evision-corporate-image
llm

Халықаралық құқық магистратурасы (LLM)

Халықаралық құқық магистратурасы (LLM) – бұл трансшекаралық құқықтық келісімдермен айналысатын заңгерлер мен кәсіпкерлерге мамандандырылған білім алу мүмкіндігін беретін бір жылдық оқу бағдарламасы.

КИМЭП Университеті қазақстандық нарықтағы жоғары білімнен кейінгі құқықтық білім алуға деген сұраныстың бар екендігін түсіне отырып халықаралық құқық саласындағы магистратура бағдарламасын ашты. Оқу бағдарламасы студенттердің құқық саласындағы практикалық дағдыларын жетілдіре отырып теориялық білімдерін арттыру мақсатымен дамытылған. Оқу барысында студенттер құқықтық мәтіндерді оқу және түсіну, құқықтық нормаладың негізінде жатқан жүйені критикалық зерттеу, сонымен қатар дұрыс пайымдауға негізделетін жазбаша және ауызша дәлелдеуді дайындау дағдыларына ие болады. Оқу жоспары бүкіл әлем бойынша барлық LL.M бағдарламаларына тән курстардан және тікелей шетелдік инвестициялармен жұмыс істеуге қажетті нақты Қазақстанның құқықтық режиміне қатысты курстардан тұрады.

  • Бағдарлама еуропалық аккредитация агенттігімен аккредиттелген.
  • Құқық факультетінің барлық оқытушылары шетелдік университеттердің доктор дәрежесіне ие, қазақстандық, халықаралық және салыстырмалы құқық салаларында ауқымды білімдері бар, сонымен қатар ғылыми зерттеулермен айналысады.
  • Оқу мен жұмысты қатар алып жүру мүмкіндігін беру үшін сабақтар кешкі уақыт пен демалыс күндері өткізіледі.
  • Бағдарламаны бір жылда бітіруге болады.