evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
DSC_0078

Central Asian Summer School “Human Rights in the State of Emergency” took place at KIMEP University from August 3 to 6.

Төтенше жағдай режимі дегеніміз не? Қандай халықаралық-құқықтық құралдарда төтенше жағдай кезінде адам
құқықтарын сақтау стандарттары бар?

Осы және басқа да көпетеген тақырыптар КИМЭП Университетінде 3-6 тамыз аралығында «Төтенше жағдай кезіндегі адам құқықтары» атты Орта Азиялық Жазғы мектеп барысында заң факультетінің профессорлары мен шақырылған құқық қорғаушылардың дәрістері барысында талқыланды.
20- дан астам оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, келесі тақырыптар бойынша студенттермен пікірталасқа қатысты:

  • Төтенше жағдайдағы адам құқықтары мен бостандықтары, олардың жіктелуі;
  • Адам құқықтары мен бостандықтарының шегі мен шектеулері концепциясы, оның құқық қайнаркөздерінде топтастырылуы;
  • Төтенше жағдайдың құқықтық режимі, оның шегі және заң үстемдігі;

Жазғы мектепке қатысу үшін заң жоо-лары мен факультеттерінің үздік студенттері іріктеліді, яғни берілген 60 өтініштің ішінен Қазақстан, Қарғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 18 студент таңдалды. Қатысушылар топпен жұмыс жасай отырып, ТЖ әртүрлі бағыттары бойынша практикалық жобаларын ұсынды

Жазғы мектептің негізгі спикері – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Азимова Эльвира Әбілқасымқызы «Төтенше жағдайдағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі» тақырыбында баяндама жасады.

«Студенттердің барлық жұмыстары қызықты болды. Студенттер кейсінде адам құқықтарын сақтаудың көптеген аспектілері көрініс тапты. Ұжымдық мүдделер, оның ішінде адамның құқықтары мен бостандықтары тұрғысынан үкіметтің әрекеттері үшін көптеген сценарийлер мен алгоритмдер әзірленді. Осындай формат барысында студенттер білім ала отыра, сыни ойлау қабілеттерін көрсете алады. Біз өзгеше пікірлерді тыңдау құрметіне ие болдық», – деп түсіндірді Эльвира Азимова.

Эльвира Әбілхасымқызы мұндай шараларды барлық санаттағы азаматтар, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғаушылар үшін өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Осы уақытқа дейін көптеген елдер төтенше жағдайлар мен оқиғаларды бастан кешірді. Төтенше жағдай – техногендік жағдай, соғыс жағдайы және тәртіпсіздіктер жағдайы. Төтенше жағдай кезінде халықтың денсаулығын, азық-түлік пен тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету алгоритмдерін мемлекет пен құқық қорғаушылар әзірлеуде. Біз бұған дайын болуымыз керек», – деп қосты Эльвира Әбілқасымқызы.

Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша Литош Даниил (КИМЭП-тің 3 курс студенті), Абылханов Бақдәулет (КАЗГЮУ университетінің 4 курс студенті) және Сағындықова Қылымай (Манас университетінің 4 курс студенті) жеңімпаз атанды.

Еске сала кетейік, Жазғы мектеп Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Winrock International жүзеге асырып отырған АҚШ халықаралық ынтымақтастық агенттігінің «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасы және ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі – Азимова Эльвира Әбілқасымқызының бастамашылығымен жүзеге асырылды.