5451944598814008160

Академиялық жетістіктердің 35 жылдығына орай 35 білім беру гранты

Басқа оқу орындарынан ауысатын студенттерге арналған мерейтойлық арнайы мүмкіндік – 2027 жылғы көктемгі семестрі

КИМЭП Университеті өзінің 35 жылдық мерейтойына орай 2027 жылғы көктемгі семестрінде КИМЭП Университетіне ауысуды жоспарлап отырған Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының студенттеріне ерекше мүмкіндік ұсынады.

Осы айтулы мерейтойды атап өту мақсатында Университет «Академиялық жетістіктердің 35 жылдығына орай 35 білім беру гранты» бастамасын іске қосады. Бастама аясында 35 үздік студентке 2027 жылғы көктемгі семестріне 15 академиялық кредитке дейінгі оқу ақысының 100%-ын өтейтін семестрлік білім беру гранттары тағайындалады.

Егер сіз жаңа университеттік ортада білім алуды жалғастыруды жоспарласаңыз, университетіміз ұсынатын мүмкіндіктермен танысып, 2027 жылдың көктемгі семестрінде оқуға түсуге өтініш беруге шақырамыз.

КИМЭП Университетіне ауысуға ниетті, барлық талаптарға сәйкес келетін студенттер өтініш бере алады. Өтініш берушілер арасынан конкурстық іріктеу нәтижесінде ең үздік 35 үміткер таңдалып, оларға мерейтойлық арнайы білім беру гранттары тағайындалады.

Білім беру гранты нені қамтиды?

Іріктеуден өткен 35 студенттің әрқайсысына төмендегідей мүмкіндіктер ұсынылады:

  • 2027 жылғы көктемгі семестрінде КИМЭП Университетінде 15 академиялық кредитке дейінгі оқу ақысының 100%-ын өтеу.
  • Университеттің ауысу талаптарына, пәндердің қолжетімділігіне, қажетті алғышарттарға және академиялық қағидаларға сәйкес КИМЭП Университетінің білім беру бағдарламалары мен курстарына қол жеткізу мүмкіндігі.

Білім беру гранты тек 2027 жылғы көктемгі семестріне тағайындалады.

Назар аударыңыз: Білім беру гранты тек оқу ақысын қамтиды. КИМЭП Университетінде оқу барысында туындайтын жатақханада тұру, жол жүру, тамақтану, жеке қажеттіліктер және басқа да шығындар грант есебінен өтелмейді және студенттің өз қаражаты есебінен төленеді.

Кімдер өтініш бере алады?

Бұл бастама 2027 жылғы көктемгі семестрінде КИМЭП Университетіне ауысуға ниетті студенттерге арналған.

Мерейтойлық білім беру грантын алуға үміткерлер төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Қазақстан Республикасының танылған жоғары оқу орнында білім алып жүру (басқа жоғары оқу орнынан ауысуға үміткерлер үшін).
  2. Ағылшын тілінде білім беру бағдарламасы бойынша білім алуы немесе ағылшын тілін меңгерудің талап етілетін деңгейін растай алу.
  3. КИМЭП Университетінің ауысып келуші студенттерге қатысты тиісті қабылдау талаптарына сай болу.
  4. Оқуға деген жоғары ынтасын, академиялық жетістіктерін және КИМЭП Университетінде білімін жалғастыруға деген айқын ниетін көрсету.
  5. Өтініш қабылдау кезеңінде барлық қажетті өтініш пен растайтын құжаттарды толық көлемде тапсыру.

Үміткерлер, сондай-ақ өздері таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша белгіленген академиялық талаптар мен өзге де шарттарға сәйкес келуі тиіс.

35 білім беру гранты қалай тағайындалады?

Білім беру гранттары конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалады. Ауысу тәртібімен оқуға түсуге барлық талаптарға сай келетін үміткерлер өтініш бере алады, алайда мерейтойлық арнайы білім беру гранттары тек үздік 35 үміткерге беріледі.

Қойылатын талаптар және іріктеу критерийлері:

  1. Академиялық үлгерімі: Үміткерлердің оқу жетістіктері, оның ішінде орта мектептегі үлгерімі (орта білім туралы аттестаты мен ондағы бағалары негізінде), сондай-ақ жинақталған орташа үлгерім балы (GPA) және қолжетімді болған жағдайда, қазіргі жоғары оқу орнындағы академиялық үлгерімі ескеріледі.
  2. Қажетті құжаттар: Білім беру грантын алуға арналған онлайн-өтініш және барлық қажетті растаушы құжаттар, оның ішінде университетте білім беру ағылшын тілінде жүргізілетіндігін растайтын құжат, ресми академиялық транскрипт, бағалары көрсетілген орта білім туралы аттестат және ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын жарамды сертификат жатады.

Оқуға түсу талаптарына сәйкестік: КИМЭП Университетіне ауысу бойынша белгіленген тиісті қабылдау талаптарына сай болу.

Назар аударыңыз: Білім беру грантын алу оқуға қабылданудың міндетті шарты болып табылмайды. Барлық үміткерлер КИМЭП Университетіне ауысу тәртібімен оқуға қабылдану үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Білім беру грантын тағайындау және оқуға қабылдау туралы шешім жеке-жеке қабылданады. Білім беру грантын алу Университетке оқуға қабылдануға кепілдік бермейді.

