evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
law

Заңгерден сұра

«Заңгерден сұра» дегеніміз не?

«Заңгерден сұра» жобасы 2016 жылы КИМЭП Университетінің Заң клиникасы мен ПАРАГРАФ ақпараттық жүйесі негізінде Жанат Алиманов пен Михаил Коломинмен құрылған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – мұқтаж тұлғаларға онлайн режимде тегін заңды көмек көрсету, сонымен қатар КИМЭП Университетінің заң факультетінде оқитын студенттерге ЖОО қабырғасында өз кәсіби дағдыларын дамыту мен жетілдіруге мүмкіндік беру.

Заңгерлік кеңесті КИМЭП Университеті заң факультетінің үздік студенттері береді және заі факультетінің оқытушыларының егжей-тегжейлң тексерісінен өтеді.

Болашақ мамандар азматтық, салық, қылмыстық, еңбек, мемлекеттік сатып алу заңнамалары сияқты көптген салаларда терең біліктілікті қажет ететін сұрақтарға жауап береді.

Жобаның негізін қалаушылар

zhanat

Жанат Алиманов

Құқық магистрі (LL.M.), Дьюк Университетінің заң мектебі, Дарем қ., Солтүстік Каролина, 2000 жыл.
Құқық саласында үздік диплом, Қазақ гуманитарлық заң академиясы, Алматы, Қазақстан, 1998 жыл.

Жанат Алиманов түрлі салаларда басқарушы қызметін атқарған, оның ішінде Sapienti Group компаниясының атқарушы директоры қазметін, Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығының атқарушы кеңесінің жетекшісі және «Сарыарқа» ӘКК» қазақстандық ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қызметтер атқарған. Нью-Йорк штатында, АҚШ, (Нью-Йорк қ. Қорғаушылар алқасы) қорғаушы қызметін атқаруға рұқсаты бар.


kolomin

Михаил Коломин

Михаил Коломин – «ЮрИнфо» ЖШС Бас директоры. 1982 жылы 18-қаңтарда Алматы облысы, Талғар ауданында дүниеге келген. 2004 жылы Абай атындағы АМУ заң факультетін бітірді. 2004 жылдан бастап «ЮрИнфо» компаниясында өз қызметін бастады.


chernogritskaya

Черногрицкая Элина

Черногрицкая Элина – ПРАВМЕДИА порталының бас редакторы. 1979 жылы 21-ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы АМУ психолого-педагогикалық факультетін бітірген. 2005 жылы ҚазМЗУ кәсіпкерлік құқық факультетінде білім алған. 2009 жылдан бастап «Параграф» АЖ өз қызметін бастады.

Басқарушы серіктестер

havratova

Татьяна Хавратова

Татьяна 1994 жылы 8-ақпан күні Алматы қаласында дүниеге келген. 2017 жылы КИМЭП Университетінің заң факультетін бітіріп шыққан. Оқу барысында студенттік өмірге белсенді қатысып, КИМЭП заң мектебінің дамуына қомақты үлес қосты, яғни Параграф АЖ, Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығы (СІРЕ), “Kazakhstan Bar Association” заңгерлік кеңес берушілер палатасы, Allen & Overy халықаралық заңгерлік компаниясының қатысуымен көптеген жобаларға қатысып, оларды басқарған. 2017 жылы Татьяна Egen Gregory заңгерлік компаниясында практикасын бастап, осы компанияның заңгері ретінде қызмет атқаруда. Татьяна негізінен копроративті және коммерциялық мәмілелер, оның ішінде трансшекаралық бірігулер мен жұтылулар, бірлескен кәсіпорындар құру бойынша маманданады.


sharapov

Кирилл Шарапов

2015-2019 жж. аралығында КИМЭП Университетінде білім алған. «Заңгерден сұра» жобасына 2-курстан бастап кеңес беруші ретінде қатыса бастады, ал 2018 жылы жоба үйлестірушісі болып тағайындалды. Жобаға қосылған кезден бастап қазіргі күнге дейін әрекет ететін «Заңгерден сұра» жобасын басқарудың жаңа жүйесін енгізді. Басқарудың жаңа жүйесі қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, 2018-2019 жж. 131 онлайн кеңес беру жүзеге асырылды, бұл 2017-2018 жылдарға қарағанда екі есе артық. Өз міндеттерін атқару барысында Кирилл көптеген жаңалықтар енгізіп, жобаны басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырды. Бұл студенттерге кеңес берудің тиімдірек жолын көрсетіп, нағыз заңгер екендігін сезіндірді.

