evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
3d89e0d4-0309-430d-83df-02bb867b141f

Деканмен бірге кофе

2020 жылғы қазан айының соңында, күзгі демалыс біткеннен кейін бірден, әлеуметтік ғылымдар факультетінің әкімшілігі осы оқу жылындағы факультет студенттері, декан мен әкімшілік арасындағы тікелей сұхбаттасу мақсатымен ZOOM эфиріндегі «Деканмен бірге кофе» атты алғашқы онлайн шарасын өткізбекші болды.

Шараның форматымен «тірілей» қарым-қатынас көзделді, және шараға ерекше билет ретінде кездесуге қатысушының қолындағы кофе немесе шай шыныаяғы болып саналды. Қарым-қатынас жанды болып, студенттер әртүрлі сұрақтар қойды, сұрақтардың көпшілігі көктемгі семестрдегі оқу процесін ұйымдастыру, бұрыңғы тәртіпте оқудың мүкіндіктері және ұсынылатын пәндерге қатысты болды. Бейресми түріндегі сұрақтар да қойылды – мысалы, факультет деканы д-р Пектің өз университетінде оқу жылдары ішінде студенттік ұйымдар қызметіне қатысуы туралы.

20-дан астам сұрақтар қойылды, олардың барлығына декан егжей-тегжейлі жауаптар берді. Осы шара қатысқан тараптардың барлығыны қызықты әрі пайдалы болып өткенге байланысты, осындай қарым-қатынас форматын тұрақты негізге айналдыру туралы шешім қабылданды.

c560ecb6-a9cf-4d8b-8234-3489e971a9f7