evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
KIMEP_15_11_22 (30)

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек КИМЭП Университетінің президенті доктор Чан Йан Бэнгпен ашық кездесу өткізді.

2022 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек КИМЭП Университетіне арнайы іссапармен келді. Ашық кездесуге
университеттің студенттері, оқытушылары және әкімшілік құрамы қатысты.
Министр кездесу барысында КИМЭП университеті президенті доктор Чан Йан Бэнгке Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің алғыс хаты мен
құттықтауын табыстады.
Мемлекет басшысы құттықтауында доктор Чан Йан Бэнгтің Қазақстан ғылымы мен әлемдік білім кеңістігінің дамуына қосқан ғылыми-зерттеу қызметінің маңыздылығын ерекше атай
отырып, жоғары білім беру саласына қосқан жеке үлесімен көпжылдық жемісті еңбегі үшін арнайы алғысын білдірді.
Министр доктор Ч. Я. Бэнгтің бастамасымен Қазақстан мен Орталық Азия аумағында 30 жыл бұрын алғаш осындай батыс үлгісіндегі университет пайда болғандығын атап өтті. Осы 30 жылдың ішінде КИМЭП Университеті кішігірім ЖОО-нан әлемге танымал университет деңгейіне дейінгі күрделі жолдан абыройлы өтті.
ҚР ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек мырза жоғары білім және ғылымды дамыту жоспарларымен бөлісті. Қазақстан мен Орталық Азияда туудың жоғары
деңгейіне, сонымен қатар геосаяси жағдайға байланысты елімізде қазақстандық жоғары білімге деген үлкен сұраныс байқалып отырғандығын айтты. Бұл болашақта қазақстандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына зор мүмкіндіктер мен перспективаларға жол ашады. Нұрбек мырза бүгінгі жағдай біздің аймақтың әлем студенттерінің мобильділігі үшін тағы бір халықаралық білім алудың үлкен алаңына, білімдік-хабқа айналуына жақсы мүмкіндіктер тудырып отырғанын атап өтті.

Қосымша ақпарат үшін:

Мариза Сүгірәлиева,
Маркетинг, коммуникациялар және қоғаммен байланыс бөлімінің директоры
mariza@kimep.kz ; +7 727 270 44 77 ; +7 727 270 42 16 / ішкі 2024

Бақытгүл Түндікбаева,
Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Ассоциативті Декан
bakytgul@kimep.kz ; 237-48-00; 237-47-96 / ішкі 1034