evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
blabkla

Медицина орталығы

Жаңа түскен студенттер қандай медициналық құжаттарды тапсырулары қажет

Талапкерлер  құжаттарды тапсырған кезде КИМЭП Университетінің медициналық орталығына (пәндерге тіркелу кезінде қиындықтарды болдырмау үшін) құжаттардың толық пакетін тапсыруы керек:

Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№ 075/е нысаны), оған келесі дәрігерелер тексерулері кіреді:

  • Терапевт;
  • Офтальмолог (көз дәрігері);
  • Оториноларинголог (ЛОР);
  • Хирург;
  • Невролог;
  • Аспаптық және зертханалық зерттеулер: флюорография, микрореакция және нәжіс/гельминттер.

075/е анықтамасын алу үшін келесі дайын анықтамалар болуы керек:

  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Психо-неврологиялық ұйымнан анықтама.

Бұл анықтамаларды eGov.kz порталы (наркологиялық анықтама, психоневрологиялық анықтама) немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

№ 065/е нысанының көшірмесі (егу картасынан, амбулаториялық картадан екпелер туралы жазбалардың көшірмелері)

Қорытындысы бар кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорография). Қорытындыда рентгенологтың екі мөрі болуы керек. Кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорография) 075/е формасына бекітіледі.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде түсірілген кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорографиясы) Алматы қаласында рентгенологтың куәландыруынан өтуі тиіс.

Шетелдік студенттер (Қазақстан Республикасының резидент болмағандары) медицина орталығына аталмыштарға қоса келесі құжаттарды тапсыруы керек:

  • Егу картасының көшірмесі – оны медицина орталығының электрондық поштасына жіберуге болады (center@kimep.kz).
  • Медициналық тексеру – 075/е нысаны және кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорография) – бұлардан Алматыға келген соң өту қажет.

Сіздің еліңізде берілген медициналық құжаттарыңыз Қазақстанда жарамсыз болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.

Бұған қоса, Алматыға келгеннен кейін медициналық көмектің толық қамтылуын қамтитын ерікті медициналық сақтандыру пакетін сатып алуды ұсынамыз.

Сіздің еліңізден халықаралық медициналық сақтандыру бойынша сізге IMC, AMC, International SOS сияқты белгілі бір медициналық орталықтарда ғана қызмет көрсетуге болатынын есте сақтаңыз.

ЖСН алғаннан кейін сіз жергілікті емханаға тіркеле аласыз.

Студенттер медициналық орталық қызметкерлеріне немесе компанияға тікелей хабарласу арқылы медициналық сақтандыру нұсқалары туралы көбірек біле алады.

Жыл сайын флюорографияны тапсыру

Туберкулезауруын алдын алу және емдеу шаралары Қазақстан Республикасының маңызды бағыттарының бірі және мемлекеттің заң актілерімен және ҚР Денсаулық сақтау министірлігі қолдауымен өткізіледі. Мемелекет тұрғындары жыл сайынғы профилактикалық флюорографиялық тексеруді жаппай өтуге міндетті, тексеруден қашу әкімшілік жазаға әкеледі.

Туберкулез ауруы бастапқы сатыда оңай емделінеді. Өз денсаулығыңызды ойлаңыз -yақытында флюорографиялық тексеруден өтіңіз.

КИМЭП Университетінің студенттері жыл сайын медициналық орталығына тексерудің қорытындысын тапсыруға міндетті. Қорытынды уақытында тапсырылмаған жағдайда университет порталына кіруге блок қойылады.

Жыл сайын міндетті медициналық тексеру

Мемлекеттік ережелерге сәйкес 16/08/2017ж. № 611 « Білім беру объектілеріне санитарлық- эпидемиологиялық талаптар туралы» бакалавриатта оқитын барлық студенттер жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өту керек.

Медициналық тексеруге кіреді:
– Жүйке ауыруларының дәрігері
– Отоларинголог
– Көз дәрігері
– Хирург
– ЭКГ
– Терапевт

Медициналық тексерудің нәтижелері негізінде студентке Университет Спорт Орталығының жаттығу залында шынығуға рұқсат береді.

