Бағдарлама сипаттамасы
Құқықтану бакалавры бағдарламасы студенттерге теориялық біліммен қатар, практикалық дағдыларға машықтануды ұсынатын мүмкіндік беретін білімдік бағдарлама. Жетекші халықаралық әлемдік тәжірибеге сәйкес, бағдарлама Қазақсатнның материалдық құқығы мен іс жүргізу нормаларын зерделеуді сыни ойлау және проблемаларды шешу дағдыларымен, сондай-ақ жобаны әзірлеу, келіссөздер жүргізу және адвокаттық қызмет дағдыларымен біріктіреді. Нәтижесінде заң бакалавры дәрежесін алған студенттер Қазақстанда заңгерлік тәжірибеге жақсы дайындалған жоғары кәсіби заңгер болады.
Бағдарлама студенттен 146 кредит жинауды талап етеді. Бір академиялық кезеңде орта есеппен 18 кредит және жазғы семестрде тағылымдамадан сәтті өткен жағдайда бағдарламаны төрт оқу жылы ішінде аяқтауға болады. Төтенше жағдайлар болмаса, студенттер төрт жыл ішінде бағдарламаны аяқтайды.
Бағдарламаны сәтті бітіргеннен кейін түлектер келесі міндеттерді жүзеге асыра алатын болады:
- Құқықтық, бизнес және саяси терминологияны тиісті қолдана біледі.
- Заңдарды, нормативтік құқықтық актілер мен басқа да қаулыларды тура түсініктемесін береді және соған сәйкес қолдана алады.
- Меморандумдар, шағымдар, контрактілер мен т.б. құқықтық құжаттарды дайындайды.
- Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі халықралық үрдістердің рөлі мен ықпалын түсінеді.
- Қазақстанның құқытық жүйесінің ерекшеліктері, оның даму ерекшеліктері мен мемлекеттің тарихы мен дамуымен байланысын түсіндіре алады.
- Қазақстанның соттары мен әкімшілік органдарында келіссөздер жүргізе біледі және клиенттердің мүдделерін қорғай алады.
- Әрбір клиенттің нақты қажеттілктеріне негізделген тура және сәйкес кеңес беретін болады.
- Кәсіби ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде тиімді, әрі сенімді сөйлесе алады.
- Табандылық, көшбасшылық және топтық жұмыс дағдыларын көрсететін болады.
Пәндер категориясы | Кредиттік сағаттар |
Жалпыбілімдік міндетті пәндер | |
Қазақстандық құқық негіздері | |
Практикалық заңгерлік дағдылар | |
Құқықтану | |
Ілгері деңгейдегі таңду бойынша заңгерлік пәндер | |
Дәреже алуға басқа да талаптар | |
Дәреже алу үшін қажетті барлық кредттік сағаттар | 146 |
Құқық бакалавры дәрежесіналу үшін студент 146 КИМЭП кредитін немесе 240 ECTS кредитін жинау қажет.
Пәндер модулі | КИМЭП кредиттері | ECTS кредиттері |
Жалпыбілімдік компонент | 36 | 56 |
Бағдарламаның міндетті базалық талаптары | 60 | 101 |
Бағдарламаның мамандандырылған талаптары | 9 | 15 |
Бағдарламаның базалық элективтері | 21 | 35 |
Бағдарламаның мамандандырылған элективтері | 15 | 25 |
Қорытынды аттестация | 5 | 8 |
Дәреже алу үшін қажетті жалпы кредиттік сағаттар | 146 | 240 |
Жалпыбілімдік талаптар бойынша ақпарат КИМЭП Университеті Каталогының «Жалпыбілімдік талаптар» бөлімінде ұсынылған. Дегенмен, құқық мектбінің барлық студенттері арнайы заңгер-студенттерге арналған ENG1110 және ENG1120 нұсқаларына тіркелу қажет:
LAW/ENG1111 | Заңгер-студенттерге арналған ағылшын тілі I | 3 | 5 | ENG0103 Базалық ағылшын тілі – А деңг. немесе Академиялық ағылшын тілі бағдарламасына тікелей қабылдау |
LAW/ENG1120 | Заңгер-студенттерге арналған академиялық оқу және хат I | 3 | 5 | ENG0103. Базалық ағылшын тілі – А деңг немесе Академиялық ағылшын тілі бағдарламасына тікелей қабылдау |
