evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram

11-12 сынып оқушыларына арналған High School Fast track бағдарламасы

Құрметті талапкер,

КИМЭП Университеті 2022 жылының көктемгі семестрінде 11-12 сыныптар оқушылары үшін жедел оқыту бағдарламасын ұсынуды жоспарлайтыны туралы хабарлаймыз.

Жедел оқыту бағдарламасы университет білім беру бағдарламасын қысқа мерзім ішінде меңгеру туралы шешім қабылдағандарға арналған.

Оқу мерзімі тек қана бұрын оқыған жалпы білім беру пәндер мен тыңдалған сабақ сағаттарының саны есебінен қысқартылады.

Келесі жалпы білім беру пәндері бойынша сағаттар мен алынған бағалар аударылады деп жоспарланады: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, академиялық ағылшын тілі, дене шынықтыру, және факультетте ұсынған басқа да академиялық пәндер. Қазіргі таңда барлық факультет декандары мен кафедра меңгерушілері пәндер тізімін талқылауда.

Академиялық пәндерді меңгеруге рұқсат алу үшін ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі қажет болады.

Төменде сіз үшін КИМЭП Университетіндегі жеделдетілген бағдарламасының академиялық пәндерін оқуға рұқсатты кепіл ететін, ағылшын тілінің академиялық деңгейіне сәйкес келетін өту ұпайлары көрсетілген кесте ұсынылған.

 Level of English Foundation Course KEPT CEFR+ IELTS Academic / IELTS indicator TOEFL IBT TOEFL PBT/ Institutional TOEFL Revised TOEFL paper- delivered test Duolingo English test
Academic English 80-100% B2 5.5 (not less than 5.0 in the writing section) 70 523 52 85-90

Жедел оқу бағдарламасы бір академиялық жылдан аспайтын мерзімге ұсынылады.

Бағдарламада оқуды басатаудың қалаулы мерзімі: 2022 ж көктем

Оқу форматы: Онлайн/Офлайн

Мектеп оқушылар үшін КИМЭП Университетінің жеделдетілген оқу бағдарламасына кім қатыса алады?

  • Жоғары (бітіруші) сыныптар оқушылары (мектеп, колледж, лицей, т.б.)
  • Кез келген мемлекет азаматтары
  • IELTS/TOEFL/CEFR/Duolingo тестерінен немесе КИМЭП Университеті ішкі тестінен (KEPT)* өткен туралы жарамды сертификатының/нәтижелерінің бар болуы міндетті
  • Ерікті тыңдаушы студенттер қатарына қабылдануға қойылатын талаптарды орындау

*КИМЭП ішкі тестерінен өту тек 2022 жылғы көктемінде мүмкін болатынын ескеруіңізді өтінеміз. Университет басшылығы қазіргі таңда осындай тестерді өткізудің барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келетін және барлық қатысушылар көрсеткен нәтижелерінің жарамдылығын қамтамасыз ететін платформаны іздестіруде.

Жедел оқу бағдарламасы мектеп оқушысына қандай артықшылықтар береді?

  • Бітіруші сынып оқушысы бола тұра КИМЭП Университетінің жалпы білім беру пәндерін өту мүмкіндігі
  • Өткен пәндерді есепке алып, КИМЭП Университетінің бакалавриат бағдарламаларында оқуды жалғастыру (оқуға қабылдауға қойылатын шарттарды орындаған жағдайда), бұл оқу мерзімін 3,5 жыл болуға ықшамдау мүмкіндігін береді
  • Сіз курстастарыңыздан бұрын оқуды бітіріп, таңдалған салаңызда өз-өзіңізді кәсіптік танытуды бастай алмақшы боласыз
  • КИМЭП студенттік ұйымдардың мүшесі болу мүмкіндігі

Осыған байланысты, КИМЭП Университетінің Қабылдау комиссиясы сізге жауап беруге бірнеше сұрақтарды (5 минуттың ішінде) ұсынады, бұл бізге осы жобаны шапшаң мерзімде іске асыруға және сіз үшін сабақ кестесін ыңғайлы жасауға көмектеседі.