evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
slider_2 (1)

“Әлемнің ең беделді ғалымдарының 2%” (World’s Top 2% Scientists) рейтингісіне КИМЭП Университетінің бухгалтерлік есеп және қаржы ассистант-профессоры, “Болашақ” бағдарламасының түлегі Нұрлан Оразалин кірді.

Әлемнің үздік ғалымдары тізімін 2022 жылғы 3 қарашада жарық көрген Elsevier ғылыми басылымының жарыққа шыққан мәліметтері негізінде Стэнфорд Университетінің сарапшылары жариялады.

 Мен әлемдегі ең көп сілтеме жасалған ғалымдардың ТОП 2%-ына енгізілгенін білгеніме қатты таң қалдым және қуандым. Бұл көп жылғы жүйелі жұмыстың жемісі. Менің ғылыми жарияланымдарымның тақырыптары – корпоративтік басқару, тұрақты даму, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, есеп пен қаржының өзекті мәселелері. Бір қуантарлығы, әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар менің ғылыми жарияланымдарыма сілтеме жасап, 160-қа жуық дәйексөздерге сілтеме жасалынған екен», – дейді доктор Нұрлан Оразалин.