Міндетті пәндер: дайындық, негізгі, базалық және практикалық оқыту (Бағдарламаның міндетті базалық талаптары)
Пән коды | Пән атауы | 60
КИМЭП кредиті |
101
ECTS кредиті |
Пререквизиттер |
a. Дайындық пәндері | 8 credits | 13 ECTS | ||
GENxxx | Орыс/Қазақ тілі | 2 | 3 | [пререквизиттерді білу үшін Каталогтың «Жалпыбілімдік талаптар» бөлімін қараңыз] |
LAW/ENG1121 | Заңгер-студенттерге арналған академиялық оқу және хат IІ | 3 | 5 | LAW/ENG1120 Заңгер-студенттерге арналған академиялық оқу және хат I |
LAW/ENG1100 | Заңгер-студенттерге арналған ағылшын тілі II | 3 | 5 | LAW/ENG1111 Заңгер-студенттерге арналған ағылшын тілі I |
b. Негізгі пәндер | 9 кредит | 15 ECTS | ||
LAW1001 | Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңгерлік кәсібіне кріспе | 3 | 5 | LAW1101 Мемлекет және құқық теориясы |
LAW1101 | Мемлекет және құқық теориясы | 3 | 5 | Жоқ |
LAW2303 | Рим құқығы | 3 | 5 | Жоқ |
c. Құқық негіздері | 36 кредит | 60 ECTS | ||
LAW1301 | Құқықтық зерттеу, жазу және дәлелдеу | 3 | 5 | LAW2303 Рим құқығы; ENG/GEN1121 Академиялық оқу және жазуII; LAW/ENG1100 Заңгер-студенттерге арналған ағылшын тілі II |
LAW2104 | ҚР конституциялық құқығы | 3 | 5 | LAW1101 Мемлекет және құқық теориясы; LAW2303 Рим құқығы |
LAW2106 | ҚР қылмыстық құқығы: жалпы бөлігі | 3 | 5 | LAW1001 Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңгерлік кәсібіне кріспе; LAW2303 Рим құқығы |
LAW2107 | ҚР қылмыстық құқығы: ерекше бөлігі | 3 | 5 | LAW2106 ҚР қылмыстық құқығы: жалпы бөлігі |
LAW2108 | ҚР азаматтық құқығы: жалпы бөлігі | 3 | 5 | LAW1001 LAW1001 Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңгерлік кәсібіне кріспе; LAW2303 Рим құқығы |
LAW2109 | ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлігі | 3 | 5 | LAW2108 ҚР азаматтық құқығы: жалпы бөлігі |
LAW2110 | ҚР еңбек құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW2108 ҚР азаматтық құқығы: жалпы бөлігі |
LAW3301 | Қазақстандағы келісім-шарт құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлігі |
LAW3303 | Заңды тұлғалар құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлігі |
LAW3307 | ҚР жер құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлігі |
LAW4401 | ҚР қылмыстық процессуалдық құқығы | 3 | 5 | LAW2107 ҚР қылмыстық құқығы: ерекше бөлігі |
LAW4402 | ҚР азаматтық процессуалдық құқығы | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлімі |
d. Практикалық оқыту | 7 кредит | 13 ECTS | ||
LAW3603 | Практика I – Заңгерге сұрақ қой | 2 | 4 | LAW2108 ҚР азаматтық құқығы: жалпы бөлімі |
LAW3604 | Практика II – Заңгерлік клиника | 2 | 4 | LAW3603 Практика I – Заңгерге сұрақ қой |
LAW4604 | Практика III – Диплом алды практикасы | 3 | 5 | LAW3604 Практика II – Заңгерлік клиника |
Міндетті пәндер: Ұлттық құқық және практика (Бағдарламаның мамандандырылған талаптары)
Пән коды | Пән атауы | 9 КИМЭП кредиті | 15 ECTS кредиті | Пререквизиттер |
LAW2105 | ҚР әкімшілік құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW4402 ҚР азаматтық процессуалдық құқығы |
LAW3304 | ҚР отбасы және мұрагерлік құқығы мен практикасы | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлімі |
LAW4511 | Қазақстандағы заңгерлік практикасы және кәсіби жауапкршілік | 3 | 5 | LAW4401 ҚР қылмыстық процессуалдық құқығы және LAW4402 ҚР азаматтық процессуалдық құқығы |
