ҚҰҚЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҰЛТТЫҚ ГРАНД ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ЖӘНЕ СТИПЕНДИЯЛАР БАЙҚАУЫ 2026
Алматы | 2026 жылғы 28–29 наурыз | 100% дейінгі стипендиялар
КИМЭП Құқық мектебінің ағылшын тіліндегі ұлттық пікірсайыс турнирі КИМЭП Университетімен Алматы қаласында жыл сайын көктемде ұйымдастырылатын жарыс. Оған КИМЭП-ке оқуға түсе алатын бүкіл Қазақстанның жоғары сынып оқушылары мен колледждердің соңғы жылында оқитын студенттері қатыса алады.
Турнир Құқық мектебінің Зияткерлік олимпиада қызметін атқарады және болашақ белсенді және дарынды құқықтанушыларды анықтауға арналған. Қатысушылар ағылшын тіліндегі парламенттік пікірталас форматында топтарға бөлініп жарысқа түсіп, сыни ойлау, дәлел келтіру және коммуникативтік дағдыларын көрсетеді.
Жеңімпаздар және ерекше көзге түскен спикерлерге КИМЭП Университетінің құқық бакалавры бағдарламасында білім алуға стипендиялар беріледі.
Ескертпе:
Турнир ағылшын тілінде өтеді. Барлық пікірталастар, ресми қарым-қатынас пен ережелер тек ағылшын тілінде жүзеге асырылады.
Пікірталас турнирінің ережелері төменде ағылшын тілінде берілген.
I. Маңызды даталар (2026):
- 2026 ж. 15-ақпан – Тіркелудің соңғы мерзімі мен турнирдің алдын-ала іріктеу кезеңдерін жариялау;
- 2026 ж. 28 – 29-наурыз – Турнир, Алматы қ., Абай даңғ. 2 мекенжай бойынша КИМЭП Университетінде офлайн форматында.
II. Турнирге қатысу талаптары
- 2026 ж. күзде КИМЭП-е оқуға түсе алатын Қазақстанның орта мектептерінің/кәсіби оқу орындарының бітірушілері
- Кез-келген азаматтығы бар тұлғалар
- Ағылшын тілін кемінде B2 деңгейінде игеру: IELTS 6.5 or TOEFL iBT 85.
- КИМЭП-тің басқа факультеттерінің зияткерлік олимпиада іс-шараларына қатыспау.
III. Турнирге қатысуға өтінім беру рәсімі
- 1–қадам. Екі адамнан тұратын команда құру. Турнир командалық жарыс. Бір команда екі адамнан тұрады.
- 2–қадам. Онлайн тіркелу қажет. Команданың екі мүшесі де барлық тіркеу өрістерін уақытында толтырып, талаптарға сай келетіндігін растайтын құжаттарды ұсынуы керек.
- 3-қадам. Турнирдің форматы, ережелерді түсіндіру және түсініктемелер туралы жаңалықтар мен хабарландырулар жариялайтын Telegram арнасына жазылып, оны үнемі бақылаңыз.
IV. Пікірсайыс форматы
Ескерту: Турнир ағылшын тілінде өткізіледі
Пікірсайыс парламенттік пікірталас ретінде КИМЭП қабырғаларында офлайн түрде өткізіледі. Турнир барлық қатысушылар үшін іріктеу раундтарынан басталады, раунд саны командалардың жалпы санына байланысты анықталады (әдетте үш раунд). Іріктеу раундтары аяқталғаннан кейін турнир комитеті нәтижелері ең үздік төрт команданы жартылай финалға іріктейді. Одан кейін үздік екі команда арасында ақтық раунд өтеді.
Әрбір раундта ұсынылған қарар бойынша пікірсайыс өткізеді. Турнир комитеті қай команданың қай тарапты қорғайтынын анықтайды және әр команданың тараптарды кезекпен аауыстырып отыруын қадағалауға тырысады. Әділқазылардың сол отыратын команда қарарды қолдайтын тарап, яғни Жақтаушылар ретінде сөз сөйлейді. Әділқазылардың оң жағфнда отырған команда Қарарға қарсы тарап – Қарсыластар ретінде пікір білдіреді.
Жартылай финал мен ақтық финал раундтарында қай команданың қай тарапты қорғайтыны жеребе тастау арқылы анықталады. Жартылай финалға шыққан төрт команданың жеңімпаздары чемпиондық финалдық раундқа жолдама алады, ал жеңілген командалар үшінші және төртінші орындарды анықтау үшін өзара пікірсайыс өткізеді.
Әрбір раундтың құрылымы:
1ші Жақтаушының конструктивтік сөзі 7 мин.
Қатысушы өзін таныстырады, терминдердің анықтамасын береді (егер қолданылса), қарарды қолдайтын дәлелдер келтіреді және оларды растайтын дәлелдер келтіреді.
1ші Қарсыластың конструктивтік сөзі 7 мин.
Қатысушы өзін таныстырады, Жақтаушының дәлелдерін жоққа шығарады және қарарға қарсы дәлелдер келтіреді.
2ші Жақтаушының конструктивтік сөзі 7 мин.
Қатысушы 1-ші жақтаушының сындарлы сөзінің түпнұсқалық тұжырымдарын жалғастырады, 1-ші қарсыластың сындарлы сөзінің дәлелдерін жоққа шығарады және дәлелдемелермен расталған қарарды қолдайтын қосымша дәлелдер келтіреді.
