evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
poster_2

Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері ҚР СІМ-дегі жазғы кәсіби практикасы жөнінде

2021 жылдың маусым-шілде айларында КИМЭП Университетінің «Халықаралық қатынастар», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Халықаралық құқық» мамандықтарының 15 бакалавр студенті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жазғы кәсіби практикадан өтті. Әрине, бұл кәсіби тәжірибенің дамуына зор үлесін қосады, алайда, студенттердің өздерін тыңдап көрейік:

Арман Молдағұлов, «Халықаралық қатынастар» бағдарламасы: СІМ практикасы өзімнің теориялық білімімді шынайы өмірде қолдану мүмкіндігін берді. Практиканың арқасында мен министрліктің үш департаментінде қатынастар орнатып, олардың қызметі мен ішкі құрылымдарымен танысып, пікірлес адамдардың арасында өте қызықты уақыт өткіздім. Осы практикадан ең басты үйренгенім – бұл өз мансабымды дипломатия мен саясат саласында құрғым келетіндігімді түсінуім.

Дінмұхамед Нұртаев, «Халықаралық қатынастар» бағдарламасы: Мен ҚР СІМ-інде тағылымдамадан өтуші ретінде екі ай өткіздім және осы уақыт аралығында өз мамандығым бойынша бағаланбас тәжірибе алдым. Практика барысында халықаралық қатынастар мен ұжымда жұмыс істеу саласында көп білім алдым. Маған өте қызық болды. Дипломаттарға, консулдарға хаттар,  дипломатиялық ноталар, келісімдер мен т.б. ресми құжаттар туралы  көп нәрсе білдім. Мен СІМ қызметкері болу  қандай екендігін түсіндім. Жалпы айтқанда, халықаралық қатынастар факультетінің студенті ретінде бұл менің болашағыма септігін тигізетін керемет тәжірибе деп санаймын. Осы орайда берілген мүмкіндік үшін өз университетіме ризашылығымды білдіремін.

Олжас Сүлейменов, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бағдарламасы: ҚР СІМ-де үлкен кәсіби және өмірлік тәжірибесі мол мамандармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі бар. Маған СІМ бойынша әріптестеріммен ұзақ мерзімді қатынаста болу бақыты бұйырды. Оған қоса, маған СІМ-де қызмет барысында қажетті қасиеттер туралы түсіндіріп берді. Бұл менің болашақ мансабыма тереңірек үңілу мүмкіндігін ашты.

Шыңғыс Әмірхан, «Халықаралық қатынастар» бағдарламасы: СІМ-дегі практика өте қызықты және білімге толы болды, өйткені бірінші күннен бастап сен дипломатиялық қызмметтің қызу жұмысына дәл түсесің. Ұжым керемет жылышырайлық танытып, жұмыс мәнін, департамент құрылымын, құжаттар жүйесінің қағидаларын түсіндіріп отырды. Хаттар жазып, оларды аудару, түрлі презентацияларға құжаттарды дайындау өте қызық болды. СІМ-дегі практика тек жағымды әсер қалдырды және менің болашақта осы қызметпен айналысқым келетіндігін түсіну үшін таптырмас тәжірибе берді.

Практика қалыпты форматта өтті және қатаң санитарлық нормаларды сақтау арқасында практика барысында студенттердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

КИМЭП Университеті ҚР Сыртқы істер министрлігіне берілген мүмкіндік үшін өз ризашылығын білдіреді және әріптестігіміз бұдан әрі жалғасын табады деп үміттенеді.