evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram

НЗМ үшін несиелік аударым саясаты

Құрметті НЗМ түлегі!

Сізге КИМЭП Университетінің Студенттерді тарту және қабылдау бөлімі өз құрметін білдіреді!

НЗМ түлектері, ата-аналары және әкімшілігінің көптеген өтініштері мен ұсыныстары негізінде 2018 жылғы 1-тамызда КИМЭП Академиялық кеңесінде Назарбаев Зияткерлік Мектебінің бітіруші сынып түлектерінің кредиттерін аударуға байланысты сәйкес түзетулер енгізілді, оған сәйкес NIS Grade certificate-те D және одан да төмен бағалардың болуына жол беріледі, бірақ кредиттерді аудару тек А, В немесе С бағаларынан төмен емес пәндер үшін ғана жасалады.

Жоғарыда көрсетілгенге сәйкес, қабылдау комиссиясының мамандарымен уақытылы өңдеу және тіркеу бөлімінің мәліметтер қорына кредиттерді аудару мақсатында  NIS Grade certificate-тын 10-тамызға дейін біздің талапкер порталына жүктеуді өтінеміз.

Төменде сіз №1 қосымшада қажетті талаптарды орындаған жағдайда аударуға жататын пәндердің тізімін көресіз.

Пәндерді аудару саясатына енгізілген өзгерістерге сәйкес кредиттерді аударудың жаңартылған жүйесін ұсынамыз:

  1. Сертификатта тіркелген С және одан да жоғары бағасы бар барлық пәндерге (higher level courses) байланысты кредиттерді аударуға рұқсат берілген.
  2. Математика, физика, экономика және компьютерлік ғылымдар пәндері бойынша D немесе одан да төмен бағалар алған жағдайда # 6, 8, 9 және 10 пәндерді аудару мүмкін емес.
  3. Егер сіз 1-тармақтың барлық талаптарына сай келсеңіз, онда Сіздің 10 пәніңізден 7-і таңдалған мамандыққа қарамастан автоматты түрде аударылады (1,2,3,4,6,7,8 пәндер).
  4. 5-пән бойынша қорытынды балл 7,0-ден төмен емес IELTS сертификаты бар болған кезде аудару жүзеге асырылады
  5. 9-пәнді аудару «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» бағдарламасын таңдаған жағдайда жүзеге асырылады.
  6. 10-пәнді жалпыбілімдік пәндер құрамынан таңдау бойынша пән ретінде кез-келген мамандық бойынша аударуға болады .

№ 1 қосымша

  Name of the NIS course Grade

 

Automatic transfer Name of the corresponding KIMEP course Number of credits transferred to KIMEP
1 subject NIS 12 grade certificate A, B, C Yes Kazakh language I 3
2 subject NIS 12 grade certificate A, B, C Yes Kazakh language II 3
3 subject NIS 12 grade certificate A, B, C Yes Academic Listening and Note Taking 3
4 subject NIS 12 grade certificate A, B, C Yes Academic Reading and Writing I 3
5 subject NIS 12 grade certificate IELTS of 7 or higher Yes Academic Reading and Writing II 3
6 subject NIS 12 grade certificate A, B, C Yes Information and Communication Technologies OR Business Computer Applications 3

 

7 subject NIS 12 grade certificate A, B, C Yes Introduction to Financial Literacy 3
8 subject NIS 12 grade certificate A, B, C Yes Mathematics for Business and Economics OR Calculus 3
9 subject Physics A, B, C If the subject appears in the certificate Physics 3
10 subject Economics A, B, C If the subject appears in the certificate Introduction to Economics 3

* аударуға жататын пәндер саны 30 кредитке тең, бұл кез-келген бағдарлама бойынша бірінші курсы бітіргенге тең

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс көздері арқылы хабарласа аласыз: uao@kimep.kz, +7 727 2704213.

Құрметпен,

Студенттерді тарту және қабылдау бөлімі