08.06.2026
Ресми мәлімдеме
Студенттеріміздің қауіпсіздігі, әл-ауқаты және абыройы – Университеттің ең жоғары басымдықтарының бірі. КИМЭП студенттердің өтініштері мен шағымдарын, соның ішінде оқытушылардың іс-әрекетіне қатысты алаңдаушылықтарын тыңдау, қарау және шешу үшін бекітілген рәсімдер бойынша әрекет етеді. Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер кез келген мәселенің тиісті тәртіппен қаралуын қамтамасыз ету үшін Университеттің ресми арналарына жүгіну тиіс.
КИМЭП оқытушыларды іріктеу және жұмысқа қабылдау рәсімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Оқытушылы қызметіне ұсынылған өтінімдер алдымен іріктеу комиссиясы тарапынан қаралып, бағаланады. Комиссия үміткердің біліктілігі, өмірбаяны және ұсынылған құжаттары жан-жақты тексергеннен кейін Университет басшылығына ұсыныс береді. Іріктеу комиссиясының ұсынымы мақұлданғаннан кейін таңдалған үміткер қолданыстағы заңнама мен Университет талаптарына сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсыруға міндетті. Олардың қатарына дипломдардың расталуы және қажет болған жағдайда апостиль, соттылықтың жоқтығы туралы анықтама, ұсыным хаттар және тиісті жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар жатады. Бұл құжаттар еңбек шартына қол қойғанға дейін және қажет болған жағдайда виза рәсімдеу басталғанға дейін тексеріледі. Қазіргі уақытта Университет назарына ұсынылған ақпаратты қарастырып жатыр және оқу орнымыздың ішкі рәсімдеріне сәйкес қажетті қадамдарды анықтайтын болады.
Университет қазіргі және бұрынғы қызметкерлерге байланысты жекелеген еңбек қатынастарына, нақты кадрлық істерге немесе ішкі коммуникацияға қатысты түсініктеме бермейді. Сондай-ақ, КИМЭП тиісті тексеру жүргізілмейінше келтірілген немесе біреуге қатысты мәлімдемелердің дұрыстығына қатысты болжам жасамайды.
Ешбір студент, оқытушы немесе қызметкер адал ниетпен мәселе көтергені, сұрақ қойғаны, қолдау сұрағаны немесе Университет рәсіміне қатысқаны үшін қысымға немесе қудалауға ұшырамайды. Кек алу немесе жауап ретінде қысым көрсету әрекеттеріне тыйым салынады және оларға жол берілмейді.
КИМЭП барлық студенттер үшін қауіпсіз, сыйластыққа негізделген және қолдау көрсететін білім беру ортасын сақтауға деген ұстанымын жалғастырады.
Қосымша ақпарат үшін:
Маркетинг, коммуникациялар және қоғаммен байланыс бөлімі
marketing@kimep.kz