Медициналық тексеруден мезгілінде өтпегендер үшін,студенттік портал жабылады. Сонымен қатар жаттығу залында шынығу үшін анықтаманы Б.Шолақ атындағы Спорт Сарайының арнаулы спорт медициналық орталығында ақылы алуға тура келеді.

Сырқатына байланысты сабақтан босату туралы анықтама

1. КИМЭП Университеті Медицина Орталығының дәрігерлері студент медициналық көрсетілімдері болған жағдайда сол қаралған күнінен бастап қана сырқатына байланысты сабақтан босату туралы анықтаманы ашады.
2. Медицина Орталығының дәрігерлері мен медицина қызметкерлерінің студентті емтихандардан немесе жобалардан босатуға құқығы жоқ. Түпкілікті шешімді профессор, факультет немесе кафедра қабылдайды.
3. Дәрігерлік анықтама «өтіп кеткен күнмен» берілмейді (яғни, егер студент сырқатына байланысты сабаққа қатыспаса және сырқаттанған кезде дәрігерлік көмекке жүгінбесе).
4.Университеттің медициналық орталығы теқ қана № 037/е анықтаманы растайды (сабаққа уақытша жарамсыздық туралы анықтама).

Медицина Орталығында төмендегі анықтамалар расталмайды:
– амбулаториялық немесе стационарда тексеруден өткен тұлғаларға берілген
– біркүндік – амбулаториялық-емдеу мекемелерінен, медицина орталықтарынан
– санаторийдан, емдеу-сауықтыру орнынан және косметологиялық клиникадан берілген.

Растау үшін медицина орталығына көрсетілетін анықтамаларға қойылатын талаптар:
– Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама ұйымның мөртабанымен, сырқаттық парақшаға арналған дөңгелек мөрімен, емдеуші дәрігердің қолы қойылып, жеке мөрімен № 037/е үлгіде тапсырылуы тиіс (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы).
– № 037/е үлгідегі анықтаманы тұрғылықты жері бойынша поликлиникадан немесе оны беру құқығына лицензиясы бар жеке меншік медициналық мекемеден алуға болады.
– Емдеуші дәрігердің еңбекке жарамсыздық парағын (№ 037/е) 3 күннен асырмай, ал, осы сырқат бойынша жалпы алғанда, 6 күннен асырмай бір-ақ рет беруге құқығы бар. Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы 6 күннен артық созу керек болса, емдеуші дәрігер бөлім меңгерушісімен немесе ДКК төрағасымен, не болмаса бас дәрігермен, не болмаса емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасарымен бірге береді. Еңбекке жарамсыздық туралы анықтама 2 аптадан артық емес мерзімге беріледі. Әрбір қойылған қол дәрігердің мөрімен куәландырылады.
– Стационарлық емдеу кезінде бүкіл стационарлық емдеу кезеңіндегі емдеуші дәрігердің бөлім меңгерушісімен бірге сырқатты шығарған күні берілген еңбекке жарамсыздық парағы, стационарлық емдеуді растау үшін сырқаттың стационарлық картасынан үзінді көшірме тапсырылады. Үзінді көшірменің де көшірмесі медицина орталығына тапсырылады.

Дәрігерлік анықтама КИМЭП Университетінің Медицина Орталығында емдеу мекемесінде жапқан күнінен бастап 2 аптаның ішінде расталады.

Студент КИМЭП Университетінің Медицина Орталығына рәсімдеп, журналды толтырып, № 037/е анықтаманы әкелуі керек. Дәрігер анықтаманы тексеріп, сол күні студенттің оқытушысының электрондық поштасына растаманы жібереді.

Медицина Орталығы студент тапсырған дәрігерлік анықтаманың шынайлығы туралы мәселені айқындау үшін емдеу мекемесінің бірінші басшысына сұрау жіберу құқығын өзінде қалдырады. Жалған анықтамалар Университеттің Тәртіптік кеңесіне жіберіледі.

Біз тұралы

КИМЭП Университеті Студенттік мәселелер жөніндегі департаменттің медициналық орталығына қош келдіңіз. Біз КИМЭП Университетінің студенттері мен қызметкерлеріне амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеміз. Медициналық орталық жатақхананың жертөлесінде орналасқан.