2ші Қарсыластың конструктивтік сөзі 7 мин.
Қатысушы қарарға қарсы 1-ші Қарсыластың сындарлы сөзін күшейтеді және жаңа дәлелдер мен жаңа аргументтерді ұсынады..
Қарсыластың теріске шығару сөзі 4 мин.
Жаңа дәлелдерсіз дәлелдер мен қорытындылардың қысқаша мазмұны.
Жақтаушының теріске шығару сөзі 5 мин.
Жаңа дәлелдерсіз дәлелдер мен қорытындылардың қысқаша мазмұны.
Ақпараттық сұрақтарға (Points of Information) рұқсат етіледі. Олар қарсы тараптың сөзі барысында студент орнынан тұрған кезде беріледі. Студент «Point of Information» деп айтады, ал егер қарсы тараптағы студент «Accepted» деп жауап берсе, онда студент пікір білдіре алады немесе түсіндірме сұрай алады. Қарсы тараптағы студент «not at this time» деп айтып, ақпараттық сұрақты қабылдамауға құқылы. Әр раунд барысында командалар кемінде бір ақпараттық сұрақты қабылдауы тиіс.
V. Төрешілік
Қазылар алқасы әр команданың және әр спикердің сендіре білу қабілетін бағалайды, бұл ретте олардың сөз құрылымын, логиканы қолдануын және дәлелдерінің салмағын ескереді. Әр раундта бір жеңімпаз және бір жеңілген команда анықталады. Тең нәтиже қарастырылмайды. Қазылар әр спикерге жеке баға қояды. Қатысушылар бағалау критерийлерінің толық сипаттамасымен Турнирдің Telegram-арнасынан таныса алады.
- Стипендиялық марапаттар
Турнир аясында алты стипендия тағайындалады:
- 1-орын алған команда: команданың екі мүшесіне де КИМЭП Құқық мектебінің бакалавриат бағдарламасына 4 академиялық жылға 100% стипендия беріледі.
- 2-орын алған команда: команданың екі мүшесіне де КИМЭП Құқық мектебінің бакалавриат бағдарламасына 4 академиялық жылға 50% стипендия беріледі.
- Үздік спикер: КИМЭП Құқық мектебінің бакалавриат бағдарламасына 4 академиялық жылға 100% стипендия алады. Үздік спикер Турнир комитеті жүргізетін есептеулер негізінде анықталады, бұл есептеулерде спикер жинаған ұпай саны, команданың қанша рет жеңіске жеткені және басқа да критерийлер ескеріледі.
- Екінші үздік спикер: КИМЭП Құқық мектебінің бакалавриат бағдарламасына 4 академиялық жылға 50% стипендия алады. Үздік спикер сияқты, екінші үздік спикер де Турнир комитетінің есептеулері негізінде анықталады.
Ережелер:
- Турнир аяқталғаннан кейін турнир комитеті бас тартылған немесе пайдаланылмаған стипендиялық марапаттарды қайта бөлу үшін командалар мен жекелеген спикерлердің «кезектілік тізімін» жасайды. Қаржылық қолдау бөлімі жарамсыздыққа байланысты пайдаланылмаған немесе одан бас тартылған командалық стипендияларды осы «кезектілік тізіміндегі» үміткерлерге қайта тағайындайды. Тізімді жасау критерийлерін турнир комитеті айқындайды, соның ішінде, әр команданың соңғы нәтижелерін және жекелеген спикерлердің жинаған ұпай санын ескереді.
- Стипендиялық марапаттарды алу құқығын сақтау үшін стипендия алушылар КИМЭП -тің барлық қаржылық көмек ережелеріне және стипендияны сақтау талаптарына (күндізгі оқу мәртебесі, ең төменгі жалпы GPA талабы және т.б.) сәйкес келуі тиіс.
- Стипендиялық марапаттарды алу құқығын сақтау үшін стипендия алушылар барлық қабылдау талаптарына, соның ішінде КИМЭП пен Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай болуы қажет.
- Күтпеген жағдайларға байланысты стипендия алушы құқық бағдарламасына түсе алмаса, бірақ КИМЭП -тің басқа бакалавриат бағдарламасына (дәрежесіз бағдарламаларды қоса алғанда) қабылдана алса, ол бір семестрден кейін құқық бағдарламасына ауысу шартымен стипендияны ала алады.
- Стипендиялар университет қаражатының қолжетімділігіне, турнир ережелерінің орындалуына және турнир рухын адал сақтауға байланысты беріледі. Бұл талаптардың орындалған-орындалмағанын анықтау құқығы КИМЭП -ке толықтай тиесілі. КИМЭП стипендиялық марапатты кез келген уақытта жою құқығына ие.
Турнир комитеті
- Студенттерді тарту және тіркеу бөлімінің директоры немесе директордың міндетін атқарушы
- Қаржылық қолдау бөлімінің директоры немесе директор міндетін атқарушы
- Құқық мектебінің деканы немесе декан міндетін атқарушы
- Құқық мектебінің ПОҚ мүшесі немесе декан міндетін атқарушы
- Заң мектебінің декан орынбасары немесе декан орынбасарының міндетін атқарушы
- Турнир ережелері мен оның ұйымдастырылуына жөнінде комитет шешімдері ақырғы болып табылады.
Қосымша ақпарат алу үшін lsdebate@kimep.kz хабарласыңыз.



