evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
admission-non

ДӘРЕЖЕ ТАҒАЙЫНДАУСЫЗ ОҚУ

КИМЭП-те дәреже тағайындаусыз оқудың бірнеше нұсқасы бар: жоғары / жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасына келешекте түсу мақсатымен немесе түсу мақсатынсыз дәреже тағайындаусыз оқу, тыңдаушы студент ретінде оқу, халықаралық жазғы мектепке қатысу, студенттер алмасу бағдарламасына және орыс немесе қазақ тілдерін үйрену бағдарламасына қатысу. Барлық осы білім алушылардың категориясы өтілген пәндер бойынша КИМЭП университетіндегі оқу нәтижелерін көрсететін бітіргені туралы құжат алады, бірақ академиялық дәреже дипломын алмайды.

ДӘРЕЖЕ ТАҒАЙЫНДАУСЫЗ ОҚУ
Дәреже тағайындаусыз оқу (бакалавриат немесе магистратура деңгейінде) – дәреже алуды көздемей, жеке мақсаты үшін оқығысы келген кез келген адам пайдалана алатын білімдік опция. Таңдап алған пәндері бойынша оқуды бітірген кезде пәннің атауы, академиялық кредиттер саны және студенттің қорытынды бағаларын көрсетумен анықтама беріледі. Нәтижелі өтілген пәндер бакалавриат немесе магистратура бағдарламарына ауыстырылуы мүмкін. Дәреже тағайындаусыз оқитын студенттер ағылшын тілінің деңгейін көрсетулері қажет (тыңдаушы студенттер мен ExMBA бағдарламасының орыс тобының студенттерін қоспағанда).
ТЫҢДАУШЫ РЕТІНДЕ ОҚУ
Тыңдаушы студент –КИМЭП Университетінде жекелеген пәндерді өтуге мүдделілік танытқан адамдардың барлығына (21 жастан асқан) ұсынылатын дәреже тағайындаусыз оқу опциясы. Тыңдаушы студент мәртебесіне ие бола отырып, ол ағымдағы және қорытынды бағаларды немесе академиялық кредиттерді алмай пәнді өтуіне болады.

Диплом берместен оқу бағдарламасына түсу бағдарламасын жүктеңіз (бакалавр деңгейінде)

КИМЭП Университетіне дипломсыз магистратураға түсу бағдарламасын жүктеңіз (магистратурада)

КИМЭП Университетіне дипломсыз магистратураға түсу бағдарламасын жүктеңіз (докторантурада)

ТЫҢДАУШЫ РЕТІНДЕ ОҚУҒА ТҮСУ
Тыңдаушы – КИМЭП-те пәндерді тыңдауға мүдделілік танытқан 21 жастан асқан адамдардың барлығына ұсынылатын дәреже тағайындаусыз оқу нұсқасы. Тыңдаушы студент мәртебесіне ие бола отырып, ол ағымдағы және қорытынды бағаларды немесе академиялық кредиттерді алмай пәнді тыңдауына болады. Тыңдаушы студент мәртебесінде оқу үшін 1 кредит құны МВА бағдарламасындағы 1 кредит құнының 50%-ын құрайды.

Ересек оқушыға арналған бағдарламаны жүктеңіз (магистратура деңгейі)

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
Халықаралық жазғы мектеп бағдарламасын өтуге мүдделілік танытқан студенттер жалпы білімдік мақсаттағы пәндерге тіркеледі. Бұл студенттер тиісті бағдарламаға (бакалавриат, магистратура, дәреже тағайындаусыз оқу) түсуге тиісті рәсімнен өтпей жазғы мектеп бағдарламасын бітіргеннен кейін КИМЭП Университетінде оқуын жалғастыра алмайды.

АЛМАСУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ
КИМЭП Университеті мен шетелдік жоғары оқу орындарының арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, алмасу бағдарламасының студенттері іріктеуден өтіп, ынтымақтастық туралы келісімнің нақты шарттарына байланысты КИМЭП-те бір немесе екі семестр оқиды.
КИМЭП Университетінің Халықаралық академиялық ұтқырлық бөлімі студенттерді іріктеу рәсімі мен олардың кейін шетелдік жоо-ларда оқу шарттарын үйлестіреді.
Алмасу бағдарламасы бойынша қосымша ақпарат алу үшін келесі бөлімдермен хабарласыңыздар:

КИМЭП Университетінің алмасу бағдарламасы
Тел: +7 (727) 237-48-00 (ішкі нөмірі 1038)
Эл. адресі: incoming@kimep.kz

