2026 жылғы 17 сәуірде КИМЭП Университетінің Халықаралық бөліміалмасу бағдарламасының студенттеріне арналған фокус-топ ұйымдастырып, оларға университеттегі оқу және өмір сүру тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді.
Кездесу барысында қатысушылар алмасу бағдарламасы бойынша алған әсерлерін, Халықаралық бөлім мен университеттің басқа бөлімдері тарапынан көрсетілген қолдау деңгейін талқылап, бағдарламаны одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді. Іс-шара достық әрі еркін атмосферада өтті. Студенттер өз пікірлері мен идеяларымен бөлісіп қана қоймай, пицца үстінде бір-бірімен еркін араласып, бұл кездесудің одан да жағымды әрі нәтижелі өтуіне ықпал етті.
КИМЭП Университетінің Халықаралық бөлімі барлық қатысушыларға уақыт бөліп, ашық пікір білдіріп, құнды ұсыныстарымен бөліскені үшін шынайы алғысын білдіреді. Әрбір пікір мен ұсыныс КИМЭП-тегі академиялық ұтқырлық тәжірибесін болашақ алмасу бағдарламасының студенттері үшін одан әрі жайлы, мазмұнды және пайдалы етуге көмектеседі.






