evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
1 (1) (1)

Басқарушы кадрларға білім беру орталығы Жаңа Executive MBA – 32-ші ағылшын тілді ағымына арналған ашылу рәсімін өткізді.

22 қыркүйек күні Басқарушы кадрларға білім беру орталығы (БКБО) ресми түрде ЕМВА-дің «Е-14» тобын ашты. Салтанатты шара толық жөндеу жұмыстарынан өткен Уәлиханов ғимаратының соңғы үлгідегі №220 конференц-залында орын алды.

Жаңа ағым университетіміздің басшыларының, бизнес факультетінің, БКБО Қадағалаушы комитетінің мүшелерінің және білім алушыларды оқу барысында кәсіби қолдайтын әкімшілік бөлімдердің басшыларының жылы лебіздерімен қабылданды.

Жаңа ағымдағы магистранттар бизнестің түрлі салаларының өкілдері болып табылады және өнідірісте ауқымды тәжірибеге ие. Оларды КИМЭП-тің топ-менеджменті қарсы алды. Бірінші проректор д-р Тимоти Льюис Барнетт пен оқу ісі жөніндегі проректор, профессор Дэмиан Ривьез бір-бірімен білім алмасып, күрделі мәселелерді жанжақты қарастыру арқылы жаңа шешімдер табуға итермелейтін, өзара ажырамас байланыстағы жаһандық экономиканың күрделі, әрі белгісіз жағдайында өз күшіне сене білетін көшбасшыларды дайындаудағы КИМЭП-тің ЕМВА бағдарламасының аса маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Бизнес факультетінің деканы д-р Неджат Чапар және БКБО директоры Бақытгүл Түндікбаева жаңа оқу жылына аттаған білім алушыларды құттықтап, олардың білім жолында ашқан жаңалықтары мен қиыншылықтары міндетті түрде сәттілікке әкелетінін ашып айтты.

БКБО Қадағалау комитетінің мүшелері – д-р Лиза Рыбина (ББФ магистратура бағдарламалары жөніндегі декан орынбасары), д-р Мира Нұрмаханова (Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасының меңгерушісі), д-р Алма Альпеисова (Менеджмент және маркетинг кафедрасының меңгерушісі) магистранттарды барынша қолдап, университет пен оның оқу жүйесі жөнінде толық ақпарат берді.

Мерекелік шараның маңызды бөлігі ретінде КИМЭП бөлімдерінің басшыларының:  КИМЭП Тіркеу бөлімінің басшысы Увасиля Самуратованың, КИМЭП кітапханасының директоры орынбасары Елена Самуйлованың, Академиялық сапа және институционалды зерттеу бөлімінің директоры Айша Ахметбаеваның презентациялары болды. Ақпараттық сессия үздіксіз тіркеу процесі, университет қорларына шолу, ЕМВА магистранттары арасында институционалды сауалнама қалайша қабылданатынын талқылаудан тұрды.

Осыған қоса, шараны Маркетинг, коммуникациялар және қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлері жаңадан тағайындалған бөлім директоры Жамила Пактың басшылығымен кәсіби деңгейде қолдау көрсетіп, КИМЭП-тегі әрбір шараның барынша бүкіл елімізге таратылуын қамтамасыз етті.

Кездесу қорытындысында қатысушылар әсерлі әуенмен әрленген кешкі астан дәм татты.

Магистранттар осы демалыста ББФ оқытушысы, д-р Алимшан Файзуллаевпен алғашқы ЕМВА модулін бастады.

КИМЭП-тің БКБО-дағы ЕМВА өзіңіздің жеке және кәсіби даму жолындағы ең ұтымды инвестиция ғана болып қоймай, басқа бизнес көшбасшыларымен қарым-қатынас орнатып, өзіңіздің бизнес дағдыларыңызды шыңдауға мүмкіндік беретін бірден-бір  бағдарлама. Басқарушы кадрлар орталығының әрбір магистрлік ағымы оқу тәжірибесін барынша арттыруға бағытталған.

Биылғы ағым магистранттарының КИМЭП БКБО-дағы оқуының сәтті өтуіне тілектеспіз.

Басқарушы кадрларға арналған оқуды таңдаған барлық білім алушылар өз алдына ірі мақсат қойып, оған жетуде тапжылмас еңбек етуге тиіс. Қорытындысында бұл маңдай тер ірі жеңістерге әкелетіні сөзсіз.

 

КИМЭП EMBA бағдарламасына қосыл!

Ағылшын және орыс тілді ағымдарға қабылдау басталды!