әдістемесі адам денсаулығы мен әл-ауқатына әсер ететіндігіне бағытталған. Тақырыптар жылдан жылға өзгеруде. Тақырыптар даму психология саласындағы  мамандарының қазіргі әлеуметтік мәселелерді түсіндіру, бағалау және араласудағы практикалық тәсілдеріне арналады.. Ғылымның дамуы тұрғысынан әртүрлі мәселелердің жеке және әлеуметтік салдары. Даму психологиясына этикалық және мәдени  нормалардың әсері.

Білім беру психологиясы бойынша семинар

Пререквизиттер: PSYxxxx Білім беру психологиясына кіріспе

Психологияның білім берудегі рөлі. Педагогикалық зерттеулердің қазіргі педагогикалық тәжірибеге және оқу жоспарын құруға қосқан үлесі. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулерді білім берудің өзекті мәселелерін шешуде қолдану. Оқыту мен оқытуды түсінудің теориялық және практикалық тәсілдері

PSYxxxx Бала дамуы

Пререквизит:

Бала дүниеге келіп, жеткіншек кезеңге дейінгі дамуы. Осы аралықтағы физикалық, әлеуметтік- эмоционалдық, когнитивтік дамуындағы ағымдағы мәселелер, зерттеулер және теориялар. Курс физикалық өзгерістер, жақындық, эмоциялар, тәрбие, адамгершілік, тіл, есте сақтау, білім, құрдастар арасындағы қарым-қатынас, агрессия және гендерлік сәйкестік тәрізді тақырыптарды қамтиды. Даму әдістемесі және эмпирикалық дәлелдемелер.

PSYxxxx Нейропсихология

Пререквизит:

Бұл курс студенттерге ми мен мінез-құлық арасындағы байланыс туралы негізгі түсінікті беретін құрылымдалған адам нейропсихологиясына кешенді кіріспе болып табылады. Қарастыралытын тақырыптарға: нейропсихологияның негіздері, жүйке жүйесінің құрылымы, мидың негізгі қызметтері, когнитивтік функциялар, мидың өз қызметін атқармауы жайында  презентациялар кіреді.

PSYxx Клиникалық психологияға кіріспе

Пререквизит:

Бұл курс студенттерді клиникалық психологиямен, оның ішінде емдеу тарихы, клиникалық психологиядағы ғылымның рөлі және емдеу мен зерттеулерді негіздейтін негізгі парадигмалар сияқты тақырыптармен таныстырады. Курс сонымен қатар жиі кездесетін психикалық дерттерді зерттейді.

PSYxxxx  Отбасылық психология

Пререквизит:

Отбасындағы ахуал балалардың дамуы мен ересектердің бейімделу үдерісінде маңызы ерекше. Курста біз ата-ана тәрбиесі және отбасылық қарым-қатынасты дамытудың негізгі теориялары мен үлгілерін зерттейміз. Сондай-ақ функционалды және дисфункционалды отбасылық қарым-қатынастар мен мінез-құлықтарды, сондай-ақ мұндай өзара әрекеттесуді бағалаудың тиімді жолдарын қарастырамыз. Сонымен қатар, әлеуметтік, эмоционалдық, мінез-құлық және денсаулық проблемаларының алдын -алу мақсатында даму модельдерін қолдану мен әсер ету, клиникалық ықпал ету, басқарудағы ата-аналық араласудың рөліне назар аударылады.

PSYxxxx Кеңес беру

Пререквизит:

Бұл курс кеңес берудің әртүрлі тәсілдеріне, терапевтік қарым-қатынастарға, құқықтық және этикалық мәселелерге және терапевтік тәсілдерге бағытталған. Неке, отбасы, жыныстық қатынас, нашақорлық, балалар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық тәрізді салалармен байланысты кеңес берудің түрлеріне басымдық беріледі.

PSYxx Білім беру психологиясына кіріспе

Пререквизит:

Бұл курс білім беру психологиясындағы теориялар мен зерттеулер жайында түсінік береді. Қамтылған тақырыптарға мектеп жылдарындағы когнитивтік, әлеуметтік және физикалық даму, оқыту теориялары, педагогикалық тәсілдер, мотивация, бағалау және жеке айырмашылықтар кіреді.