Негізгі мамандану бойынша элективті пәндер (Бағдарламаның базалық элективтері)
Төмендегі тізімнен қалаған 7 пәнді таңдаңыз:
Пән коды | Пән атауы | 21
КИМЭП кредиті |
35
ECTS кредиті |
Пререквизиттер |
LAW1103 | Шетелдік мемлекеттердің мемлекет және құқық тарихы | 3 | 5 | Жоқ |
LAW3101 | Азаматтық құқық: жалпы бөлім – семинар | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлімі |
LAW3302 | ҚР деликт құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлімі |
LAW3305 | Салыстырмалы конституциялық құқық | 3 | 5 | LAW2104 ҚР конституциялық құқығы |
LAW3306 | ҚР интеллектуалды меншік құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлімі |
LAW3308 | ҚР экологиялық құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW1101 Мемлекет және құқық теориясы; LAW2303 Рим құқығы |
LAW3309 | Жануарлар құқығы | 3 | 5 | LAW1101 Мемлекет және құқық теориясы |
LAW3311 | Халықаралық жария құқық | 3 | 5 | LAW 1101 Мемлекет және құқық теориясы; LAW2303 Рим құқығы |
LAW3312 | Халықаралық жеке құқық | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлімі |
LAW3313 | ҚР жеке меншік құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлімі |
LAW4501 | ҚР коммерциялық істерді қарау практикасы | 3 | 5 | LAW4402 ҚР азаматтық процессуалдық құқығы |
LAW4504 | Адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқық | 3 | 5 | LAW3311 Халықаралық жария құқық |
LAW4505 | Халықаралық инвестициялық құқық | 3 | 5 | LAW3311 Халықаралық жария құқық |
LAW4506 | Халықаралық сауда құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлімі |
LAW4507 | Энергетика және табиғи ресурстар құқығы | 3 | 5 | LAW 1101 Мемлекет және құқық теориясы; LAW2303 Рим құқығы |
LAW4508 | ҚР қаржылық құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW 1101 Мемлекет және құқық теориясы; LAW2303 Рим құқығы |
LAW4509 | ҚР салық құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлімі |
LAW4510 | ҚР прокурорлық бақылау | 3 | 5 | LAW 1101 Мемлекет және құқық теориясы; LAW2303 Рим құқығы |
LAW4514 | Халықаралық келісімдер құқығы | 3 | 5 | LAW3311 Халықаралық жария құқық |
LAW4515 | Халықаралық қылмыстық құқық және процессі | 3 | 5 | LAW3311 Халықаралық жария құқық |
LAW4519 | Криминология | 3 | 5 | LAW2107 ҚР қылмыстық құқығы: ерекше бөлігі |
LAW4521 | Халықаралық құқық тарихы | 3 | 5 | LAW 1101 Мемлекет және құқық теориясы; LAW2303 Рим құқығы |
LAW4522 | Дипломатиялық және консулдық құқық | 3 | 5 | LAW3311 Халықаралық жария құқық |
LAW4523 | Халықаралық институттар және ұйымдар құқығы | 3 | 5 | LAW3311 Халықаралық жария құқық |
LAW4525 | АТ және киберкеңістік құқығы | 3 | 5 | LAW2109 ҚР азаматтық құқығы: ерекше бөлімі |
LAW4526 | Халықаралық гуманитарлық құқық | 3 | 5 | LAW 1101 Мемлекет және құқық теориясы; LAW2303 Рим құқығы |
LAW4529 | Халықаралық салық құқығы және практикасы | 3 | 5 | LAW 1101 Мемлекет және құқық теориясы; LAW2303 Рим құқығы |
LAW4530 | Медиация, арбитраж және АХҚО | 3 | 5 | LAW3301 Қазақстандағы келісім-шарт құқығы және практикасы |
LAW4534 | Заңгерлік кеңес беру негіздері | 3 | 5 | LAW3301 Қазақстандағы келісім-шарт құқығы және практикасы немесе LAW3303 ҚР заңды тұлғалар құқығы және практикасы |
LAW4999 | Құқық саласындағы таңдаулы тақырыптар (бакалавриат деңгейі) | 3 | 5 | Пререквизитті оқытушы анықтайды |
Қорытынды аттестация 5 кредит, 8 ECTS
1 немесе 2-нұсқаны таңдаңыз.
