evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram

Факультет

Richard- LS website (1)

Ричард Линстром, Esq.

Заң факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор
Заң ғылымдарының докторы, Сан-Франциско Университеті

Толығырақ:

2022 жылы КИМЭП-тегі қызметіне қосылмас бұрын ол халқаралық академиялық байланыстар саласының кеңесшісі қызметін атқарған. Соңғы уақыттарда Камбоджа және Вьетнамда декандық қызметінен басқа, ол Лас-Вегастағы Невада Университетінің (ЛВНУ) Сингапурдағы филиалының кампусын үш жыл бойы басқарған болатын, ал бұған дейін жеті жыл бойы Невада Университетінің вице-президенті және негізгі заң кеңесшісі қызметін атқарған.
Д-р Линстром Невада штатының бас прокуротурасында он жылдай бірқатар қызметтерді атқарды, оның ішінде Бас солиситордың көмекшісі және Лас-Вегастағы кеңсесіне жауапты бас прокурордың бірінші орынбасары лауазымында. Линстром өзінің заңгерлік қызметін Американың Гаваи штатында Гонолулу прокурорының орынбасары ретінде бастады. Кеіннен қылмыстық істер бойынша және апелляциялық соттағы жеке адвокаттық практикасымен айналысты.


Richard-LS-website-1 (1) (1)

Д-р Рустам Атаджанов

Декан орынбасары және Ассистант-профессор
Заң ғылымдарының докторы, Гамбург Университеті

Толығырақ:

Рустам Атаджанов – Өзбекстан (Қарақалпақ мемлекеттік университеті, 1999-2003), АҚШ (Коннектикут университетінің заң факультеті, 2005-2006) және Германияда (Гамбург университеті, 2014-2018) құқық мамандығы бойынша білім алды. 2007-2014 жылдар аралығында ол Орталық Азиядағы Қызыл Крест халықаралық комитеттің аймақтық өкілдігінде түрлі қызметтер атқарды, оның ішінде заңгер-кеңесші лауазымында жұмыс істеді. Доктор Атаджанов белсенді зерттеуші және Орталық Азиядағы құқық және практика мәселелері, халықаралық жария құқығы, халықаралық қылмыстық құқық, халықаралық гуманитарлық құқық, адам құқығы, құқық теориясы, конститутциялық құқық, қылмыстық және дипломатиялық құқық мәселелері бойынша бірқатар еуропалық және азиялық ғылыми журналдарда жарияланып отырады. Ол бірнеше академиялық периодикалық басылымдардың редакторы және бірлескен редакторы болып табылады, оның ішінде Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар бойынша Орта-Азиялық жылдық пен Украина құқығына шолу, сонымен қатар халықаралық құқық саласындағы бірқатар қауымдастықтар мен қоғамдардың мүшесі болып табылады.
Заң факультетінде оқытатын пәндері:
– Мемлекет және құқық теориясы;
– Қазақстанның конституциялық құқығы;
– ҚР қылмыстық құқығы: жалпы бөлімі;
– ҚР қылмыстық құқығы: ерекше бөлімі;
– Халықаралық келісімшарттар құқығы;
– Халықаралық жария құқық;
– Халықаралық адам құқықтары құқығы
– Халықаралық қылмыстық құқық;
– Халықаралық гуманитарлық құқық;
– Дипломатиялық және консулдық құқық;
– Халықаралық құқық тарихы

Email: r.atadjanov@kimep.kz


Alina Davar 2

Алина Давар

Эксперименталды оқыту бойынша директор және практика профессоры
LL.M. (үздік диплом), КИМЭП Университеті

Толығырақ:

Алина Давар – академиялық жетістіктері үшін берілетін КИМЭП стипендиясының иегері. Ол алдымен Заң факультетінің ғылыми-зерттеу ассистенті ретінде қызмет атқарып, КИМЭП Заң клиникасының негізін қалағандардың бірі болды. Сонымен қатар, Алина КИМЭП-те БҰҰ-ның Қазақстандық моделі сайысының тұрақты қатысушысы мен жеңімпазы болды. Оның белсенді заңгерлік практикасына қоса ол алты жыл заң факультетінде адъюнкт оқытушы ретінде қызмет атқарып, ерікті түлек ретінде менторлық бағдарламасын басқарып отырды. Соңғы жылдары оның кәсіби қызметі коммерциялық құқық, активтерді басқару және ақпрараттық технологияларға негізделген халықаралық холдингтік компанияларға құқықтық кеңес беруге негізделді. Алина КИМЭП Университетінің тұңғыш практика профессоры атағындағы оқытушысы болып табылады.