PSYxx Даму психологиясы

Пререквизит:

Курс адамның жетілуі мен дамуын зерттейді. Адамның дүниеге келгеннен бастап  өмірден өткенге дейінгі дамудың физикалық, когнитивтік және психоәлеуметтік аспектілеріне қатысты негізгі теориялар мен мүмкіндіктер қарастырылады. Курсты тәмамдаған студенттер  адам дамуы жайында білімге ие болып, қажетті кезде пайдалана алады.

Оқуға түсу талаптары және гранттар
Оқуға қабылдау талаптары
1. Орта мектеп аттестаты немесе колледж дипломы
2. Кем дегенде 50 балл жинаған және әрбір пәннен кемінде 5 баллы бар жарамды ҰБТ сертификаты, ҰБТ бейіндік пәндер таңдауында География және Биология болу қажет.
3. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі IELTS/TOEFL/Duolingo сияқты халықаралық сертификаттармен немесе КЕРТ тестімен расталуы тиіс.Оқуға қабылдаудың соңғы мерзімі – 25 тамыз 2022 жыл.Ең талантты үміткерлер университеттің ішкі гранттарына өтініш бере алады. КИМЭП Университеті толық оқу мерзімін қамтитын 100% және 50% гранттар ұсынады. Гранттарды іріктеу және үлестіру талаптарын сайтымыздан келесі сілтеме бойынша таба аласызГранттарға өтініш берудің соңғы мерзімі – 13 шілде 2022 жыл* Бағдарламаға қабылдау оның мазмұнын реми бекіткеннен және ЕСУВО ұлттық реестрінде жарияланғаннан кейін мүмкін

Мансаптық мүмкіндіктер
Бағдарлама кәсіби мансапқа жол ашады, әсіресе халықаралық контекстте академиялық мансап құру үшін негіз бола алады. Анализ, жоба жасау, адамдар арасында қарым-қатынасты дамыту, презентация мен байланыс құру дағдыларын талап ететін қызметтегі кіші лауазымда жұмысқа мықты үміткер боласыз.

Психология саласында жоғары білімі бар тұлғаларға арнлаған қызмет түрлері:

  • Терапия және кеңес беру
  • Тренинг және даму
  • Психикалық денсаулық сақтау
  • Адам ресурстары
  • Әлеуметтік қызметкер

Білім берудегі психология:

  • Мінез-құлық маманы
  • Кәсіби коучинг
  • Білімдік бағдарламалар зерттеушісі*
  • Мектеп психологы*
  • Кеңес беруші
  • Білімдік психолог
  • т.б.

Бағдарлама халықаралық стандарттарға сай келеді. Бағдарлама ұзақтығы 4 академиялық жыл.

Профессорлар-оқытушылар құрамы АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания университеттерінен әлемдік деңгейдегі докторлық дәрежелерін алған шетелдік және қазақстандық ұстаздардан тұрады.

Juldyz-Smagulova-6

Д-р Жулдыз Смагулова

(English) Associate Professor, Dean

Толығырақ:

Phone:  +7 (727) 270 43 68, ext. 2112
Email: juldyz@kimep.kz
Address: 2 Abai Ave., Almaty, Kazakhstan, Dostyk Building, office #228


Karina Narymbetova (3)

Karina Narymbetovа, CSc

(English) Assistant Professor, Associate Dean

Толығырақ:

CSc, Assistant Professor
LC Deputy Director

Karina Narymbetova received her Candidate of Philological Sciences from al-Farabi Kazakh National University (2009, Kazakhstan), and her MA in TESOL from KIMEP University (2016).

Her research interests are principally in the area of literary studies, language education, and teacher training. Her research on comparative literary studies was partly done under JFDP fellowship as a visiting scholar in 2004-2005 at the WSU and University of Washington, USA. She is a self-directed, action-oriented professional with over 20 years’ experience in education who has developed a diverse teaching and training record. As a British Council Researcher Connect Trainer she has worked in a training and consultancy capacity with teachers and researchers. She has made keynote and workshop presentations for many national and international conferences on various aspects of teaching & learning.

She teaches both undergraduate and graduate students and believes it is important to understand different learning styles and strengths that students bring to class. Her favorite part of teaching is searching for approaches to help struggling students to cope with challenging material.

