evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
admission-inter

Нострификациялау рәсімі

Қазақстан Республикасы тану туралы Лиссабон конвенциясының қатысушысы болып табылады, ол Қазақстанда оқу мақсатымен студенттердің басқа елдерде алған біліктілігін тануды көздейді. Тану туралы Лиссабон конвенциясына қатысты біршама толық ақпарат алу үшін сілтемемен жүріңіз.

КИМЭП Университеті әлемнің түпкір-түпкірінен келген студентерді үлкен ықыласпен қарсы алады. Алайда КИМЭП Университетінен дәреже алғысы келгендер білімі туралы шетел құжаттарының иеленушілері КИМЭП-те бірінші оқу семестрі ішінде тану/нострификациялау рәсімінен өтулері керек (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы Заңының 39-бабына сәйкес).
Болон процесі және академиялық мобильділік орталығы білім туралы құжаттарды тану/ нострификациялау туралы шешімді қабылдайды.

КИМЭП Университеті студенттерге білімі туралы құжатты тану/нострификациялау рәсімі бойынша консультациялық қолдау көрсетеді. КИМЭП Университеті білімі туралы құжаттарды тануға/ нострификациялауға кепілдік бермейді және егер Болон процесінің орталығы тану/ нострификациялау рәсімін өтуге студенттің өтінішін қабылдамаса жауапкершілік атқармайды.

I қадам: Оқыған елінен келесі құжаттарды әкелу:

  • Білімі туралы құжаттың апостильденген немесе заңдастырылған түпнұсқасы және білімі туралы құжаттың қосымшасы
  • Тегі өзгертілген болса – растаушы құжат

*1993 жылғы 22 қаңтардағы Минск Конвенциясына сәйкес ТМД елдерінде алған (Грузияны қоспағанда) білімі туралы құжаттар апостильденбейді және заңдастырылмайды.

II қадам: Қазақ /орыс тілдеріне аудару (егер құжаттар шетел тілінде болса) және Алматы қаласының нотариусында келесі құжаттарды нотариалдық куәландыру:

  • Білімі туралы құжаттың апостильденген немесе заңдастырылған түпнұсқасы және білімі туралы құжаттың қосымшасы
  • Төлқұжат (шетелдік студенттер үшін 2 дана)
  • Тегі өзгертілген болса – растаушы құжат

III қадам: Құжатты тану/нострификациялау рәсімін төлеу:

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттарды тану/нострификациялау = 10 АЕК*
  • Техникалық және кәсіптік білімі туралы құжаттарды тану/ нострификациялау = 8 АЕК*
  • Негізгі орта және жалпы орта білімі туралы құжаттарды тану/ нострификациялау = 6 АЕК*.

* 1 АЕК=2405 теңге – 2018 жылдың қаңтарына дейін

РММ «ЦБПиАМ» ҚР БҒМ
СТТН 620200256368
БИН 050640004360
ИИК KZ236010111000227192
AҚ ‘Казакстан халык банкі’
БИК HSBKKZKX
Кбе 16

IV қадам: Халыққа қызмет көрсету орталығында ЖСН алу ( тек қана шетелдік студенттер үшін):
Шетелдік студенттер құжаттарды нострификациялау/тану рәсіміне берер алдында ЖСН алулары керек. Бұл үшін студенттер Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) төлқұжатының нотариалды куәландырылған аудармасын тапсырулары қажет.

V қадам: Барлық қажетті құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру:

  • Нотариалдық куәландырылған мемлекеттік тіл немесе ресми тіліндегі білімі туралы құжат пен оның қосымшасы;
  • Студенттің нотариалдық куәландырылған мемлекеттік немесе ресми тілге аударылған төлқұжаты;
  • Тегі өзгертілген болса – растаушы құжат;
  • Нострификациялау/тану рәсімі үшін төленген төлем түбіртегі;
  • Құжаттарды тапсыруға толтырылған өтініш;
  • Құжаттарды сақтауға арналған пластикалық папка.

VI қадам:
Студенттерді қабылдау және тіркеу бөліміне құжаттарды тану / нострификациялау үшін ХҚКО-ға тапсыруды растаудың көшірмесін тапсыру.

VII қадам:
ХҚКО-да дипломды тану / нострификациялау туралы куәлігін алып (3 айдай ғана уақыт кетеді), оның түпнұсқасын Студенттерді қабылдау және тіркеу бөліміне тапсыру.

Болон процесі және академиялық мобильділік орталығы 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша бекітілген білімі туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінің негізінде Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау рәсімі бойынша атқарушы орган болып табылады.

Болон процесі және академиялық мобильділік орталығының шешімі бойынша 2018 жылғы 5 ақпаннан бастап, студенттер құжаттарды нострификациялау/тану рәсіміне тек Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы ғана береді.

Болон процесі және академиялық мобильділік орталығының байланыстары

Құжаттарды тану және нострификациялау департаменті
Мекенжайы: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 28, №4 кеңсе
Телефон: +7(7172)287521
факс: +7(7172) 287536
Электрондық поштасы: cbpiam@mail.ru
Сайты: https://enic-kazakhstan.edu.kz

Сіз нострификациялау және тану, содан кейін оларды әрі қарай ХҚО беру рәсіміне құжаттарды дайындау үшін КИМЭП Университеті ұсынған келесі ұйымдардың қызметтерін пайдалануларыңызға болады:

Аударма бюролары және нотариустар
Достық даңғ., 85, офис 102, Достық даңғ. төмен «Трансавиа» турагенттігінен кейін
Телефон: +7 727 250 93 68, +7 747 7348252
Жұмыс сағаты: дүйсенбі-жұма 09.00-19.00, түскі ас 13.00-14.00, cенбі 10:00-15:00

Халық Банкі филиалы
Құрманғазы көш., 20, Пушкин көшесінің қиылысы
Телефон: +7 727 259 07 77, 261 56 13
Жұмыс сағаты: дүйсенбі-жұма 09.00-18.00, сенбі 9:00-14:00

Медеу ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы
Марков көшесі, 44, Тимирязев көш. қиылысы
Телефон: +7 (727) 330–98–14, 239–65–48
Жұмыс сағаты: дүйсенбі- сенбі: 09.00-20.00

– Апостиль – 1961 жылғы Гаага конвенциясының басқа қатысушы елінде (Қазақстанды қоса алғанда) құжатты жарамды ететін мөр.
– Заңдастыру – құжаттың жарамдылығын тану үшін және басқа елдің (апостильдеу жүйесі қабылданбаған елдерде) құқықтық жүйесімен толық заңды күшке ие болған оның түпнұсқалығы мен заңды күшін растау рәсімі.
– 1993 жылғы 22 қаңтардағы Минск Конвенциясына сәйкес ТМД елдерінде алған (Грузияны қоспағанда) білімі туралы құжаттар апостильденбейді және заңдастырылмайды.
– ЖОО/колледж/училище дипломына қосымшаларда міндетті түрде төмендегілер көрсетілуі керек:

  • Иегердің аты-жөні;
  • Диплом сериясы, нөмірі;
  • Өткен пәндер және практика бойынша сағаттар.

Сізде рәсім бойынша қосымша сұрақтар бар ма? Біз оларға жауап береміз.
Студенттерді тіркеу бөлімі

Айнұр Мұхамеджанова
Регистрация және клиенттермен жұмыс бойынша аға маманы
Алматы, Абай даңғ., 4, №
201 офис, 050010, Қазақстан
Тел./факс: +7 (727) 270 43 14 (3239)
Электрондық адресі:
ainur@kimep.kz