Alina-Davar-2

ЖАНАТ АЛИМАНОВ

КИМЭП Құқық мектебінің доценты
LL.M., Дьюк Университеті, АҚШ
(Ph.D. дәрежесінің кандидаты, Гонконг Университеті)

Толығырақ:

Жанат Алиманов – заңсыз жолмен табылған қаражатты заңдастыруға қарсы (заңсыз капиталды қайтару), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, корпоративтік басқару, копративтік этика және корпоративтік құқық саласында 14 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық заңгер. Оның докторлық диссертациясы заңсыз жолмен табылған капиталды заңдастыруға (заңсыз капиталды қайтару) қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ережелер мен елдердің заңнамасы мәселелері, сондай-ақ қаржылық қылмыстарға көмектесу және оларға қарсы іс-әрекет етудегі заңгерлердің рөлі қарастырылған.

2013-2018 жж.аралығында Жанат Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) мен Қазақстанның Инвестициялық Қорының (ҚИҚ) Директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшесі, ҚДБ корпоративтік этика мәселелері жөнінде жауапты ҚДБ Омбудсмені, сонымен қатар ҚИҚ Аудит жөніндегі Комитет төрағасы болған.

Жанат АҚШ-тың Нью-Йорк штатында заңгерлік қызмет көрсетуге құқылы маман болып табылады.

Докторлық диссертация тақырыбы: “Заңсыз Жолмен Табылған Капиталы бар Мәмілелердегі Заңгерлердің Рөлі: АҚШ, Қытай және Ресейдегі Заңнамалар мен Практиканың Салыстырмалы Талдауы.”

Ғылыми зерттеу салалары: Заңсыз жолмен табылған капиталды заңдастыруға (заңсыз капиталды қайтару) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет.


Baideldinova

Д-р Мария Байдельдинова, PhD

Ассистант-профессор, PhD

Толығырақ:

Д-р Байдельдинова присоединилась к КИМЭП в 2006 году. Докторскую степень в области семейного права она получила в 2010 году в г. Пиза, Италия. Помимо преподавания и проведения научных исследований в области семейного права, Мария Байдельдинова ведет работу в развивающейся области права — законодательстве о животных (закон о защите животных), а также читает первый в Казахстане курс по этому вопросу. В настоящее время Д-р Байдельдинова является ассистент-профессором в Университете КИМЭП, а также юридическим консультантом некоторых казахстанских неправительственных организаций, занимающихся вопросами защиты животных. Она также пишет статьи о животных, публикующиеся в периодических изданиях.

Преподаваемые предметы в школе Права:
– Право собственности;
– Законодательство о животных
– Гражданское право: общая часть;
– Гражданское право: особенная часть;
– Семейное и наследственное право РК;
– Трудовое право РК;
– Земельное право РК

E-mail: maria@kimep.kz


Federico Dalpane (1)

Д-р Федерико Дальпане

Ассистант-профессор, PhD

Толығырақ:

Федерико Дальпане родом из Италии. Изучал политическую и юридическую философию в Болонском университете, в Университете Франкфурта-на-Майне и Берлинском университет (Гумбольдтский университет). Получил докторскую степень по истории политической мысли в Школе перспективных исследований Сант-Анна в Пизе, а также занимал исследовательские и преподавательские должности в Болонском университете. Федерико Дальпане начал работу в Университете КИМЭП в 2010 году.

Преподаваемые предметы в школе Права:
– История политико-правовых учений;
– История государства и права зарубежных стран;
– Философия права;
– Римское право;
– Сравнительное конституционное право;
– Право Европейского союза;
– Правовые традиции в мире

E-mail: dalpane@kimep.kz


SultanS

Сұлтан Сахариев

Аға оқытушы, заң факультеті
LL.M. (үздік диплом), КИМЭП Унивесритеті

Толығырақ:

Сұлтан Сахариев – халықаралық заңгерлік кеңес беру саласында үлкен тәжірибесі бар, қазақстандық мемлекеттік лицензиясына ие маман. Оның мамандану саласына корпоративтік, келісімшарт, жалпы коммерциялық және еңбек құқығы кіреді. Осыған қоса, Сұлтан жеке деректерді қорғау және электрондық коммерция мәселелері бойынша кеңес берумен айналысты.
Ол қазақстандық ірі телекоммуникация провайдерінің, көлік дистрибьютерінің және банк салаларын құқықтық тексеру процедураларына қатысқан мамандар қатарында болды. Бұған қоса, ол M&A жобаларында құқықтық қолдау көрсетті. Оның ғылыми-зерттеу қызығушылықтар қатарына жемқорлыққа қарсы заңнамалар, адам құқықтары мен ІТ технологиялары мен интернетті құқықтық реттеу кіреді. Сұлтан «Юстус» қазақстандық заң қоғамының заң кеңесшілер палатасының белсенді мүшесі және басқару органдарының құрамында. Осыған байланысты ол адвокаттық/заңгерлік қызметті реттеу бойынша заң шығару қызметіне белсенді қатысады.


