КИМЭП-те дәреже тағайындаусыз оқудың бірнеше нұсқасы бар: жоғары / жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасына келешекте түсу мақсатымен немесе түсу мақсатынсыз дәреже тағайындаусыз оқу, тыңдаушы студент ретінде оқу, халықаралық жазғы мектепке қатысу, студенттер алмасу бағдарламасына және орыс немесе қазақ тілдерін үйрену бағдарламасына қатысу. Барлық осы білім алушылардың категориясы өтілген пәндер бойынша КИМЭП университетіндегі оқу нәтижелерін көрсететін бітіргені туралы құжат алады, бірақ академиялық дәреже дипломын алмайды.ДӘРЕЖЕ ТАҒАЙЫНДАУСЫЗ ОҚУ
Дәреже тағайындаусыз оқу (бакалавриат немесе магистратура деңгейінде) – дәреже алуды көздемей, жеке мақсаты үшін оқығысы келген кез келген адам пайдалана алатын білімдік опция. Таңдап алған пәндері бойынша оқуды бітірген кезде пәннің атауы, академиялық кредиттер саны және студенттің қорытынды бағаларын көрсетумен анықтама беріледі. Нәтижелі өтілген пәндер бакалавриат немесе магистратура бағдарламарына ауыстырылуы мүмкін. Дәреже тағайындаусыз оқитын студенттер ағылшын тілінің деңгейін көрсетулері қажет (тыңдаушы студенттер мен ExMBA бағдарламасының орыс тобының студенттерін қоспағанда).
ТЫҢДАУШЫ РЕТІНДЕ ОҚУ
Тыңдаушы студент –КИМЭП Университетінде жекелеген пәндерді өтуге мүдделілік танытқан адамдардың барлығына (21 жастан асқан) ұсынылатын дәреже тағайындаусыз оқу опциясы. Тыңдаушы студент мәртебесіне ие бола отырып, ол ағымдағы және қорытынды бағаларды немесе академиялық кредиттерді алмай пәнді өтуіне болады.
ТЫҢДАУШЫ РЕТІНДЕ ОҚУҒА ТҮСУ
Тыңдаушы – КИМЭП-те пәндерді тыңдауға мүдделілік танытқан 21 жастан асқан адамдардың барлығына ұсынылатын дәреже тағайындаусыз оқу нұсқасы. Тыңдаушы студент мәртебесіне ие бола отырып, ол ағымдағы және қорытынды бағаларды немесе академиялық кредиттерді алмай пәнді тыңдауына болады. Тыңдаушы студент мәртебесінде оқу үшін 1 кредит құны МВА бағдарламасындағы 1 кредит құнының 50%-ын құрайды.Ересек оқушыға арналған бағдарламаны жүктеңіз (магистратура деңгейі)ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
Халықаралық жазғы мектеп бағдарламасын өтуге мүдделілік танытқан студенттер жалпы білімдік мақсаттағы пәндерге тіркеледі. Бұл студенттер тиісті бағдарламаға (бакалавриат, магистратура, дәреже тағайындаусыз оқу) түсуге тиісті рәсімнен өтпей жазғы мектеп бағдарламасын бітіргеннен кейін КИМЭП Университетінде оқуын жалғастыра алмайды.АЛМАСУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ
КИМЭП Университеті мен шетелдік жоғары оқу орындарының арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, алмасу бағдарламасының студенттері іріктеуден өтіп, ынтымақтастық туралы келісімнің нақты шарттарына байланысты КИМЭП-те бір немесе екі семестр оқиды.
КИМЭП Университетінің Халықаралық академиялық ұтқырлық бөлімі студенттерді іріктеу рәсімі мен олардың кейін шетелдік жоо-ларда оқу шарттарын үйлестіреді.
Алмасу бағдарламасы бойынша қосымша ақпарат алу үшін келесі бөлімдермен хабарласыңыздар:КИМЭП Университетінің алмасу бағдарламасы
Тел: +7 (727) 237-48-00 (ішкі нөмірі 1038)
Эл. адресі: incoming@kimep.kz
Құжаттар тапсыру тәртібі

КИМЭП-те жыл бойғы негізде білімдік бағдарламаларға түсуге өтініш берудің ашық, айқын үдерісі әрекет етеді.
Талапкер белгіленген мерзімдерге сәйкес тиісті семестрге барлық қажетті құжаттарды қосымшасымен онлайн режимде түсуге өтініш беруі керек.Дәреже тағайындаусыз оқу үшін міндетті құжаттар:

  • Дәреже тағайындаусыз оқуға түсу үшін онлайн сауалнама. Онлайн өтінішті қалай беру керек?
  • 300 ppi (дюймға пикселдер) рұқсатымен, 8 МП (мегапиксель) кем емес өлшемдегі, JPEG форматта, төменгі қысқартумен (жоғары сапа)
  • – Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі
  • – Өтілген пәндер туралы қосымшасымен алдыңғы білімі туралы құжаттың көшірмесі (тыңдаушы студенттер үшін міндетті құжат емес)
  • Медициналық құжаттар
  • Шетелдік азаматтар үшін қосымша құжаттар:
  • — Банк шотынан үзінді көшірме (этникалық қазақтар үшін міндетті емес);
  • — Сотталғандығы/сотталмағандығы туралы анықтама.

