Заң клиникасына қош келдіңіздер!

Заң клиникасы — оқу жобасы және Заң мектебінің білім беру бағдарламасының міндетті бөлігі.

Біз халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына тегін заң көмегін көрсетеміз.

Заң мектебінің студенттері оқытушылар мен тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, құқықтық қолдау көрсетеді.

Заң клиникасы 2011 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде біз мол тәжірибе жинақтап, көптеген азаматтарға табысты түрде көмек көрсеттік.

Заң көмегі әр адамға қолжетімді болуы тиіс.

Ізгі ниетпен,

Д-р Сергей Панасюк

Заң клиникасының Директоры

Заң клиникасының мақсаттары

  • Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға тегін заң көмегін көрсету
  • Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру
  • Қазақстандағы әділ сот жүйесінің дамуына ықпал ету
  • Заңгерлік білімнің тәжірибелік бағытын дамыту

Бізді қалай табуға болады

Клиниканың негізгі офисінің мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғ. 1 А, КИМЭП Университеті, Жаңа академиялық ғимарат, №108 офис
Link to Google Maps

BackOffice

Клиниканың фронт-офисінің мекенжайы: Алматы қ., Достық даңғ. 87а, КИМЭП Тұрғын үйінің ғимараты (Достық көшесіндегі кіреберіс)
Link to Google Maps

FrontOfficceCapture

Байланыс ақпараты

Пошта:
legal.clinic@kimep.kz 

Ұялы телефон:
+7 (701) 572 98 92

Заң клиникасының жұмыс уақыты

Біз дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс істейміз.
Оқу процесінің кестесіне байланысты алдын ала жазылуыңызды сұраймыз.