Publications:

  • Narymbetova, K. (2019, august). Elementary literacy program in Kazakhstan. Learning from the past for the future: Literacy for all. Copenhagen, Denmark.
  • Babeshko, Y. & Narymbetova, K. (2019, august). Are you “instateacher”? Academic literacy through social network sites. Learning from the past for the future: Literacy for all. Copenhagen, Denmark.
  • Narymbetova, K., Kulichenko Y. (2016). Literacy and Education: raising the intellectual potential of Kazakhstan. Symposium proceedings New trends in Science and Education. pp. 76-78
  • Narymbetova, K, (2016). Literacy Assessment and Evaluation Practices in Kazakhstan: Teachers’ Perspective. Paper presented at the international conference 3rd Baltic – 17th Nordic Literacy Conference. Turku, Finland
  • Narymbetova, K. (2016). Kazakhstan in the works of American writers. In Y.K. Kalizhanov (Eds), Kazakh-American Literary relations: Present and Future. pp. 82-115
  • Narymbetova, K. (2016). American image in Kazakh literature. In Y.K. Kalizhanov (Eds), Kazakh-American Literary relations: Present and Future. pp. 116-138
  • Narymbetova, K. (2016). Poetry of Kanapiyanov, Kenzheyev and Kodar in foreign publications. In Y.K. Kalizhanov (Eds), Kazakh-American Literary relations: Present and Future. pp. 212-231
  • Narymbetova, K. (2017, April). Literacy assessment and evaluation practices in Kazakhstan: teachers’ perspective. Paper presented at the international conference “Governance and Communication: Between Modernity and Post-Modernity”, KIMEP. Almaty

Karina Narymbetova,
Senior Lecturer, CSc
LC Deputy Director
Language Center, KIMEP University
2, Abai Ave., 050010, Almaty
tel # 7 727 270-43-71, ext 2617
nkarina@kimep.kz


Mr.-John-Sedwick-Westbrook

John Sedwick Westbrook , MFA, MA

(English) Senior Lecturer

Толығырақ:

John Westbrook holds an MFA in Creative Writing, with a concentration in poetry, from the University of Florida (2012, USA). He completed an MA in English at the University of Tulsa (2017, USA) and a BA in English at the Rice University (2009, USA).

His research interests include contemporary Anglophone poetry, poetry in translation, and creative writing pedagogy. He formerly served as assistant poetry editor for the American literary journal Subtropics and now serves as co-editor of KIMEP’s new humanities journal Language, Culture, Environment. His poems and translations have appeared in publications such as the Manchester Review, the New Criterion, and the Southern Review.

Mr. Westbrook teaches Academic Reading and Writing II and Introduction to Films.


Askat Tleuov

(English) Askat Tleuov

(English) Assistant Professor

Толығырақ:

Кешіріңіз, беттің осы нұсқасын келесі тілдерде оқи аласыз: Американдық Ағылшын Тілі.


George Rueckert (5)

(English) George Rueckert, PhD

(English) Assistant Professor for English and Translation,
Director of Undergraduate and Graduate Programs

Толығырақ:

Кешіріңіз, беттің осы нұсқасын келесі тілдерде оқи аласыз: Американдық Ағылшын Тілі.


Konstantinos Kristofer Dimitriou (6)

(English) Konstantinos Kristofer Dimitriou

(English) Assistant Professor

Толығырақ:

Кешіріңіз, беттің осы нұсқасын келесі тілдерде оқи аласыз: Американдық Ағылшын Тілі.


Maganat Shegebayev (1)

(English) Maganat Shegebayev, MA TESOL

(English) Associate Professor

Толығырақ:

Кешіріңіз, беттің осы нұсқасын келесі тілдерде оқи аласыз: Американдық Ағылшын Тілі et Орыс Тілі.


