Өткізетін уақыты: 3-6 тамыз, Алматы қ.

КИМЭП Унивесритеті Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен және Winrock International жүзеге асыратын АҚШ халықаралық ынтымақтастық агенттігінің «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасымен бірігіп 2022 жылғы 3-6 тамыз аралығында Алматы (Қазақстан) қаласында өтетін «Төтенше жағдай кезіндегі адам құқығы» Жазғы мектебіне қатысушыларды қабылдауды жариялайды. Қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан және Тәжікстаннан заң факультетінің үшінші және төртінші курс студенттері шақырылады.
Жазғы мектеп келесі бағыттарды қамтиды:

  • төтенше жағдай кезіндегі адам құқықтары мен бостандықтары, олардың жіктелуі;
  • адам құқықтары мен бостандықтарының шекарасы концепциясы мен оларды шектеу, оны құқық қайнаркөздерінде бекіту;
  • төтенше жағдайдың құқықтық режимі, оның шегі мен заң үстемдігі;
  • негізгі тақырыптың түрлі бағыттары бойынша Жазғы мектеп қатысушыларының практикалық мини-жобалары және топпен жұмыс істеу.

Қалай қатысушы болуға болады?

Қатысуға өтініш беру үшін үміткерлер 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін КИМЭП Университетінің Жазғы мектеп үлестірушісі Рустам Атаджанов rustamatadjanov1@gmail.com электронды мекендайына «Жазғы мектепке қатысуға өтінім – аты-жөні, елі» белгісімен резюме және 500 сөзден аспайтын уәждеме хатын жіберу қажет. Басқа қаладан келген және шетелдік студенттердің тұрғылықты жер мен жол шығындарын ұйымдастырушылар өтейді. Іріктеуден өткен қатысушылар 2022 жылдың 13 шілдесіне дейін электронды поштасына хабалама алатын болады.