evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
Slider digital citizenship

Digital Citizenship Hackathon Landing Pages

Бэнг атындағы бизнес факультетінің Кәсіпкерлік пен инновация орталығы «Цифрлы азаматтық» хакатонға шақырады. Хакатонның ұйымдастырушылар: ЦАРКА мен Молодежная информационная служба Казахстана, Soros Foundation – KazakhstanThe SecDev Foundation және Kaspersky қолдауымен.

Жобаға қатысуға IT-мамандар мен құқық қорғаушылар, дәрігерлер, студенттер, бизнес және жастар ұйымдарының қызметкерлері, бастамашыл топтар мен белсенділер, сондай-ақ адам саны 3-тен 5-ке дейінгі fullstack-командалар шақырылады.

Идеялар келесі бағыттар бойынша қабылданады:

📌 Азаматтардың цифрлық ат салысуын кеңейту:
✔️ Мемлекеттік органдар жүргізіп отырған цифрлық деректер мен статистикаға қолжетімділікті, талдауды, объективті өңдеуді және олардың кеңінен таралуын жақсартуға арналған шешімдер мен бастамалар;
✔️ Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін және инновациялық цифрлық бастамалар арқылы азаматтармен өзара қарым-қатынасты арттыру;
✔️ Өмірлік маңызы бар: дәріханаларда дәрі-дәрмектердің болуы, ресми емдеу хаттамалары, еріктілер ұйымдары және олардың қызметі, гуманитарлық көмектің бөлінуі, сондай-ақ медициналық мекемелердің болуы және орналасқан жері туралы расталған ақпаратқа цифрлық қол жеткізу;

📌 Цифрлық дағдылар саласындағы бастамалар:
✔️ Қазақстандықтар арасында цифрлық қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар болу мен базалық білімді арттыруға арналған техникалық шешімдер немесе науқандар;
✔️ Интернеттегі жалған ақпарат қауіптерін анықтауға және олармен жұмыс істей білуге баса назар аудара отырып, азаматтардың медиасауаттылығын арттыру;

⁉️ Қалай қатысуға болады:
☑️ Идеяңызды жобаға рәсімдеңіз
☑️ https://digitalcitizenship.kz/ сайтындағы арнайы өтінім беру нысанды толтырыңыз
☑️ Байқауды ұйымдастырушылардың байланысуын күтіңіз.

Іс-шара онлайн форматта өтеді
📌 Конкурсты өткізу күндері:
✔️ Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 26 тамызынан 18 қыркүйегіне дейін
✔️ Қазылар алқасы 22 қыркүйекке дейін барлық жұмыстармен танысады да, 50 жобаны таңдап алады. Олардың авторлары хакатонға қатысады.
✔️ Хакатон – 28-30 қыркүйекте
✔️ Жобалардың таныстырылымы мен BootCamp-қа командаларды іріктеу – 1 қазанда
✔️ BootCamp – 12-15 қазан аралығында
✔️ Жұмыстардың қазылар алқасы алдындағы қорытынды таныстырылымы мен жеңімпаздарды іріктеп алу – 16 қазанда
📌 Жалпы гранттық қор 20 млн теңгені құрайды. Аталмыш сома ең үздік идеяларды ұсынған бірнеше командалардың арасында бөлінеді.

Іс-шара ОРЫС ТІЛІНДЕ өткізіледі.

Хакатонның сайты:  https://digitalcitizenship.kz/