Su Jin Lee (1)

Su Jin Lee, PhD

(English) Assistant Professor

Толығырақ:

Short Biography

Dr. Su Jin Lee is an assistant professor of Language Center, KIMEP University. She received her Ph.D. from the State University of New York at Buffalo in 2009. Prior to joining KIMEP, she was a head researcher and director of Practical English Education Center at Hanyang University, South Korea. Her research interests focus on three interrelated areas of concerns: a) effective instructional methods to develop English as a Second/Foreign Language (ESL/FL) learners’ literacy skills; b) flipped learning strategies to engage ESL/FL learners; and c) young learners’ ESL/FL literacy development. Most importantly, Dr. Lee is passionate and enthusiastic about her teaching; she constantly improves her teaching skills to help students be knowledgeable and critical about content areas. Dr. Lee is currently teaching Academic Reading and Writing II, Academic English Speaking, Curriculum Design, Teaching English through Children’s Literature, Introduction to Second Language Acquisition and Second Language Acquisition Research.

Current Publications

  • Lee, S. J. & Lee, D. (2016). Effects of Corrective Feedback on Grammatical Accuracy of EFL Writing. Learner-centered Curriculum and Instruction, 16(11).
  • Lee, D. & Lee, S. J. (2017). Effect of Two Types of Feedback on Accuracy Development of L2 Writing. Learner-centered Curriculum and Instruction, 17(17).
  • Lee, S. J. & Yoon, H. K. (2018). Input talks: a case study of one experienced preschool teacher’s use of English input. Learner-centered Curriculum and Instruction, 18(16).
  • Lee, S. J. (in progress). Kazakhstani graduate students’ perceptions of flipped instruction. The Journal of Modern British & American Language & Literature 37(1).


Matthew Hall

Dr. Matthew Hall is an professor at the College of…

Толығырақ:

Dr. Matthew Hall is an professor at the College of Humanities and Education. He received his PhD in psychology from Nottingham Trent University. He has an extensive publication list including books, book chapters, and journal papers.

Selected publications:

  1. Hall, M., Hearn, J. & Lewis, R. (2022). Digital Gender-Sexual Violations: Violence, Technologies, Motivations. London: Routledge. ISBN: 9780367686123. October 26.
  2. Hall, M. & Hearn, J. (2020). Revenge Pornography: Gender, sexuality and motivations. Paju, South Korea : Hyundae Jisung. ISBN : 979-11-90398-05-3 03330. January 3.
  3. Hall, M. & Hearn, J. (2017). Revenge Pornography: Gender, sexuality and motivations. London: Routledge. ISBN: 9781138124394. September 8.
  4. Hall, M. (2014). Metrosexual Masculinities. London : Palgrave Macmillan. ISBN: 9781137404732. December 5


Herman Bosman Grobler

Herman Grobler is an professor at the College of Humanities…

Толығырақ:

Herman Grobler is an professor at the College of Humanities and Education. He is a graduate of  He is an academic professional with experience of more than twenty years in teaching and research within the Higher Education environment. Since 2000, he has been teaching in undergraduate and graduate courses. Subjects that he has taught, include the following: Introduction to Psychology, Developmental and Growth Psychology, General and Specific Teaching Methods, Education Terminology, Counselling and Guidance, Psychological Evaluation and Psychometrics, Sociology, Project Management and Ethics, Play Therapy, Mixed Methods Research, and Qualitative Research.

Selected publications:

  1. Petersen, C.A., Grobler H.B., & Botha, K.F.H. 2018. Reconstructing Adolescent Identity within the Context of Family Violence. Southern African Journal of Social Work and Social Development, 30(3). https://doi.org/10.25159/2415-5829/2005
  2. Grobler, H.B., & Wessels, S. 2018. Hear their voices: self-configuration experiences of learners with mild learning difficulties within the learner-teacher relationship. International Journal of Development, Disability and Education. https://doi.org/10/1080/1034912X.2018.1499878
  3. Leburu, K., Grobler, H.B., & Bohman, D. 2018. Older people’s competence to use mobile phones: An exploratory study in a South African context. Gerontechnology, 17(3), 174-180.
  4. Louw, C.J., Grobler, H.B., & Cowden, R. 2018. Strengthening Intellectually Challenged Adolescents’ Sense of Self: an Appreciative Inquiry Mixed Methods Intervention. HealthSAGesondheid.
  5. Grobler, H.B., Du Plooy, K., Kruger, P., & Ellis, S. 2021. The prevalence of common mental disorders and its correlation with mental toughness in professional South African rugby players. South African Journal of Psychology. https://doi.org/10.1177/00812463211009422