Барлық құжаттар пакеті оларды тапсыру тәсіліне қарамастан бірдей қаралады.
Толық емес құжаттар пакетін тапсыру өтінішті қарауды кешеуілдетуге немесе бас тартуға алып келуі мүмкін.

Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау

Ағылшын тілі КИМЭП Университетіне қабылданар алдында оқу тілі болып табылатындықтан студенттер ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтаулары қажет. Осылайша, ағылшын тілі деңгейін анықтау міндетті талап болып табылады. Бұл талап ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын жоо-лардан келген бакалавр, магистр немесе доктор дәрежесі бар (немесе олардың баламалары) түлектерге (дипломның түпнұсқасы, транскрипт және бұл университет оқуды ағылшын тілінде жүргізетіндігі туралы тиісті университеттен растама), сонымен қатар КИМЭП Университетінің түлектеріне, КИМЭП Университеті мен әріптес жоо-лардың арасындағы қос диплом бағдарламасының студенттеріне, EXMBA бағдарламасының орыс тобының студенттеріне қолданылмайды.
Ағылшын тілі деңгейін анықтау рәсімінен өтпеген студенттер оны бастапқы деңгейден (FEC C) бастап оқиды.
Талапкерлер ағылшын тілі деңгейін анықтау үшін ағылшын тілін меңгерудің кез келген келесі халықаралық сертификаттарын тапсыра алады:
• TOEFL (КИМЭП Университетінің коды– 2104)
• IELTS
• Cambridge English Examinations
• Ағылшын тілін білуге КИМЭП тесті Бакалавриат деңгейі үшін:

Level of English Foundation Course CEFR IELTS TOEFL IBT* Duolingo PTE Academic Cambridge FCE (B2 First) LanguageCert

Academic

Academic English B2 5.5 (≥5.0 in

each section)

 51 – 66

((Reading 12-15; Listening 12-15; Speaking 17-18; Writing 14-18))

95+ (≥90 in each section) 39+ 160+ 60
UFA A and Provisional A B1 + 5.0 (≥4.5 in

each section)

37-50 (Reading 8-11; Listening 8-11; Speaking 14-16; Writing 9-13 94 (≥80 in each section) 31-38 159 50
UFB and Provisional B B1 low 4.5 (≥4.0 in

each section)

26-36 (Reading 4-7; Listening 3-7; Speaking 11-13; Writing 4-8) 60-94 (≥75 in each section) 24 – 30 140 – 158 40
UFC and Provisional C A2 4.0 (≥3.5 in

each section)

14-25 (Reading 1-3; Listening 0-2; Speaking 7-10; Writing 1-3) 10-59 10 – 23 n / a n / a

 

TOEFL iBT* – Beginning January 21, 2026, TOEFL iBT score reports will feature a new 1 – 6 scale. The corresponding values will be updated as soon as new TOEFL iBT reporting format is of officially launched.
Sources: TOEFL iBT: https://www.ets.org/toefl/test-takers/ibt/scores/understand-scores.html Duolingo: https://englishtest.duolingo.com/scores PTE Academic: https://www.pearsonpte.com/pte-academic/scoring Cambridge FCE (B2 First): https://www.cambridgeenglish.org/exams-and-tests/cambridge-english-scale/ LanguageCert Academic: https://www.languagecert.org/en

CEFR* – Common European Framework of Reference (Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті: оқу, үйрену, бағалау)Магистратура деңгейі үшін:

Level CEFR IELTS TOEFL IBT* Duolingo PTE Academic Cambridge FCE (B2 First) Language Cert Academic
Academic English B2 5.5

(not less than 5.0 in each section)

 51 – 66

((Reading 12-15; Listening 12-15; Speaking 17-18; Writing 14-18))

95+ (≥90 in each section) 39+ 160+ 60
GEF A and Provisional A* B1 + 5.0 (not less than 4.5 in each section) 37-50 (Reading 8-11; Listening 8-11; Speaking 14-16; Writing 9-13 94 (≥80 in each section) 31-38 159 50

UFA and Provisional A* – Graduate students placed into these courses must take them alongside undergraduate students.

TOEFL iBT* – Beginning January 21, 2026, TOEFL iBT score reports will feature a new 1 – 6 scale. The corresponding values will be updated as soon as new TOEFL iBT reporting format is officially launched.

Attention! The table is valid for all programs except LL.M programs.

LLM requirements: IELTS 6.0 (not less than 5.0 in each section), TOEFL IBT 75, TOEFL (computer) 195 and above, Duolingo 110.