Университет аумағында медициналық қызметтер – медициналық тексерулер, мейірбикелік қызметтер, инъекциялар, ЭКГ, физиотерапия, алғашқы медициналық көмек әрдайым ақысыз көрсетіледі.

Төтенше жағдайларда немесе өмірге қауіп төнген жағдайда медициналық көмек алу үшін КИМЭП медициналық орталығына хабарласыңыз (егер сіз институт аумағында болсаңыз) немесе 103 нөмірін теріңіз.

Біздің байланыс ақпаратымыз

Аға дәрігер Наталья Ясса +7(727) 237 48 05 ext. 1087, n.yasa@kimep.kz

Дәрігер Құсайынова Айгүл +7 (727) 237 48 05 ішкі 1325, a.kussainova@kimep.kz

Мейірбике Наталья Репина +7 (727) 237 48 05 ішкі. 1324

Медициналық орталықтың электрондық мекен-жайы: med.center@kimep.kz

Пайдалы ақпарат

1.1 Құпиялылық

Сақтандыру компаниясы, ата-анасы, жұбайы немесе жұмыс беруші болсын, сырқат адамға медициналық картаны ұсынуға тек пациент рұқсат бере алады.

1.2 Сіздің құқықтарыңыз және міндеттеріңіз

КИМЭП Медициналық орталығының пациенті ретінде сіздің клесі құқықтарыңыз бар:

– диагностика, емдеу және болжамға қатысты нақты ақпарат алу;

– екінші дәрігерден қорытынды алу (қажет болса);

– денсаулық сақтау және емдеу туралы шешімдер қабылдауға қатысу.

Сіздің міндеттеріңізге мыналар кіреді:

– симптомдарға және медициналық көмекке деген қажеттілікке қатысты шынайы және нақты ақпарат беру;

– сізбен келісілген емдеу жоспарын сақтау;

– біз не айтқанымызды сіз түсінбеген жағдайда, бізден нақтылау түсінктемелер сұрау;

– медициналық қызметкерлерге және басқа науқастарға сыпайы және құрметпен қарау.

Медициналық орталыққа кім жолыға алады?

Егер сіз ауырып қалсаңыз немесе жарақат алсаңыз, КИМЭП Университетінің медициналық орталығына хабарласыңыз. Медициналық орталықта екі дәрігер, тәжірибелі мейірбикелер, психолог және медициналық орталық үйлестірушісі жұмыс істейді. Болмашы ауруларға диагностика жасауды және оларды емдеуді орталығымыз істей алады (сонымен қатар – инъекциялар, физиотерапия, ЭКГ және қан қысымын тексеру).

Медициналық орталықтың жұмыс уақыты

Күндері Дүйсенбі – Жұма Сенбі
Медициналық орталықтың жұмыс уақыты 08:00-20:00 09:00-14:00
Аға дәрігер 08:00-17:00
Дәрігер 09:00-18:00
Мейірбике 08:00-20:00  09:00-14:00
Кварцтау 8:00-8:30; 13:00-13:30; 19:30-20:00

 

Орталықтың жұмыс уақытынан тыс дәрігерлік қызмет көрсету

Студенттер Медициналық орталыққа мейірбикеден кеңес алу үшін кешкі 20:00-ге дейін (сенбі, сағат 14:00-ге дейін) жолыға алады. Кешкі уақытта немесе демалыс күндері медициналық көмек алу үшін сақтандыру компаниясына хабарласыңыз.

Алматының медицина орталықтар және медициналық мекемелер

Сонымен қатар сіз білікті медициналық көмекті, тар көлемді маманының консультациясын алып, флюорографиялық кескінді, 095/У анықтамасын тұрғылықты жеріндегі (Алматы қаласында тіркелінген жағдайда) клиникаларда немесе Алматы қаласының клиникаларында ақы төлеу арқылы және дәрігерге алдын ала қоңырау шалып, қабылдауға жазылу арқылы жасата аласыз. Қызмет көрсететін медициналық мекемелердің қысқа тізімі:

№ 5 ҚКА Достық к-сі, 220, Қажымұқан көшесінің к-сы тел. 264-77-62 Флюрография-1100 теңге, 56 каб.,сағат 8:00-16:00-дейін, қорытындылары сол күні беріледі.

