evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
Open House Day Slider

Ашық Есік Күні – 2020 ж 26 қараша 15.00-18.00

15:10-15:30 | 15:50-16:10

«Бакалавриат бағдарламаларына түсу ережелері»
Бұл ақпараттық сессияда Сіз КИМЭП бакалавриат бағдарламаларына қалай түсу керектігі туралы біліп, өзіңіздің сұрақтарыңызға жауап алатын боласыз!

15:30-15:50 | 16:10 – 16:30

«Бакалавриат бағдарламаларына түсу ережелері»
Бұл ақпараттық сессияда Сіз КИМЭП магистратура бағдарламаларына қалай түсу керектігі туралы білетін боласыз

15:10-15:30 | 15:50-16:10

«Дайындық курстары: КИМЭП-ке және басқа шетелдік ЖОО-ларға түсуге дайындаламыз»
Дайындық курстар бағдарламасының өкілдері сіздерге КИМЭП Университетіне оқуға түсу үшін дайындалу мүмкіндіктері, шетелдік жоо-ларға түсу үшін халықаралық тестерді тапысру және .б. туралы баяндап береді.

15:30-15:50 | 16:10 – 16:30

«Жұмысқа орналасу және мансаптық өсу»
Түлектеріміздің қызмет істеу негізгі салалары – ең үздік қазақстандық және шетелдік қаржы және аудиторлық компаниялар, сату индустриясы, банк ісі, мұнай өндіру саласы, жылжымайтын мүлік, мемлекеттік және үкіметтік емес секторлар, т.с.с. Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының өкілдері сіздерге студенттеріміз бен түлектерімізге кәсіби практикадан өту мен жұмысқа орналасу бағытында қандай көмек көрсетілетіні туралы баяндап береді.

15:10-15:30 | 15:50-16:10

«КИМЭП Университетіндегі білім алу тәжірибесі»
Студенттеріміз бен оқытушыларымыздың академиялық мобильділігін дамыту – университетіміздің даму басымдылығының бірі болып табылады. Қазіргі таңда КИМЭП Университеті студенттер мен оқытушыларға халықаралық тәжірибесін алуға мүмкіндіктерді беруге көздейтін серіктестік келісімдерінің саны бойынша көшбасшы позицияларға ие. Халықаралық қатынастар бөлімінің маманы сіздерге студенттік алмасу және шетелде оқу бағдарламалары, әлемнің көшбасшы ЖОО-ларымен бірге жүргізілетін қос диплом бағдарламалары және студенттерімізге халықаралық білім тәжірибесін алуды көздейтін басқа да мүмкіндіктері туралы айтып береді.

15:30-15:50 | 16:10 – 16:30

«КИМЭП – студенттердің көздерімен»
Жауап алуды талап ететін басқа сұрақтарыңыз қалды ма? Біздің студенттеріміз сізбен кездесіп, сұрақтарыңыздың барлығына достастық ахуалда жауап беруге дайын!

16:30-16:50 | 17:10-17:30

Әлеуметтік ғылымдар факультеті
Бағдарлама қызметкерлері сіздерге келесі бағдарламаларында оқудың барлық ерекшеліктері туралы айтып береді:
• Халықаралық қатынастар
• Мемлекеттік және жергілікті басқару
• БАҚ және коммуникациялар
• Экономика

16:50-17:10 | 17:30-17:50

Бэнг атындағы бизнес факультеті
Бағдарлама қызметкерлері сіздерге келесі бағдарламаларында оқудың барлық ерекшеліктері туралы айтып береді:
• Менеджмент
• Бухгалтерлік есеп және аудит
• Қаржы
• Маркетинг
• Бизнестегі ақпараттық жүйелер

16:30-16:50 | 17:10-17:30

Құқық факультеті
Бағдарлама қызметкерлері сіздерге келесі бағдарламаларында оқудың барлық ерекшеліктері туралы айтып береді:
• Құқықтану
• Халықаралық құқық

16:50-17:10 | 17:30-17:50

Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультеті
Бағдарлама қызметкерлері сіздерге келесі бағдарламаларында оқудың барлық ерекшеліктері туралы айтып береді:
• Аударма ісі және коммуникациялар
• Шетел тілдері: екі шет тілі
• Когнитивтік ғылымдар