Пән коды | Пән атауы | 5
КИМЭП кредиті |
8
ECTS кредиті |
Пререквизиттер |
1-нұсқа: Емтихан | ||||
LAW4904 | Қорытынды емтихан | 5 | 8 | Пререквизит: барлық басқа академиялық пәндерді аяқтау, соңғы пәндермен қатар бір мезгілде тіркеле алады |
2-нұсқа: Дипломдық жұмыс | ||||
LAW4769 | Зерттеу әдістері (Дипломдық жұмыс/жоба I) | 3 | 5 | Пререквизит: барлық академиялық кредиттер, сонымен қатар кемінде 106 кредиттік курстарды аяқтау және деканның рұқсатымен |
LAW4702 | Дипломдық жұмысты қорғау (Дипломдық жұмыс/жоба II) | 2 | 3 | LAW4769 Зерттеу әдістері (Дипломдық жұмыс/жоба I) және кемінде 126 кредитті жинау |
БАРЛЫҒЫ | 5 кредит | 8 ECTS |
Ескерту:
- Пререквизиттерді қанағаттандыратын барлық студенттер 1-нұсқаны таңдай алады: Емтиханды тапсыру. Емтихан ағылшын тілінде өтеді және міндетті пәндер бойынша маңызды құқықтық білімді тексереді.
- Емтиханның орнына ерекше академиялық жетістігі бар және сенімділігі, тәуелсіздігі және уақытты тиімді басқару тарихы бар студенттер ғана 2-нұсқаны таңдай алады: Емтихн тапсырудың орнына дипломдық жұмысты жаза алады. Дипломдық жұмысты жазу нұсқасына GPA 3.8 студенттер ғана өтініш бере алады. Студенттер LAW4769 Зерттеу әдістерін өтуді жоспарлап отырған семестрдің тіркеу кезеңінде ғана электоралды түрде өтініш бере алады. Декан студентке дипломдық жұмысты орындауға рұқсат беру-бермеуді өз еркімен шешеді. Деканның шешімі түпкілікті және қайта қарастыруға жатпайды.
- Студенттер дипломдық жұмыстарды жазуда және қорғауда құқық мектебінің нұсқаулығын қатаң сақтау қажет. Барлық міндетті формаларды уақтылы толтырмаған, қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе дипломдық жұмысын дұрыс форматта жазбаған студенттер дипломдық жұмысын қорғай алмайды.
БАКАЛАВРИАТ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚОСЫМША МАМАНДАНУ
Құқық мектебі басқа факультеттер студенттеріне құқықтану бойынша қосымша маманданудың екі түрін ұсынады: 1) құқық бойынша қосымша мамандану; 2) халықаралық құқық бойынша қосымша мамандану
Қосымша мамандандыру үшін студенттер 15 кредит алуы керек.
