evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
Slider EFMD

Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш EFMD аккредитациясы: Бэнг атындағы бизнес факультеті

Бэнг атындағы бизнес факультетінің қаржы бакалавриаты бағдарламасы Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш EFMD аккредитациясына ие болды! Менеджментті дамытудың еуропалық қоры (EFMD) бизнес-мектептерін халықаралық аккредитациялау саласындағы көшбасшы болып табылады.

Барбара Спорн, EFMD бағдарламаны аккредиттеу жөніндегі директоры, соңғы жетістігіміз жөнінде келесі пікірін қалдырды: «Құттықтаймын! EFMD аккредиттелген қоғамында жаңа бағдарламаның пайда боғанына қуаныштымыз және бұдан былайғы ынтымақтастығымыз жемісті жалғасады деп үміттенемін».

EFMD аккредитациясының арқасында КИМЭП Университеті мен аймақтық  іскерлік білім беру қауымдастығы алдында халықаралық деңгейдегі жаңа мүмкіндіктер ашылады. Аккредиттелген мүшелер қатарында – әлем бойынша 106 университет.

Бэнг атындағы бизнес факультеті 1999 жылы құрылып, осы күнге дейін аймақтағы беделі өте жоғары дәрежеге ие. Факультет бизнес және басқару саласында бағдарламалар ұсынады және өз ісіне берілген, қоғам мен бизнесте жетекші орындарға ие кәсіпқойларды дайындап, осылайша аймақтың жарқын болашағын қалайды.

Осы жетістік жөнінде пікір білдіре отырып, Бизнес факультеті деканының қызметін атқарушы д-р Неджат Чапар былай дейді: «КИМЭП Университетінің қаржы бакалавриаты бағдарламасы EFMD аккредитациясын алғанын мақтан тұтамыз. КИМЭП Университеті Қазақстан мен Орталық Азиядағы аккредиттелген тұңғыш және жалғыз ұйым болып танылды. 30 жыл бұрын негізі қалған КИМЭП Университеті әрқашан Қазақстан мен осы аймақтағы іскерлік білім беру саласының көшбасшысы болуда. Бұның барлығы университет президенті д-р Бэнгтің көрегендігі мен бастамашылығының арқасында деп білемін. EFMD аккредитациясы таңдалған даму жолының дұрыс сарында келе жатқанының дәлелі. Бағдарламаларды жетілдіру ісін және сапалы білімді қамтамасыз етуді әрі қарай жалғастырамыз».