Орталық қалалық клиникалық аурухана
Жандосов к-сі,6, Манас көшесінің қ-сы
тел. 274-82-61
Флюорография-1300 теңге, сағат 8.00-13.30-дейін,қортындылары сол күні беріледі.
Тәулік бойы шұғыл көмек

МЦ УДП РК
Шевченкок-с,59,Байсеитова көшесінің қ-сы
тел. 261-04-50
Флюрография-2040 теңге,сағат 8.00-18.00-дейін(Сенбі күні сағат 8.00-13.00-дейін), қортындылары сол күні беріледі.

МЦ Medical Assistance Group
Абдуллиндер к-сі,6, Макатаев көшесінің қ-сы.
тел. 259-97-90, 259-60-56
Флюрография -1500 теңге, сағат 8.00-19.30-дейін(Cенбі күні- 9.00-13.00-дейін), қортындылары сол күні беріледі.

ҚазҰМУ-ның БІЛІМ БЕРУ- КЛИНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ( ПРОФЕССОРЛЫҚ КЛИНИКА)
Шевченко к-сі,126, Досмухамедова көшесінің қ-сы.
тел. 292-75-49, 338-70-00
Флюорография -700 теңге, сағат 9.00 -16.00-дейін,қортындылары сол күні беріледі.

№1 ҚП
Гоголя к-сі,53, Пушкина көшесінің қ-сы.
тел.273-04-30, 2-73-68-92
Флюорография -1230 теңге, сағат 8.00-16.00-дейін,қортындылары сол күні беріледі.

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫ

Семестр Іс-шаралар Күні
2023 ж күзгі семестр
 1 Бірінші курс студенттерінің медициналық құжаттарын қабылдау 2023 ж тамыз – қазан
2 Студенттердің флюорографиялық тексерісінің нәтижелерін қабылдау Күн сайын
3 Студенттерге туберкулезбен, COVID-19-бен аурушаңдық, салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігі туралы хабар ету Күн сайын
4 Жатақханаға тұруға келетін студенттер үшін медициналық тексерілім 2023 ж 20 тамыздан бастап
5 Алғашқы медициналық жәрдем көрсету – жатақхана тұрғындары үшін семинарлар 2023 ж 22 қыоқүйек
6 Университет кампусының сантитарлық-гигиеналық ахуалын тексеру Ай сайын
7 Тұмауға қарсы вакциналау (университет оқытушылар мен қызметкерлері үшін) 2023 ж қазан
8 Жыл сайынғы медициналық тексерілім (университет оқытушылары мен қызметкерлері үшін) 2023 ж қазан
9 Жоспарланбаған жүктілік туралы дәріс – «Өмірді сыйлап бер»  орталығы жоспарланбаған жүктілік пен түсіктерді болдырмау мақсатымен өткізеді 2023 ж 3 қараша
10 «Вирустық аурулар: тұмау және қызылша» студенттер үшін дәріс 2023 ж 23 қараша
11 Алғашқы медициналық жәрдем көрсету – университет ішкі қауіпсіздік қызметкерлері үшін семинарлар 2023 ж 27-28 қараша
12 Бакалавриат бағдарламаларының бірінші және екінші курс студенттері үшін жыл сайынғы медициналық тексерілім 2023 ж 20 қараша – 5 желтоқсан
13 Өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулық 2023 ж 12 желтоқсан
14 Вирустық аурулардың алдын алу Күн сайын
15 Қазақстан Республикасындағы тұмаумен, қызылшамен, COVID-19-бен аурушаңдыққа қатысты жағдай туралы хабар беру Апта сайын
2024 ж көктемгі семестр
16 Жатақханаға тұруға келетін студенттер үшін медициналық тексерілім 2024 ж қаңтар
17 Өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулық 2024 ж қаңтар
18 Алғашқы медициналық жәрдем көрсету – университет ішкі қауіпсіздік қызметкерлері үшін семинарлар 2024 ж наурыз
19 Алғашқы медициналық жәрдем көрсету  – жатақхана старосталары үшін семинарлар 2024 ж наурыз
20 Жыл сайынғы медициналық тексерілім (бакалавриат бағдарламаларының студенттері үшін) 2024 ж сәуір
21 Есірткіге тәуелділік пен салауатты өмір салты туралы дәріс 2024 ж сәуір – мамыр
22 Донор күні 2024 ж сәуір – мамыр
23 Университет кампусының сантитарлық-гигиеналық ахуалын тексеру Ай сайын
24 Вирустық аурулардың алдын алу Күн сайын
25 Қазақстан Республикасындағы тұмаумен, қызылшамен, COVID-19-бен аурушаңдыққа қатысты жағдай туралы хабар беру Апта сайын

