28 мамыр күні Алматы қаласында KIMEP University жанындағы Bang College of Business (BCB) PRME Chapter Eurasia ұйымының тең төрағалық етуші мекемесі ретінде 2026 жылғы PRME Chapter Eurasia Annual General Meeting (AGM) іс-шарасын бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараға Еуразия өңірінің университет ректорлары, декандары, бизнес көшбасшылары мен тұрақты даму саласының сарапшылары, сондай-ақ UN Global Compact және Academy of Management ұйымдарының өкілдері қатысты.
Бағдарлама аясында PRME жетекшісі доктор Дэвид Стайнгард, BCB деканы доктор Нежат Чапар, Narxoz University президенті доктор Қанат Қожахмет, Narxoz Business School деканы доктор Гүлнара Күреңкеева және PRME Chapter Eurasia негізін қалаушы доктор Ассылбек Қожахметов құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараның маңызды бөлімдерінің бірі Орталық Азиядағы тұрақты даму мен UN Global Compact серіктестігіне арналған сессия болды. Сонымен қатар The Power of Arts-Based Pedagogies: Transforming Mindsets to Shape Our Future кітабының тұсаукесері өтті. Routledge PRME Book Series аясында жарық көрген бұл басылымға 17 елден 36 автор қатысқан, олардың қатарында BCB өкілі доктор Эльмира Боговиева да бар.
Сондай-ақ Academy of Management ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған жауапты менеджмент зерттеулеріне арналған интерактивті панельдік талқылау ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шараның жалғасы ретінде KIMEP University, Academy of Management және Narxoz University бірлесіп ұйымдастырған AOM Community Accelerator Program (CAP) Silk Road Workshop бағдарламасы өтті. Бағдарлама Еуразияның жетекші бизнес-мектеп өкілдерін ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу үшін біріктірді.










