evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
slider_book

Congratulations on the publication of the International Conflict and Security Law – A Research Handbook by Law School professors

Жанжалдар мен қауіпсіздік халықаралық құқығы туралы білуге керектінің барлығы бір жарияланымда

КИМЭП Университеті құқық мектебінің профессорлары «Жанжалдар мен қауіпсіздік халықаралық құқығы» тақырыбындағы зерттеу нұсқаулығын жариялады.
Кітап голландық TMC Asser Press баспасында жарық көріп, германиялық көпұлтты Springer баспа компаниясы атынан таралуда.

Бірлескен редакторлар алқасының құрамы:

  • Сергей Саяпин, бас редактор және құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры
  • Рустам Атаджанов — құқық мектебінің ассистант-профессоры
  • Николас Замбрана-Тевар — құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры

Зерттеу нұсқаулығы студенттер және зерттеушілер, ұлттық және халықаралық қазылар, әрі үкіметтер, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарға заңгерлік кеңес беретін кәсіпқойлар үшін пайдалы болады.

Нұсқаулықта келесі сұрақтарға жауаптар табуға болады:

  • Жанжалдар мен қауіпсіздік құқықғы мемлекеттер, халықаралық және ұлттық институттардың іс-тәжірибесінде қалайша қолданылады?
  • Жанжалдар мен қауіпсіздік құқық қағидаларын қолдануда қандай мәселелер бар?
  • Аталмыш қағидаларын бұзумен қандай халықаралық қылмыстар жасалуда?
  • Жанжалды жағдаяттардан қандай қортындылар жасап, қандай сабақ алуға болады?

Оқырмандарға негізгі әлемдік құқық жүйелерінің барлығын ұсынатын сарапшылардың әр түрлі көзқарастарымен танысуға мүмкіндік беріледі.