evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram

Медициналық құжаттар

Жаңа студенттер қандай медициналық құжаттарды тапсыруы керек.

Талапкерлер  құжаттарды тапсырған кезде КИМЭП Университетінің медициналық орталығына (пәндерге тіркелу кезінде қиындықтарды болдырмау үшін) құжаттардың толық пакетін тапсыруы керек:

Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№ 075/е нысаны), оған келесі дәрігерелер тексерулері кіреді:

  • Терапевт;
  • Офтальмолог (көз дәрігері);
  •     Оториноларинголог (ЛОР);
  • Хирург;
  • Невролог;
  •   Аспаптық және зертханалық зерттеулер: флюорография, микрореакция және нәжіс/гельминттер.

075/е анықтамасын алу үшін келесі дайын анықтамалар болуы керек:

  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Психо-неврологиялық ұйымнананықтама.

Бұл анықтамаларды eGov.kz порталы (наркологиялық анықтама, психоневрологиялық анықтама) немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

№ 065/е нысанының көшірмесі (егу картасынан, амбулаториялық картадан екпелер туралы жазбалардың көшірмелері)

Қорытындысы бар кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорография). Қорытындыда рентгенологтың екі мөрі болуы керек. Кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорография) 075/е формасына бекітіледі.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде түсірілген кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорографиясы) Алматы қаласында рентгенологтың куәландыруынан өтуі тиіс.