Өтініш беру тәртібі

1-қадам. Білім беру грантын алуға арналған онлайн-өтінімді толтырыңыз

Үміткерлер білім беру грантын алуға арналған онлайн-өтінішті 2027 жылғы 16 желтоқсанға дейін толтырып, жіберуі тиіс. Өтініш қалдыру

2-қадам. Қажетті құжаттарды жүктеңіз

Үміткерлер білім беру грантын алуға арналған онлайн-өтініштің құрамында төмендегі растайтын құжаттарды жүктеуі тиіс:

  1. Ағылшын тілінде білім беретін жоғары оқу орны берген студент мәртебесін растайтын анықтама, онда үміткердің қазіргі уақытта осы жоғары оқу орнында білім алып жүргені көрсетілуі тиіс.
  2. Үміткер білім алып жатқан жоғары оқу орнынан берілген ресми академиялық транскрипт, онда аяқталған курстар мен алған бағалары көрсетілуі тиіс.
  3. Бағалары көрсетілген орта білім туралы аттестат.
  4. Ағылшын тілі деңгейін растайтын жарамды сертификат, ол төменде көрсетілген ең төменгі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
    • IELTS Academic: жалпы балл – 5.5, әрбір бөлім бойынша балл 5.0-ден төмен болмауы тиіс.
    • TOEFL iBT: жалпы балл – 3.5 (Reading – 3.5; Listening – 3.0; Speaking – 3.0; Writing – 3.0).
    • Duolingo English Test: жалпы балл – 95, әрбір қосымша көрсеткіш бойынша балл 90-нан төмен болмауы тиіс.

3-қадам. Білім беру гранттарын тағайындау

Талаптарға сәйкес келетін үміткерлер 35 мерейтойлық білім беру грантының бірін иелену үшін конкурстық іріктеуге қатысады.

4-қадам. Білім беру грантын тағайындау туралы шешімді алу

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлерге білім беру грантының тағайындалғаны туралы ресми хабарлама жіберіледі.

5-қадам. Ауысу тәртібімен оқуға қабылдану талаптарын орындау

Үміткерлер оқуға қабылдаудың барлық тиісті рәсімдерінен өтіп, университетке ауысу тәртібімен оқуға қабылдау талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Назар аударыңыз: Оқуға қабылдау туралы шешім қаржылық қолдау көрсету мәселелерінен тәуелсіз қабылданады. Білім беру грантының тағайындалуы үміткерлерді университеттің оқуға қабылдау талаптарын орындау міндетінен босатпайды.

Маңызды күндер – 2027 жылдың көктемгі семестрі

Кезең Күні
Өтініш қабылдау және білім беру гранттарын тағайындау бойынша іріктеу кезеңі 2026 ж. 16 қараша – 16 желтоқсан
Білім беру грантының тағайындалғанын растау 2026 ж. 23 желтоқсан
Оқуға қабылдау кезеңі 2026 ж. 26 желтоқсан – 2027 ж. 6-қаңтар
Пәндерге тіркелу 2027 ж. 10 қаңтар
Сабақтың басталуы 2027 ж. 11 қаңтар

Неліктен КИМЭП Университетін таңдау керек?

35 жыл бойы КИМЭП Университеті Қазақстандағы жоғары білімнің дамуына үлес қосып, түлектерін халықаралық ынтымақтастығы әрдайым кеңейіп жатқан ортада табысты мансап құруға дайындап келеді.

КИМЭП Университетінің студенті болу – сан алуан академиялық ортаға қосылу, ағылшын тілінде білім алу, отандық және шетелдік оқытушылармен бірге оқу, сондай-ақ жаңа академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге жол ашу деген сөз.

35 жылдық мерейтойға орай тағайындалатын білім беру гранттары – университеттің осы уақытқа дейінгі жетістіктерін атап өтудің және білім алу жолын келесі сатыға көтеруге дайын талантты студенттерді қолдаудың бір жолы.

КИМЭП-ТЕ СІЗДІ ЖАҢА БЕЛЕСТЕР КҮТЕДІ!

Басқа жоғары оқу орнынан ауысуды ойластырып жүрсіз бе? 2027 жылғы көктемгі семестр – бұл мақсатыңызды жүзеге асыруға берілген мүмкіндік.

Білім беру грантын алуға өтініш беріңіз, өз әлеуетіңізді көрсетіңіз және мерейтойлық арнайы білім беру грантына ие болатын үздік 35 студенттің бірі атаныңыз!

35 білім беру гранты. Академиялық жетістіктердің 35 жылы. КИМЭП-тегі ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫҢЫЗ!

Сізді КИМЭП Университетінде қуана қарсы аламыз!

 

Өтініш нысаны

Ауысатын студенттерге арналған 35 грант
2027 жылдың көктемгі семестрінде қазақстандық студенттер үшін 15 кредитке гранттар
Барлық деректер ағылшын тілінде терілуі тиіс

Деректеріңізді жеке басыңызды куәландыратын құжатта көрсетілгендей етіп енгізіңіз
Файл таңдалмады
Бір файлды таңдаңыз (PDF/DOC/DOCX макс 2 МБ)
Файл таңдалмады
Бір файлды таңдаңыз (PDF/DOC/DOCX макс 2 МБ)
Файл таңдалмады
Бір файлды таңдаңыз (PDF/DOC/DOCX макс 2 МБ)
Файл таңдалмады
Бір файлды таңдаңыз (PDF/DOC/DOCX макс 2 МБ)