evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
Slider-BCB-04-06

Менеджмент магистрі

Бір жылдық бағдарлама – менеджмент магистратурасына қош келдіңіздер!

КИМЭП Университетінің бизнес факультетіндегі «Менеджмент магистрі» бағдарламасы оны бітірген түлектер үшін теориялық концепциялар мен практикалық білімге негізделген басқарудың заманауи әдістерін игеру мақсатында құрылған. Бағдарламаны меңгергеннен кейін сіз сәтті және жоғарызияттық менеджер ретінде мансабыңыздың ілгері жылжуы үшін маңызды дағдыларға ие боласыз.

Бағдарлама мақсаты

«Менеджмент магистрі» бағдарлмасының негізгі мақсаттары:

  • Білім алушылардың аналитикалық, қиындықтарды шешу және көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру мен оны күшейту арқылы менеджмент теориясы мен практикасын дамыту және жетілдіру;
  • Менеджмент, шешім қабылдау және қызметкерлерді басқару салаларында алдыңғы қатарлы білімді ұсыну;
  • Ұйымдарды тиімді басқара алатын және оларды Қазақстан мен шетелде сәтті реформалай алатын көшбасшыларды дайындау; сонымен қатар
  • Тиісті этика мен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, бүгінгі таңдағы қарқынды және бәсекелі әлемдік нарықтың мәселелерін шеше алатын жоғары дәрежелі кәсіпқойлар мен бизнес көшбасшыларын дайындау.

Бағдарламаның бірегей сипаттамалары

Менеджмент магистратурасы үздік әлемдік жоо-дан кейінгі менеджмент бағдарламаларымен тең болатын инновациялық және озық оқу бағдарламасын ұсынады. Бағдарлманың бірегей сипаттамасына кіретіндер:

  • Менеджменттің барлық қырлары кіретін магистратура деңгейіндегі пәндерден тұратын бағдарламаның кешенді мазмұны
  • Нақты мансаптық мақсаттарға сай келетін элективті пәндерді таңдау арқылы оқуды дараландыру мүмкіндігі
  • Жаһандық байланыстар, халықаралық профессорлар-оқытушылар құрамы мен білім алушылар контингенті
  • Жұмыстан бас тартпау мүмкіндігін беретін кешкі уақыттағы сабақ кестесі
  • Сәйкес жетекшілікпен практика мен тағылымдамадан өту аясында кәсіпорындарда практикалық тәжірибе жинау
  • Магистрлік диссертация жазу барысында өзіңіздің зерттеушілік және аналититкалық дағдыларыңызды жетілдіру
  • Журналдарда басылып шығу, баяндамамен шығу және конференцияларда презентациялар жасау үшін академиялық жұмыстарды кәсіби жазу дағдысын дамыту.
  • Қаржылық қолдау мен гранттарға ие болу мүмкіндігі
  • 12 ай ішінде бағдарламаны аяқтау мүмкіндігі
  • Бакалавриатта өткен бірқатар пәндерді аудару/есепке алу.

Оқу мерзімі

Менеджмент магистратурасы қабылдау ағымында оқыту жүйесі бойынша әрекет етеді және бір жылға есептелген. Оқуды күзгі семестрден бастауға кеңес береміз, бірақ көктемгі семестрде оқуға түсу қошеметтенеді.

Оқыту тілі – ағылшын тілі, сабақтар кешкі уақытта өткізіледі. Бағдарлама мерзімі – екі семестр, яғни бағдарламаны 12 айда бітіруге болады.

Бағдарлама оқытушылары

Бағдарлама пәндерін халықаралық стандарттарға сай ең жоғары кәсіптік және / немесе академиялық біліктілігі бар шетелдік және отандық кәсіпқойлар жүргізеді. Қазақстанда және оның аумағынан тыс жұмыс істейтін ірі жергілікті және халықаралық компанияларда жемісті мансапқа басқарушы кадрлар мен маркетологтарды дайындауда оқытушыларымыздың зор тәжірибесі бар.