2025 жылғы 5 желтоқсанда алмасу бағдарламасы бойынша оқып, семестрін аяқтаған студенттерге арналған арнайы қоштасу кеші өтті. Іс-шара Noodles мейрамханасында ұйымдастырылып, студенттер үшін арнайы мәзір дайындалды. Бұл кеш жылы әрі мерекелік атмосферада өтті.
Халықаралық офис командасы студенттерді алмасу семестрін сәтті аяқтауымен құттықтап, бағдарламаны аяқтағаны туралы сертификаттар мен KIMEP атынан естелік сыйлықтарды табыстады.
Кеш жаңа жылдық және рождестволық рухқа толы, жайлы әрі әсерлі атмосферада өтті. Студенттер бір-бірімен әңгімелесіп, дәмді тағамнан ләззат алып, бірге уақыт өткізді. Бұл кеш олардың жадында жылы естелік болып сақталды.
Бұл іс-шара КИМЭП Университетеінде қалыптасқан достық, мәдени алмасу және ұмытылмас сәттердің әдемі қорытындысы болды.




