KIMEP_23.01.26 (9) (1)

Факультетті марапаттау рәсімі

КИМЭП университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградаларымен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті

Алматы, 2026 жылғы 23 қаңтар — КИМЭП Университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградаларымен қызметкерлерді марапаттауға арналған салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара университеттің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің ғылым, білім беру және университет қауымдастығын дамытуға қосқан елеулі үлесін мойындауға бағытталған.

Салтанатты жиынға оқытушылар, әкімшілік персонал және университет басшылығы қатысты. Рәсім барысында КИМЭП Университетінің қызметкерлері ғылыми-зерттеу қызметін, білім беру бағдарламаларын, академиялық инфрақұрылымды дамытуға және институционалдық үдерістерді жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін министрліктің төсбелгілерімен және “Құрмет” грамоталарымен марапатталды.

Құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек (хаттың толық нұсқасы төменде қоса берілген) КИМЭП Университетінің елдің жоғары білім беру жүйесіндегі ерекше рөлін және ғылыми-зерттеу қызметіндегі көшбасшылығын атап өтті.

«КИМЭП бүгінде ұлттық жоғары білім беру жүйесінің негізгі тіректерінің бірі саналады. Отыз жылдан астам уақыт ішінде университет еліміздегі заманауи білім беру ортасын қалыптастыруда маңызды трансформациялық рөл атқарып, өңірдегі сапа эталонына айналды», — деді министр. Сондай-ақ, университеттің ғылыми жетістіктері мен зерттеушілерінің ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалуына ерекше назар аударды.

Бұған дейін марапатталғандар қатарында «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ведомстволық төсбелгісімен марапатталған доктор Чан Йан Бэнг, «Қазақстан Республикасының үздік зерттеушісі» республикалық наградасының лауреаттары атанған және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген профессоры» атағын иеленген бірқатар КИМЭП профессорлары, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен қаржы саласының профессоры, “Болашақ” бағдарламасының түлегі доктор Нұрлан Оразалин бар. Ол World’s Top 2% Scientists рейтингіне еніп, КИМЭП Университетінің ғылыми әлеуетінің халықаралық деңгейде мойындалғанын айқын көрсетті.

Аталған рәсім аясында КИМЭП Университетінің профессор-оқытушылар құрамының тағы тоғыз өкілі «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Құттықтау хатта: «Бұл жетістіктер ондаған жылдар бойы қалыптасқан берік институционалдық мәдениеттің, сондай-ақ университет қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығының нәтижесі. Бүгін Министрлік ерекше үлесі мен адал қызметі үшін он сегіз қызметкерді марапаттап отыр», — деп атап өтті.

Сонымен қатар, әкімшілік персоналдың 18 өкілі академиялық ортаны дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және білім беру үдерісін қолдауға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің төсбелгілерімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Салтанатты рәсімді оқу жұмысы жөніндегі проректор, доктор Дэмиан Ривьез және студенттік мәселелер жөніндегі декан, доктор Кристофер Бриджес ашты. Олар Министрліктің наградалары жеке жетістіктерді ғана емес, КИМЭП Университеті ұжымының көпжылдық жүйелі еңбегін жоғары бағалау екенін атады.

Рәсім марапатталғандарды құттықтаумен және КИМЭП Университетінің ұлттық жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғыс білдірумен аяқталды.

KIMEP_23.01.26 (17) (1)

Анықтама: КИМЭП Университетінің марапатталған қызметкерлері

«Қазақстан Республикасының ғылым саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» атты төсбелгімен мараптталғандар:

  • Джозеф Люк, құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры
  • Сергей Саяпин, құқық мектебінің профессоры
  • Мира Нұрмаханова, қаржы кафедрасының профессоры, бизнес факультеті
  • Эльмира Боговиева, маркетинг кафедрасының қауымдастырылған профессоры, бизнес факультеті
  • Жанат Сыздыков, бухгалтерлік есеп кафедрасының ассистант-профессоры, бизнес факультеті
  • Жұлдыз Смағұлова, білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы
  • Мағанат Шегебаев, білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры
  • Гүлнар Дадабаева, саясаттану кафедрасының профессоры, әлеуметтік ғылымдар факультеті

«Мемелекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар

  • Нұрайша Бекеева, білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ассистант-профессоры

Университетті дамытуға және әкімшілік қолдауға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалар:

  • Увасиля Самуратова, тіркеу бөлімінің директоры
  • Бакытгүл Түндікбаева, басқарушы кадрларға арналған білім беру орталығының директоры

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Құрмет” грамоталарымен марапатталғандар

  • Серіккгүл Серимова, аға бухгалтер
  • Михаил Калиногорский, АЖКО техникалық директоры
  • Мархаба Ибраимова, мұрағат меңгерушісі
  • Зухра Алиева, оқу ісі жөніндегі проректоры кеңсесінің директоры
  • Рано Пахирдинова, тіркеу бөлімі директорының орынбасары
  • Раушан Қанаева, корпоративтік даму бөлімінің директоры
  • Эльмира Кабиева, мансап орталығының директоры
  • Динара Сағындықова, түлектермен жұмыс істеу маманы
  • Ерғазы Оразалиев, спорт орталығының директоры
  • Әсел Токина, жатақхана директоры
  • Ажар Тастанқызы, жабдықтау бөлімінің директоры
  • Юлия Әлімқұлова, виза бөлімінің жетекшісі
  • Әйгерім Қайназарова, кадрлар бөлімінің директоры
  • Мәлік Сасықов, абаттандыру бөлімінің бригадирі
  • Талғат Смағұлов, инженерлік бөлімінің бригадирі

Ғылым және жоғары білім министрінің KIMEP қауымдастығына жолдаған хатын оқу (бейресми аударма)