КИМЭП Университеті өткізетін емтихандар мен тест нәтижелерін тек КИМЭП-ке түсу мақсаты үшін ғана қолдануға болады және бір күнтізбелік жыл ішінде әрекет етеді.
Тесттерді екі рет тапсыруға болады.
Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.
Емтихандар мен тесттерді өткізу ережесін, мерзімін және форматын Академиялық мәселелер жөніндегі бөлім / Тест қызметін көрсету басшысы және кафедралар белгілейді.
Үлгілік ережелерде жазылған мерзімге сәйкес, журналистика саласындағы бакалавриат бағдарламасының талапкерлері үшін шығармашылық қабылдау емтиханы күні қосымша жарияланатын болады.
Тесттер кестесі және оларды тапсыруға тіркелу талапкер порталында қолжетімді болады. Ол үшін сізге онлайн өтінішті тапсыруға, студеннттік нөмірді алуға және сізге қажетті тесттерге тіркелуге керек болады. Тестілеуге тіркелу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық ОСЫ ЖЕРДЕН қолжетімді.
Магистрлер үшін онлайн сұхбаттасудан өту нұсқамасы
Ағылшын тілі деңгейін анықтау бойынша тест (КЕРТ)
KGET Емтихан кестесі
Журналистика талапкерлеріне арналған шығармашылық емтихандар кестесі
«Педагогикалық ғылымдар» білім саласы бойынша арнайы қабылдау емтиханы
Файлды жүктеп алу
Құрметті «Шетел тілі: екі шет тілі» бағдарламасына түсуші талапкерлер!ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 ж 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қабылдау ережелеріне сәйкес,
«Шетел тілі: екі шет тілі» бағдарламасына оқуға қабылдау арнаулы емтихан нәтижелерін ескеріп жүргізіледі.
ҚР білім және ғылым министрлігінің ұсыныстарын қолдана отырып, КИМЭП Университеті арнаулы емтиханды онлайн форматында өткізеді.
Арнаулы емтихан сипаттамасы
Талапкерлер қойылған сұрақтардың біреуіне жауап ретінде 300-400 сөзден тұратын дәлелді эссе жазуға талап етіледі.
Эссе үш бөліктен құрылуы керек:
Кіріспе
Осы бөлікте жауап беруге ниеттеліп отырған сұрақты мазмұндау қажет.
Негізгі бөлім
Бұл бөлік белгілі фактілерге негізделген, реттелген, логикалық байланысы бар делелдеме абзацтардан құрылуы керек.
Қорытынды
Бұл бөлік қозғалған мәселе мен оның негізгі түйіндерін тұжырымдау керек.
Офлайн режимінде емтихан тапсыру қадамдардың дәйектілігі:
- Талапкер порталыңызда авторизациядан өтіңіз: https://www.kimep.kz/ext/application/online/en-US/
- “FILL IN” батырмасын басып «INTERVIEW» секциясына кіріңіз
- Эссе арнаулы тағайындалған терезешеде жазылуы керек
- Эссені жазып болғаннан кейін, оны тексеру үшін жіберуге сіз дайын болған мезетте “SUBMIT” батырмасын басыңыз
- Эссе жазу нәтижелеру «PASS/FAIL» бағасы түрінде рәсімделеді де, Талапкер порталыңыздың «Admission status» секциясында немесе біздің веб-сайтымызда (https://kimep.kz/prospective-students/ru/admission/) көрсетіледі
Төменде Талапкер порталыңызда арнаулы емтиханның түрін көрсететін сурет берілген.
Студенттер қатарына қабылдау
Бағдарламаға қабылдану үшін мектеп / колледж бітіру туралы аттестат түпнұсқасын және ҰБТ сертификатын (бар болған жағдайда) КИМЭП Университетінің Қабылдау комиссиясына келесі жолдардың бірімен ұсынуға қажет болады:
- Құжаттар түпнұсқаларын КИМЭП Университеті Қабылдау комиссиясының пошталық мекен-жайына курьерлік пошта арқылы жіберу
050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы 4 (оф.107,103,103А)
КИМЭП Университетінің қабылдау комиссиясы, Уәлиханов ғимараты
- Құжаттарды Қабылдау комиссиясына жекеше әкеліп тапсыру – Уәлиханов ғимаратының № 103, 103 А, 107 офистері
КИМЭП Университетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» бағдарламасына ҰБТ-дан өткен ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері, яғни тестілеу нәтижелері бойынша 75 балдан кем емес, соның ішінде әрбір пән бойынша 5 балдан кем емес алған талапкерлер қабылданады.
Егер сұрақтарыңыз туындаса, Қабылдау Комиссияға хабарласыңыз!
Құрметпен,
КИМЭП Университетінің қабылдау комиссиясы
Телефондары: +7 (727) 270 42 13, +7 (727) 2704248
Моб: +7 707 170 42 13
Эл. мекен-жай: uao@kimep.kz; gao@kimep.kz
Жұмыс істеу уақыты: дүйсенбі — жұма, 8:30 — 18:00