evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
Tel (1)

Әлеуметтік ғылымдар факультетінің кәсіби практикасы туралы алғашқы семинар: студенттердің жеке тәжірибелері

2020 жылғы 5 ақпан күні әлеуметтік ғылымдар факультетінде әріптес ұйымдар мен компанияларда кәсіптік қызметтің алғашқы негіздерін игеруге мүмкіндік беретін Студенттерге арналған практикалар жөнінде семинар өтті.

Студенттерге КИМЭП-те білім алу аясында кредиттік академиялық және кәсіптік практиканың негізгі ережелері мен тәртібі түсіндіріліді.

Тәжірибесі мол студенттер кредттік практиканы өту жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Бірінші үш презентацияны «Экономика» мамандығының студенттері жасады.

Мәлика Имантаева 2019 жылғы сәуір-маусым айлыранда ҚР Ұлттық Банкісінде өткен практикасы туралы, мемлекеттік қаржылық құрылымда жұмыс істеу ерекшеліктері туралы, оған қоса қатаң тәртіп, дресс-код және жас экономист ретінде жұмыс істеудің қызықты ерекшелігі туралы сөз қозғады.

КИМЭП-тің «Экономика» бағдарламасының жаңа түлегі Жібек Дәуленова 2019 жылдың күзінде Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының коммерциялық қызметінде өткен практикасы туралы, сонымен қатар халықаралық ортада тәжірибесі жоқ мамандардың алдынан шығатын қиыншылықтар мен олардан өту жолдары туралы әңгімелеп берді.

Камилла Ахметова Қазақстандағы Бельгия Корольдығы Елшілігінің сауда бөлімінде өткен практикасы туралы айта келе, орындауға тура келген жұмыс көлемі мен еуропалық дипломатиялық бөлімде жұмыс істеу ерекшеліктеріне назар аударды.

Альбина Мұқашева, КИМЭП «Мемлекеттік және жергілікті басқару» магистратурасы бағдарламасының студенті 2019 жылғы күзде «Білім- Орталық Азия» білім орталығында тағылымдамадан өту туралы сөз қозғады. Оның практикасының ең қызықты бөлігі болған шетелдік магистратура бағдарламаларына Орталық Азия студенттерін іріктеу жөніндегі жобаға қатысу және кәсіптік ортаға сәтті сіңіп кету үшін «әмбебап дағдыларға» ие болу артықшылықтары туралы айтып берді.

Жания Әділ, «Халықаралық қатынастар» бағдарламасының студенті БҰҰ құрылымына кіретін ЮНИСЕФ Балалар қорында өткен практикасынан алған әсерлерімен бөлісті. Жания қатаң конкусртық іріктеуден өтіп, оған оның қоғамдық өмірдегі жетістіктері, волонтерлық қызметі мен Эразмус+ стипендиясы арқылы Глазго Университетінде (Ұлыбритания) академиялық мобильділік семестрін өтуі бағдарлама тағылымгері болуына көмектескендігін атап өтті.

Семинар қатысушыларының пікірлеріне сенсек, аталмыш форматтағы ақпаратты жеткізу олар үшін өте пайдалы болды және көптеген студенттер тәжірибелі ізашарлардың пікірлеріне негізделе отырып және әлеуметтік ғылымдар факультетінің әкімшілігінің көмегімен  өздерінің кредиттік практикаларын жоспралайды.

Жамиля Утарбаева