КИМЭП-те жыл бойғы негізде білімдік бағдарламаларға түсуге өтініш берудің ашық, айқын үдерісі әрекет етеді.
Талапкер белгіленген мерзімдерге сәйкес тиісті семестрге барлық қажетті құжаттарды қосымшасымен онлайн режимде түсуге өтініш беруі керек.Дәреже тағайындаусыз оқу үшін міндетті құжаттар:

  • Дәреже тағайындаусыз оқуға түсу үшін онлайн сауалнама. Онлайн өтінішті қалай беру керек?
      • – 300 ppi (дюймға пикселдер) рұқсатымен, 8 МП (мегапиксель) кем емес өлшемдегі, JPEG форматта, төменгі қысқартумен (жоғары сапа)
        – Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі
        – Өтілген пәндер туралы қосымшасымен алдыңғы білімі туралы құжаттың көшірмесі (тыңдаушы студенттер үшін міндетті құжат емес)

    Медициналық құжаттар

      • Шетелдік азаматтар үшін қосымша құжаттар:
          • —Банк шотынан үзінді көшірме (этникалық қазақтар үшін міндетті емес);
            —Сотталғандығы/сотталмағандығы туралы анықтама.
            Барлық құжаттар пакеті оларды тапсыру тәсіліне қарамастан бірдей қаралады.
          Толық емес құжаттар пакетін тапсыру өтінішті қарауды кешеуілдетуге немесе бас тартуға алып келуі мүмкін.

Ағылшын тілі КИМЭП Университетіне қабылданар алдында оқу тілі болып табылатындықтан студенттер ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтаулары қажет. Осылайша, ағылшын тілі деңгейін анықтау міндетті талап болып табылады. Бұл талап ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын жоо-лардан келген бакалавр, магистр немесе доктор дәрежесі бар (немесе олардың баламалары) түлектерге (дипломның түпнұсқасы, транскрипт және бұл университет оқуды ағылшын тілінде жүргізетіндігі туралы тиісті университеттен растама), сонымен қатар КИМЭП Университетінің түлектеріне, КИМЭП Университеті мен әріптес жоо-лардың арасындағы қос диплом бағдарламасының студенттеріне, EXMBA бағдарламасының орыс тобының студенттеріне қолданылмайды.
Ағылшын тілі деңгейін анықтау рәсімінен өтпеген студенттер оны бастапқы деңгейден (FEC C) бастап оқиды.
Талапкерлер ағылшын тілі деңгейін анықтау үшін ағылшын тілін меңгерудің кез келген келесі халықаралық сертификаттарын тапсыра алады:
• TOEFL (КИМЭП Университетінің коды– 2104)
• IELTS
• Cambridge English Examinations
• Ағылшын тілін білуге КИМЭП тесті (KEPT)Бакалавриат деңгейі үшін:

Level of English Foundation Course KEPT CEFR+ Academic IELTS TOEFL IBT TOEFL (computer) Duolingo
 

Academic English

 

80-100%

 

B2 mid

5.5 (not less than 5.0 in each section)  

70

193

(with no sub score below 25)

105 & above

(not less than 100 in each section)

 

UF A

 

51-79%

 

B1 mid

4.5 (not less than 4.0 in each section)  

57-69

163-192

(with no sub score below 17)

95-104

(not less than 90 in each section)

 

UF B

 

30-50%

 

A1+

3.5 (not less than 3.0 in each section)  

27-56

83-162

(with no sub score below 10

80-94

(not less than 75 in each section)

UF C < 30 % Beginner or

False Beginner

<3.0 <26 <82 79 & below

CEFR* – Common European Framework of Reference (Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті: оқу, үйрену, бағалау)Магистратура деңгейі үшін:

Level of English Foundation Course KEPT CEFR+ IELTS TOEFL IBT TOEFL

(computer)

Duolingo
 

Direct to program

 

60-100%

 

B2

5.0

(not less than

4. 5 in each section)

70

(with no sub score below 15)

193

(with no sub score below 25

105 & above

(not less than 100 in each section)

 

GEF A

 

50-59%

 

A2 –B1

4.5

(not less than

4.0 in each section)

41-69

(with no sub score below 10)

163-192

(with no sub score below 17)

95-104

(not less than 90 in each section)

 

GEF B

 

21-49%

 

A1+

3.5

(not less than

3.0 in each section)

27-40

(with no sub score below 7)

83-162

(with no sub score below 10)

80-94

(not less than 75 in each section)

 

GEF C

 

< 20 %

Beginner or False Beginner  

<3.0

 

<26

 

<82

 

79 & below

CEFR* – Common European Framework of Reference (Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті: оқу, үйрену, бағалау)