Құқық бойынша қосымша мамандану | Кредиттер | ECTS | |
Пререквизиттер | |||
LAW1001 | Қазақстанның құқықтық жүйесіне кіріспе | 3 | 5 |
Төмендегі тізімнен кез келген төрт пән (12 кредит) | |||
LAW1101 | Мемлекет және құқық теориясы | 3 | 5 |
LAW2104 | ҚР Конституциялық құқығы | 3 | 5 |
LAW2106 | ҚР Қылмыстық құқық: Жалпы бөлім | 3 | 5 |
LAW2108 | ҚР Азаматтық құқық: Жалпы бөлім | 3 | 5 |
LAW2110 | ҚР Еңбек заңы | 3 | 5 |
LAW2301 | Саяси-құқықтық ілімдер тарихы | 3 | 5 |
LAW2302 | Құқық философисы | 3 | 5 |
LAW2303 | Рим құқығы | 3 | 5 |
LAW3301 | Қазақстандағы шарт құқығы | 3 | 5 |
LAW3302 | Қазақстандағы деликтілік құқық | 3 | 5 |
LAW3303 | Қазақстандағы корпоративтік құқық | 3 | 5 |
LAW3304 | ҚР отбасылық және мұрагерлік құқық | 3 | 5 |
LAW3305 | Салыстырмалы конституциялық құқық | 3 | 5 |
LAW3306 | ҚР интеллектуалдық меншік құқығы | 3 | 5 |
LAW3309 | Жануарлар туралы заң | 3 | 5 |
LAW4509 | Қазақстандағы салық құқығы | 3 | 5 |
БАРЛЫҒЫ: | 15 | 25 |
LAW1101 Мемлекет және құқық теориясы (3 кредит)
Алдынғы пәндер: жоқ
Бұрынғы коды: GEN1630
Бұл курс Мемлекет және құқық теориясының негізгі ұғымдары мен қағидаларын таныстырады. Мемлекет пен құқыстың шығу тегі, мемлекет түрлері мен функциялары, құқық көздері мен нормаларды қолдану қарастырылып, құқықтық мәдениет, заңгерлік жауапкершілік және құқықтық әдет‑ғұрып мәселелері талқыланады. Курс студенттерге құқықтық теория мен практиканы үйлестіріп, әрі қарайғы құқықтық пәндерді терең түсінуге негіз болады.
LAW1102 Қазақстанның мемлекеттік‑құқық тарихы (3 кредит)
Алдынғы пәндер: жоқ
Бұрынғы коды: LAW2101
Курс Қазақстан жеріндегі ежелгі мемлекеттердің (гундер, түркілер, моңғолдар, қазақ хандығы) дамуынан бастап Ресей империясы мен Кеңестік кезеңдегі құқықтық жүйені қарастырады. Конституциялдық құқықтың қалыптасуына, 1990 жылғы Мемлекеттік тәуелсіздік декларациясына, 1993 ж. және 1995 ж. Конституцияларына тоқталады.
LAW2104 Қазақстанның Конституциялық құқығы (3 кредит)
Алдынғы пәндер: жоқ
Бұрынғы коды: LAW2103
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын енгізеді. Конституцияның негізгі қағидалары, мемлекеттік органдар жүйесі (Парламент, Президент, Үкімет, соттар, прокуратура, Конституциялық Кеңес) мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары зерттеледі. Сонымен бірге сайлау жүйесі қарастырылады.
LAW2105 Әкімшілік құқық (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW2104
Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет мәселелерін реттейтін құқықтық нормаларды қамтиды. Мемлекеттік әкімшілендіру органдарының құрылымы, әкімшілік жауапкершілік және рәсімдер талқыланады.
LAW2106 Қылмыстық құқық: Жалпы бөлім (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW1101
Бұрынғы коды: LAW2301
Бұл бөлімде қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары (қылмыс, қылмыс құрамы, жауапкершілік, жазалау, жазаға тарту ерекшеліктері) қарастырылады. Қылмыстық заңның уақыттық, кеңістікке және тұлғаға қатысты қолданысы, жауапкершілікті босату шарттары, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі талқыланады.
LAW2107 Қылмыстық құқық: Ерекше бөлім (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW2106
Бұрынғы коды: LAW2302
Қылмыстық құқықтың арнайы бөліміне жатады: жеке құқыққа қарсы қылмыстар (өмірге, денсаулыққа, абыройға, экономикалық және экологиялық қылмыстар) және мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Әрбір қылмыс түріне сәйкес жазалау шаралары қарастырылады.
LAW2108 Азаматтық құқық: Жалпы бөлім (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW1101
Бұрынғы коды: LAW2201
Азаматтық құқық субъектілерін (азаматтар мен заңды тұлғалар), мәмілелер мен келісімдерді, меншік құқығын, міндеттемелерді және азаматтық құқық қорғау механизмдерін зерттейді. Кәсіпкерлік еркіндігіне ерекше назар аударылады.
LAW2109 Азаматтық құқық: Ерекше бөлім (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW2108
Бұрынғы коды: LAW2203
Арнайы азаматтық міндеттемелерге тоқталады: шарттық (сату, жалға беру), шарттан тыс (зиян, негізсіз байыту), интеллектуалдық меншік, мұрагерлік және халықаралық жеке құқық.
