evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
global-0

Халықаралық стандарт бойынша заманауи білім беру практикасы: КИМЭП Университеті тәжірибесі

2020 жылғы 20-21 ақпан аралығында КИМЭП Университеті Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін «БІЛІМ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ҒАЛАМДЫҚ СТАНДАРТТАР: КИМЭП УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МОДЕЛІ» атты республикалық ауқымдағы екі күндік семинарды үлкен жетістікпен өткізді. Бұл семинар жоғары оқу орындарының басшылық құрамына, академиялық және әдістемелік бөлімдердің басшыларына және Қазақстандағы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге арналған.

5

Семинарға Қазақстан Республикасының 17 өңірінен 50 жоғары оқу орнының 130 өкілі белсенді түрде қатысты. Ашық және ақпараттық сессиялар арқылы бірлескен және стратегиялық жұмыс жүргізу үшін еліміздің жоғары білім беру саласындағы шешім қабылдаушы тұлғалардың маңызды құрамын қалыптастыруда семинар маңызды рөл атқарды. Баяндамашылар семинарға қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша КИМЭП Университетіндегі оқу тәжірибесінің моделін көрсетті: академиялық каталог, КИМЭП Университетінің мысалында силлабустар әзірлеу, негізгі және қосымша маманданулар: құзыреттер мен пререквизиттер жүйесі, академиялық бағдарламаларды әзірлеудегі жұмыс берушілердің рөлі, КИМЭП Университеті жанындағы консультациялық кеңестері мысалында, магистратура мен докторантурадағы зерттеу компоненті, студенттерге бағытталған университет – КИМЭП моделі: Тіркеу бөлімінің онлайн жүйесі, Академиялық қолдау бөлімінің онлайн жүйесі, ерте ескерту жүйесі, тәлімгерлік, университет студенттеріне жобалық оқыту және т.б.

global-3

Семинарға қатысушылар осы шараның жоғары кәсіби ұйымдастыруды атап өтті, бұл Ұйымдастыру комитетінің университеттің барлық кафедра және департаменттарымен және осы маңызды шараны дайындауға қатысқан студенттік еріктілермен бірлескен жұмысының нәтижесі болды.

global-2

Іс-шара таяу болашақта білім беру саласын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірлеу үшін тамаша бастама болды. ЖОО-лардың нақты сұраныстарына жауап ретінде КИМЭП Университеті жаңа білім беру ұсыныстарын әзірлемек, олар жоғары білім беру саласындағы үдерістер мен мазмұнға қатысты анықталған кейбір мәселелерді шешуге көмектеседі.

global-4

global-1

2

4

6

9

10

12

13

14

15

16

18