Біздің команда

sharipova

Шарипова Альфия

Альфия КИМЭП Университеті заң факультетінің 3-курс студенті, жобаға 2-курстан бастап қосылды. Қазіргі таңда Альфия «Заңгерден сұра» жобасының серіктесі болып табылады. Оның міндеттеріне берілген кеңестің сапасы мен ҚР заңнамасына сәйкестігін тексеру кіреді. Альфия «Заңгерден сұра» жобасының заң факультетінің студенттері үшін болашақта сәтті мансапқа қажетті дағдыларға ие болу үшін керемет мүмкіндік екендігіне сенімді.


zabiyakin

Забиякин Роман

Роман КИМЭП Университеті заң факультетінің 3-курс студенті, жобаға 2018 жылдан бері қатысады. Роман жобаға 2-курстың басында қосылды. Ол кеңес беруші ретінде бастап, корпоративті, еңбек, жер және басқа құқық салаларында кеңес беріп жүріп өте құнды тәжірибе жинады. Қазіргі таңда Роман «Заңгерден сұра» бағдарламасында серіктес болып табылады. Кеңес беруші ретінде Роман түрлі салаларда 15-тен аса онлайн кеңестер берді, ал жоба серіктіесі ретінде азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа құықтық салаларда 30-дан аса істерге жетекшілік жасады. Романның ойынша «Заңгерден сұра» жобасының әлеуметтік маңызы өте зор және студенттер мен жобаға көмек сұрап хабарластындар үшін бірдей пайдасын тигізетін инновациялық жоба болып табылады.


zaharov

Захаров Данил

Данил бұл жобаға оқуының екінші жылында қосылды. Данилдің айтуынша, жобадағы бірінші айлар оңайға түскен жоқ. Қатысушылар жаңа салалармен танысып, оған қоса жауапкершілік, өте қысқа мерзімдер, кеңес беру сапасын бақылау мен өз клиентіңнің жағдайы үшін жауапкершілікпен бетпе-бет келуге тура келді. Данил мемлекеттік сатып алу, банктік, отбасылық және басқа құқық салалары бойынша кеңес бере отырып, ауқымды тәжірибеге ие болды. Данилдің ойынша «Заңгерден сұра» жобасы әлеуметтік маңызы зор және білім мен біліктіліктің құнды қайнаркөзі болып табылады.

Жоба тарихы

1. «Заңгерден сұра» жобасы ПРАВМЕДИА порталында 2016 жылдың қаңтар айында бастау алды, ал дайындық жұмыстары бұдан әлдеқайда бұрын 2015 жылдың ортасында басталған болатын. Жоба жұмыстарының басталуынан-ақ КИМЭП құқық клиникасының студенттері белсенді қатысушылары болып отыр.

2. 2018 жылдың 20-маусымында заң фирмаларында қабылданған басқару жүйесіне барынша ұқсас жасалған жобаны басқарудың жаңа жүйесі бекітілді. Жаңа жүйені бекітуде белсенді болған басқарушы серіктес Шарапов Кирилл болатын.

Жетістіктеріміз:
Қазіргі таңда, 2016-дан бастап 2019 жылға дейінгі мерзімде жоба қатысушылары азаматтық құқық, әкімшілік құқық, жер құықығы және басқа да салаларда 300-ден астам істер бойынша онлайн кеңестер берді.

Қалай қатысушы бола аласыз?

Жобаның басқарушы серіктесі серіктестермен бірге әр академиялық семестрдің басында жобаға қатысу үшін кастинг өткізеді. Білім деңгейін тексеру үшін болашақ қатысушыны стандартты меморандум жазуға шақырады.

Егер сіз кәсіби тәжірибе алғыңыз, заң саласындағы теориялық білімдеріңізді нығайтқыңыз, білімдеріңізді практикаға енгізгіңіз келсе, біз сізді «Адвокат сұрау» жобасында көруге асыға күтеміз.

Контакты:
Алматы, пр. Абая, 4, Университет КИМЭП,
Офис 107, Новое академическое здание.