Sergey Sayapin (1)

Д-р Сергей Саяпин

Халықаралық және қылмыстық құқық кафедрасының доценті,
заң ғылымдарының докторы

Толығырақ:

Сергей Саяпин – доцент және КИМЭП Университетінің Заң факультетінің деканының орынбасары. Өзбекстанда (Әлемдік экономика және дипломатия университеті, 1995–1999), Ұлыбританияда (Эссекс университеті, 1999–2000) және Германияда (Берлиндегі Гумбольд университеті, 2008–2013) заң мамандығы бойынша білім алған. 2000-2014 жылдар аралығында Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінде түрлі лауазымдарды атқарды. Доктор Саяпин халықаралық институттар мен құқыққа, халықаралық және салыстырмалы қылмыстық құқыққа, криминологияға, құқық пен қоғамға, экономика мен технологияға Орталық Азия және посткеңестік көзқарастар бойынша сабақ береді және ғылыми қызығушылықтары бар. Доктор Саяпиннің соңғы жарияланымдары:

Азиядағы халықаралық жария құқық энциклопедиясы, III том: Орталық және Оңтүстік Азия (Брилл, 2021) [ағылшын тілінде], xiv + 725 б., Қараңыз: https://brill.com/view/title/39529 (басып шығару), https://brill.com/view/db/epil [Соку Ли, Хи Ен Ли, Мухаммад Экрамул Хак, Раджеш Бабу Равиндран, Джамал Сейфи және Васанта Сеневиратнемен]

«Қазақстан», М.Порше-Людвиг және Йинг Ю Чен (ред.), Азия мемлекеттерінің анықтамалығы: География – Тарих – Мәдениет – Саясат – Экономика, 1 бөлім (LIT Verlag, 2021), 267 – 276 б.

Өзбекстан, М.Порше Людвиг және Йинг Ю Чен (ред.), Азия мемлекеттерінің анықтамалығы: География – Тарих – Мәдениет – Саясат – Экономика, 2-бөлім (LIT Verlag, 2021), 737-744 беттер.

Халықаралық құқыққа және киберкеңістікке ресейлік көзқарастар, Н. Цагуриас пен Р. Бучан (ред.), Халықаралық құқық және киберкеңістікті зерттеу анықтамалығы, 2-ші басылым (Эдвард Элгар баспасы, 2021), 524-545 беттер.

Заң факультетінде келесі пәндер оқытылады:
– криминология;
– халықаралық жария құқық;
– адам құқықтарының халықаралық құқығы;
– халықаралық қауіпсіздік және коллизиялық құқық;
– халықаралық қылмыстық құқық;
– халықаралық ұйымдар құқығы;
– Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру

E-mail: s.sayapin@kimep.kz


Zambrana-Tevar

Д-р Николас Замбрана-Тевар, Ph.D.

Ассистант-профессор, PhD

Толығырақ:

Николас Замбрана-Тевар LLM (LSE), PhD (Наварра), КИМЭП Университеті заң факультетінің доценті
– Білімі: заң бакалавры (Мадридті Университет Комплутенсе, 1993-1998), LLM халықаралық коммерциялық құқық (Лондон экономика және саясаттану мектебі, 2000-2001), инвестициялық арбитраж бойынша Ph.D. (Наварра Университетті, 2006- 2010).
– Жұмыс тәжірибесі: Шлютерде стажер (Мадрид, 2000); Junior Associate Freshfields Brukhaus Deringer (Мадрид, 2001-2003): Салық, жылжымайтын мүлік, халықаралық сот ісі және арбитраж; Garrigues Abogados компаниясының қауымдастығы (Мадрид, 2003-2005); Наварра университетінің доценті және халықаралық бағдарламалардың атқарушы директоры (Памплона, 2005-2014); КИМЭП Университетінің Ассистант Профессор (Алматы, 2014- қазіргі уақытқа дейін)
– Ғылыми қызығушылықтары: халықаралық коммерциялық сот ісі, инвестициялық арбитраж, бизнес және адам құқықтары, заң және дін, жыныстық зорлық-зомбылық үшін азаматтық жауапкершілік.

E-mail: n.zambrana@kimep.kz