LAW2110 Еңбек құқығы (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW2108
Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттемелеріне арналған курс. Жұмыс шарттары, еңбек қауіпсіздігі, еңбек төлемі, профсоюстардың рөлінақты құқықтық реттеуді үйретеді. Практикалық бөлім құжат дайындау мен іс-талдау негізінде құрылады.
LAW1001 Қазақстан Республикасының құқық жүйесіне кіріспе (3 кредит)
Алдынғы пәндер: жоқ
Қазақстан құқық жүйесінің негізгі элементтерін: конституциялық құқық, әкімшілік, қаржы, салық, еңбек, қылмыстық, азаматтық және отбасы заңдарын таныстыратын обзорлық курс.
LAW3301 Договортық құқық (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW2108
Шарттардан туған міндеттемелерді зерттейді: шарттардың жасалуы, орындалуы, бұзылуы және құқықтық қорғанысы. Сату, жалға беру, құрылыс, сақтандыру, банк қызметтері секілді түрлі шарт түрлері қарастырылады.
LAW3302 Деликтілік құқық (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW2108
Зиян келтіруден туындайтын азаматтық міндеттемелер, зиянның түрлері (моральдық және мүліктік), себеп-салдар байланыстары және өнім қауіпсіздігі мәселелері айқындалады. Сондай-ақ, негізсіз байытуға қатысты нормалар қарастырылады.
LAW3303 Корпоративтік құқық (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW2108
Юридикалық тұлғаларды құру, басқару, қайта ұйымдастыру және таратумен байланысты құқықтық аспектілерін зерттейді. Жеке және заңды тұлғалардың түрлері (ТОО, ААҚ, кооперативтер және басқа да), құжаттарды ресімдеу тәжірибесі көрсетіледі.
LAW3304 Отбасы және мұрагерлік құқық (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW2108
Бұрынғы коды: LAW3209
Отбасылық құқық: некелеу, ажырасу, алимент, ата-аналық міндеттер және отбасылық қатынастар. Мұрагерлік: өсиет, заң бойынша мұрагерлік және құқықтық рәсімдер. Практикалық жағынан кейстер беріледі.
LAW3306 Интеллектуалдық меншік құқығы (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW2108
Бұрынғы коды: LAW3206
Авторлық құқық, патент, бренд, коммерциялық құпия және бағдарламалық өнімдерге байланысты құқықтық нормалар қарастырылады. Лицензиялық келісімдер мен open source мәселелері камтылатын құқықтық қорғаныс механизмдері талданып, нақты кейстер беріледі.
LAW3307 Жер құқықтары (3 кредит)
Алдынғы пәндер: LAW2108
Бұрынғы коды: LAW3401
Қазақстанда жер ресурстарын пайдалану, меншік құқықтары, жер пайдалану режимдері (аграрлық, өнеркәсіптік, қорықтық, қалалық және т.б.) құқықтық тұрғыдан қарастырылады.
LAW3308 Экологиялық құқық (3 кредит)
Алдынғы пәндер: жоқ
Бұрынғы коды: GEN2721
Тұрақты даму, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экологиялық бағалау принциптері зерттеліп, Қазақстан және халықаралық деңгейдегі экологиялық құқық қалыптасымымен таныстырады. Мемлекеттік бақылау және экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылады.
Шәкіртақылар және гранттар
Қазақстандық және шетелдік студенттер үшін академиялық жетістіктері негізінде шәкіртақы немеес грант алуға көптеген мүмкіндіктер бар. КИМЭП Университетінде оқу барысында студенттер университет кампусында жартылай күндік жұмыс істеуге сұраным бере алады.
Шәкіртақы алуға сұраным бергіңіз келсе Қаржылық қолдау бөліміне хабарласыңыз.
Оқу нәтижелеріне қол жеткізген түлектер магистратура деңгейінде құқық саласы бойынша білімін жалғастыруға немесе жергілікті деңгейде еңбек қызметін бастауға дайын болады. Мысалы, түлектер келесі салаларда жұмыс істеуге білікті болады:
- Адвокаттық кеңселерде
- Бизнес-компанияларда
- Қаржы қызметі ұйымдарында
- Мемлекеттік мекемелерде
- Жеке заң практикасы саласында