Халықаралық және аймақтық студенттерге медициналық сақтандыру

Аймақтық және шетелдік студенттерге медициналық қызмет көрсету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында студенттерді Алматы қаласының медициналық мекемелеріне тіркеу (тіркеу) ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Алматыға келгеннен кейін медициналық көмекті толық қамтитын ерікті медициналық сақтандыру пакетін ұсынамыз. Есіңізде болсын, сіздің еліңіздегі медициналық саясат көбінесе емделуді және ауруханаға жатқызуды қамтымайды. Сонымен қатар, егер компания сіздің сақтандыру жағдайыңыздың бар екендігімен келіссе де, сіз оны өзіңіз төлеуіңіз керек – сіз кейінірек өз еліңізге оралғаннан кейін қайтарымды ала аласыз. Сақтандыру шарттарын, бағдарламасын, тарифтерін сақтандыру компаниясы анықтайды.

Қол жетімді бағамен толық қызмет көрсететін сақтандыру компаниясының байланыстары төменде көрсетілген:

«КОММЕСК-ӨМІР» СК

Медициналық сақтандыру бөлімі
Мусаева Дильназ, бас менеджер
тел. 244-74-50 ішкі. 239
ст. Наурызбай батыр, 17, бұрыш Мақатаева

«Тумар» бағдарламасы, құны 310 000 теңге
Қызметтерді көрсетудің жалпы лимиті – 3 000 000 теңге
Байланыс орталығы – тәулік бойы
Көрсеткіш бойынша жедел жәрдем қаланың әкімшілік шекарасында
Отбасылық дәрігердің, тар мамандардың кеңестері; диагностика
Медициналық көрсетілімдер бойынша, дәрігердің жолымен массаж бір аймақтан аспайды (1 курс – 10 күн)
Стационарлық шұғыл емдеу
Дәрігердің рецепті бойынша, дәрі-дәрмектер мен стоматология – барлығы 50 000 теңге
Тұмауға қарсы егу – жылына бір рет
Профилактикалық медициналық тексеру – жылына бір рет

«СЕНТРАНС ИНШУРАНС» СК

Шағын және орта бизнесті сақтандыру директоры
Исина Жанара
Тел .: +7 727 397 03 06
ст. Мынбаева 151 Алматы,
050008, Қазақстан Республикасы

«Комфорт» бағдарламасы, құны 115 000 теңге
Қызметтер көрсетудің жалпы лимиті – 1 500 000 теңге
Байланыс орталығы – тәулік бойы
Көрсеткіш бойынша жедел жәрдем қаланың әкімшілік шекарасында
Отбасылық дәрігердің, тар мамандардың кеңесі, диагностика
Медициналық көрсетілімдер бойынша, дәрігердің жолымен массаж бір аймақтан аспайды (1 курс – 10 күн)
Стационарлық шұғыл емдеу
Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрмектер – 20 000 теңге
Стоматология – 20 000 теңге
Тұмауға қарсы егу – жылына бір рет
Профилактикалық медициналық тексеру – жылына бір рет

«Премиум» бағдарлама, құны 335 000 теңге
Қызметтерді көрсетудің жалпы лимиті – 3 000 000 теңге
Байланыс орталығы – тәулік бойы
Көрсеткіш бойынша жедел жәрдем қаланың әкімшілік шекарасында
Отбасылық дәрігердің, тар мамандардың кеңесі, диагностика
Медициналық көрсетілімдер бойынша, дәрігердің нұсқауы бойынша, бір аймақтан аспайтын массаж (2 курс – әрқайсысы 10 күн)
Стационарлық шұғыл емдеу
Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрмектер – 50 000 теңге
Стоматология – 75 000 тг
Тұмауға қарсы егу – жылына бір рет
Профилактикалық медициналық тексеру – жылына бір рет