evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
P1180380

«Қазақтелеком» АҚ серіктестігімен жаңа Executive MBA когортасының ашылу рәсімі

КИМЭП Университетінің бизнес факультетінің Басқарушы кадрларға арналған білім орталығы (БКБО) «Қазақтелеком» АҚ бірлесе отырып Executive MBA (Басқарушы кадрларға арналған іскерлік әкімшілік магистратурасы) бағдарламасының жаңа корпоративтік ағымының ашылғанын аса қуанышпен хабарлайды. Аталмыш ағым ұйымдарымыздың арасындағы жемісті серіктестік аясындағы үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр!

2024 жылғы 6 ақпан күні болған жаңа ағымның ашылу салтанатында КИМЭП Университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры д-р Дэмиен Ривьез, БКБО директоры Бақытгүл Түндікбаева, сонымен қатар “Қазақтелеком” АҚ операциялық тиімділік жөніндегі бас директоры Берік Битабаров мырза бағдарлама мен магистранттарға өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Шараға бизнес факультетінің профессор-оқытушы құрам өкілдері мен Executive MBA бағдарламасының академиялық кеңесінің мүшелері – д-р Лиза Рыбина, д-р Алма Әлпейісова мен д-р Мира Нұрмаханова қатысты. Сонымен қатар, жаңа магистранттар алдында өз презентацияларымен университеттің тіркеу бөлімінің және академиялық сапа мен институционалды зерттеулер бөлімінің басшылары сөз сөйледі.

Біздің жаңа магистранттарымызға сәтті оқу, кәсіби даму және көшбасшылық мүмкіндіктерінің барынша ашылуын тілейміз!

Ізгі ниетпен,
Сіздің Executive Education Center (БКБО)