evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
c96ba72911ae2fcd73be9f686f42df6

КИМЭП университеті мен Қытай азаматтық құрылыс пен инженерияк корпорациясының Қазақстандық филиалы өзара түсіністік туралы меморандумға қолдарын қойды

2021 жылғы 5 қазанда КИМЭП Университеті мен Қытай азаматтық құрылыс пен инженерия корпорациясы (CCECC) өз серіктестігін кеңейтіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестік КИМЭП Университеті қауымдастығына алуан түрлі мүмкіндіктер беруге бағытталған. Студенттер осы әйгілі компанияда өндірістік практикалардан және тағылымдамалардан өте алады, ал түлектер жұмысқа кеңейтілген мүмкіндіктерге ие болады.

КИМЭП оқытушылары CCECC қызметкерлеріне кәсіби біліктілік арттыру бойынша түрлі тренингтер өткізеді.

Бұрын темір жол министрлігінің сыртқы көмек бюросы деп аталатын мен Қытай азаматтық құрылыс пен инженерияк корпорациясы 1979 жылы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мақұлдауымен құрылды және 2003 ж стратегиялық қайта топтастыру мақсатымен Мемлекеттік активтерді бақылау және басқару жөніндегі комиссияның мақұлдауымен Қытай теміржол құрылыс корпорациясымен (CRCC) біріктірілді. Халықаралық нарыққа шығатын жаңартпашы қытайлық компаниялардың бірі ретінде CCECC қазіргі уақытта Қытай ұлттық теміржол жобалау саласындағы ең жоғары біліктілік дәрежесіне ие ірі мемлекеттік кәсіпорынға айналды және қатарынан көптеген жылдар бойы әлемнің 225 үздік халықаралық мердігерлерінің тізіміне кіріп отыр. 2016 жылдың аяғында CCECC Азия, Еуропа, Африка, Америка мен Океания аймақтарын қамтитын 89 елде өкілдіктер мен жобаларды басқару филиалдарын ашты. Компанияның бизнесіне жобалық мердігерлік, азаматтық инженерияда жобалау мен кеңес беру, өнеркәсіптік парктарды жобалау, құру және пайдалану, жылжымайтын мүлікті салу және басқару, инвестициялар, теміржолдары пайдалану, өнеркәсіптік өндіріс, импорт, экспорт, қонақүй менеджменті, турситік қызметтер және тағы басқалары кіреді.